1 Тақырып. Болмыс. Онтология және метафизика. Онтология



бет2/4
Дата19.04.2023
өлшемі22,74 Kb.
#84228
1   2   3   4
Материя – әлемді толтырып тұрған объективті шынайылық. Материя болған, қазір де бар, жойылып кетпейді, бұдан былай да бола береді. Ол тек бір түрден екінші түрге айналады. 
Материя үнемі қозғалыста болады. Қозғалыс – материяның өмір сүру формасы. Кез келген қозғалыс өзгеріске бастап апарады. Кез келген өзгеріс дамуды білдіреді. 
Қозғалыс сырттай және іштей көрініс береді. Сырттай қозғалыс формасына серіктердің планетаны, планеталардың жұлдызды (күнді), жұлдыздың, бүкіләлемдік тартылыс заңы бойынша, галактикадағы өзге жұлдыздармен бірге қозғалуын және бұлардың бәрінің өз осінде айналуын келтіруге болады. Іштей қозғалысқа кез келген нәрсенің молекуласы болатынын, молекуланың атомдардан тұратынын, атомдардың ядросы болатынын, ядроның айналасында электондардың қозғалып жүретінін мысалға келтіруге болады.

Қозғалыстың негізгі түрлері мыналар:

Механикалық қозғалыс кез келген нәрсенің, жанды организмдердің өзге бір объектімен салыстырғанда орын ауыстыруымен сипатталады. 

Химиялық қозғалыс заттардың әсерлесуі нәтижесінде түрін немесе формасын өзгертуінен көрініс береді. Мысалы екі элемент реакцияласу нәтижесінде бір элементке айналуы мүмкін немесе керісінше.

Биологиялық қозғалыс өсімдіктер мен жануарлардың тұқымдану, өсіп, ересек особқа айналуы, қартаюы үдерістерінен тұрады.

Әлеуметтік қозғалыс – қозғалыс атаулының шыңы, мәндісі. Әлеуметтік қозғалыстың мысалдарына жекелеген адамдардың, адамдар тобының, түрлі саяси-әлеуметтік ұйымдардың әрекеттері жатады. Ол әрекеттер жиналыс, митинг, шеру, забастовка, пикет, бүлік, көтеріліс, төңкеріс, революция формаларында көрініс беруі мүмкін. Адамзат өз тарихында әлеуметтік қозғалыстардың толып жатқан түрлері мен формаларын бастан кешірді.
Материя кеңістікте таралады. Кеңістіктің шегі туралы бірмәнді байлам жоқ. Қазіргі ғылымға галактикалардың өте көп екені, олармен арадағы қашықтықтың миллиондаған жарық жылдарымен өлшенетіні ғана белгілі.
Материя уақыт шеңберінде өмір сүреді. Заманауи ғылым кәдуелгі алманың үлкендігіндей ғана абсолютты тығыз материяның алғашқы жарылысы бұдан 11-12 миллиард жыл бүрын болған деп жорамалдайды. Содан бері материя кеңейіп, жайылып келе жатыр. Тығыздық мейілінше азайып, таралу шегіне жаткенде материяның қайтадан жиналу, сығылу үдерісі басталады. Бұл үдеріс тағы да аталғандай уақытқа созылады. Содан кейін, осы цикль тағы қайталанады. 
* * * 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет