Концепциялық жобалау – мәліметтерге қойылатын талаптарды жинақтау, талдау және редакциялау. Бұл сатыны аяқталған соң мәліметтер базасы құрылымына инвариантты концепциялық модельді аламыз. Ол көбінесе инфологиялық “мән-байланыс” моделі түрінде болады.
Логикалық жобалау – мәліметтер құрылымындағы мәліметтерге қойылатын талаптарды түзу. Шығуда МҚБЖ мәліметтер базасының бағдарлау құрылымы мен қолданбалы бағдарламаларспецификасын аламыз. Бұл сатыда көбінесе әр түрлі және нақты МҚБЖ қолданбалы түрде мәліметтер базасын модельдеп, модельдердің салыстырмалы талдауын жүргізеді.