1 Тақырып. Деректер қорына кіріспе. №1-дәріс. Тақырыбы


Деректердiң иерархиялық моделi , “көптен- көпке” байланысы, iске асырылуы, амалдар қолдану



бет23/129
Дата16.03.2022
өлшемі21,39 Mb.
#28241
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   129
2 Деректердиерархиялық моделi , “көптен- көпке” байланысы, iске асырылуы, амалдар қолдану

Иерархиялық мәліметтер қорлары 60-ж.ж. басында қолданылды. Олар қарапайым ағаш түрінде құрылған. Осы жердегі мәліметтер екі категорияға бөлінеді: басты және бағынышты. Осылайша, объектінің типі басты, ал иерархияның төменірек сатыларында орналасқан объектілер – бағынышты болады. Иерархиядағы ең жоғарғы объект – түбірлі, ал басқалар тәуелді объектілер деп аталады. Иерархия - баласынан әкесiне қарай жүретiн барлық байланыстар қарастырылған орман ретiнде берiлген желi. Бұл жерде де желiлiк технологияны пайдаланамыз: “логикалық жазба тип” т.б. Қосымша “виртуальды логикалық жазба типi” ұғымын енгiземiз.

Виртуальды жазба ағаштың кей жерлерiне қойылады, яғни интуиктивтi түрде қандай да бiр типтi жазбаны екi не одан да көп ағашқа қою немесе бiр ағаштың бiрнеше жерiне қою. Бұл кезде бiзде жазбалардың бiрнеше копиясы болады. Бұлай iстеп бiз зерденi дұрыс ұйымдастырмас едiк, яғни бiр копияны ашып редакторласақ, басқасы ­өзгертiлмей қалып қояды. Сондықтан да иерархияда логикалық жазба типi бiр жерде пайда болады деп есептеймiз. Басқа жерлерде осындай типтi жазбалар қажет болғанда, оның орнына виртуальды жазба берiледi.

Виртуальды жазба типi көмегiмен кез-келген желiнi иерархияға алмастыруға болады. R логикалық жазба типiнен бастаймыз, ол бiрiншi ағаштың түбiрi. R – дiң балалары осы байланыста болады. Балаларды табу “бастан” “аяғына” дейiн бағытпен жүредi.

Егер иерархияда бұрын кездескен бiр типтi жазба кездессе, онда виртуальды жазба типi құрылады, содан кейiн оны кездескен логикалық типтiң орнына қоямыз, басқа виртуальды типтi баласын қоспаймыз.

Егер құрастырылған ағашқа басқа бала қоса алмасақ, иерархияда жоқ логикалық жазба типiн iздеймiз. Егер таба алмасақ, процесс тоқталады. Егер ондай тип табылса, ағашты құру процесi қайталанады, яғни иерархияда бұрын болмаған бiр логикалық типтен басталып қосылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет