1 Тақырып. Деректер қорына кіріспе. №1-дәріс. Тақырыбы


Клиент-сервер архитектурасының модельдері



бет16/129
Дата16.03.2022
өлшемі21,39 Mb.
#28241
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   129
Байланысты:
07 лекция-2021кз 3

Клиент-сервер архитектурасының модельдері.

МҚ-мен жұмыс істейтін үлестірілген АЖ-ларды құрған кезде клиент-сервер архитектурасы кең түрде қолданылады. Оның негізінМҚ-ны басқару кезінде клиент мен сервердің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру ұстанымдары құрайды.

МҚ-ны басқару процестерінің өзара әрекеттесуінің негізгі сұлбаларына сипаттама беру үшін OSI ашық жүйелер архитектурасының Эталондық моделін пайдаланайық. Бұл модельге сәйкес МҚ-ны басқару қызметі қолданбалы деңгейге жатады.

Жоғарғы екі деңгейге тоқталып кетейік: қолданбалы және өкілдік, оларға жасаушы мен пайдаланушы тарапынан аса үлкен көңіл бөлінеді. Қалған қызметтерді алғашқыекеуін жүзеге асыруға қажетті байланысқан қызметтер деп санайық. Бұл ретте МҚБЖ термині ретінде МҚ-дағы ақпараттың пайдаланатын барлық программалық жүйелердің кең түрдегі түсінігін ұстанатын боламыз.

Пайдаланушымен интерфейсті қолдайтын программа ретінде жалпы жағдайда МҚБЖ келесі негізгі қызметтерді жүзеге асырады:


  • қордағы мәліметтерді басқару;

  • қолданбалы программалардың көмегімен ақпаратты өңдеу;

  • пайдаланушы үшін ыңғайлы болатын түрде ақпаратты бейнелеу.

Егер де жүйе бір ЭЕМ-де орналасса, онда барлық қызметтер бір программаға жинақталған және 1-бөлімде қарастырылған сұлбаға ұқсас түрдегі сұлба бойынша шақыртылады.

МҚБЖ-ны желіде орналастыру кезінде қызметтерді тораптар бойынша үлестірудің түрлі нұсқалары болады. Өздерінің арасында МҚБЖ қызметтері үлестірілетін тораптардың санына байланысты екі буындық, үш буындық және т.б. модельдерге бөлуге болады.

Екі буындық модельдер МҚБЖ қызметтерін желінің екі торабының арасында үлестірілуіне сәйкес келеді. Өзіндеміндетті түрде мәліметтерді басқару қызметі болатын компьютерді (желінің торабын) компьютер-сервер деп атайық. Пайдаланушыға жақын және ақпараттыкейіптеу мәселелерімен міндетті түрде айналысатын компьютерді компьютер-клиент деп атайық. Компьютер-сервер мен компьютер-клиенттіңарасында қызметтерді үлестірудің аса типтік нұсқалары (2.6а, б-сурет) келесілер болып табылады:


  • үлестірілген түрдегі ұсыну;

  • қашықтан ұсыну;

  • үлестірілген қызмет;

  • мәліметтерге қашықтан қол жеткізу;

  • үлестірілген МҚ.

Үлестірілген Қашықтан ұсыну Үлестірілген

түрдегі ұсыну қызмет

2.6а-сурет. Екібуындық модельдер.



Компьютер-сервер




Компьютер-сервер




Мәліметтерді басқару

Мәліметтерді басқару



Компьютер-клиент

Мәліметтерді басқару


Компьютер-клиент

Өңдеу

Өңдеу



Ұсыну

Ұсыну

2.6б-сурет. Екібуындық модельдер.


Клиент-сервер архитектурасы бар жүйелерде қызметтерін үлестірудің аталған әдістері әр түрлі нұсқаларды көрсетеді: қуатты сервер – бұл жағдайда барлық жұмыс сонда орындалады, қуатты клиент-қызметтердің басым бөлігі жұмыс станциясында орындалады, ал сервер желі арқылы соған келіп түсіп жатқан SQL-шақыртуларды өңдеуден өткізеді.

Мәліметтерге қашықтан қол жеткізу мен қашықтан ұсыну модельдерінде компьютер-клиент пен компьютер-сервердің арасында қызметтер қатаң түрде үлестіріледі. Басқа модельдерде бір мезгілде екі компьютерде мәліметтерді басқару (үлестірілген МҚ моделі), ақпаратты өңдеуден өткізу (үлестірілген қызмет моделі), ақпаратты ұсыну (үлестірілген ұсыну моделі) қызметтерінің біреуі орындалады.

Алдымен аса кең тараған түрлері ретінде мәліметтерге қол жеткізу мен қашықтан ұсыну (МҚ серверін) модельдерін қарастырып кетейік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет