1 Тақырып. Деректер қорына кіріспе. №1-дәріс. Тақырыбы



бет17/129
Дата16.03.2022
өлшемі21,39 Mb.
#28241
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   129
Байланысты:
07 лекция-2021кз 3

Мәліметтерге қашықтан қол жеткізу моделінде (Remote Data Access – RDA), ақпаратты ұсыну қызметтері мен қолданбалы өңдеудің логикасын жүзеге асыратын программалар біріктірілген компьютер-клиенте орындалады. Мәліметтерді басқару сервисіне жүгіну ісі операторлардың көмегімен SQL тілінің операторлары арқылы немесе API (Application Programming Interface – қолданбалы программалау интерфейсы) арнайы кітапхананың қызметтерін шақырту арқылы орындалады.

RDA-моделінің негізгі артықшылығы – SQL-интерфейстері бар дайын МҚБЖ-лардың көптеп болуы және клиенттік бөлік программаларының жылдам түрде құрылуын қамтамасыз ететін аспаптық құралдардың болуы. Жасау құралдары көбінесе MS Windows-те пайдаланушының графикалық интерфейсін, ODBC интерфейсінің стандартты мен кодты автоматты түрде генерациялау құралдарын қолдайды. Жасау құралдарының басым көпшілігі төртінші буынның тілдерін пайдаланады.

RDA-моделінің кемшіліктері біріншіден, барлық логика қосымшада шоғырланып, өңдеуден өткізілетін мәліметтер қашықтағы торапта орналасқандықтан мәліметтерді беру жүйесі жоғары дәрежеде жүктемеленгендігі болып табылады. Қосымшалардың жұмыс істеуі кезінде желі арқылы әдетте тұтастай МҚ-лар беріледі.

Екіншіден, RDA моделіне негізделуімен құрылған жүйелер өздерін жасау, өзгерту және ілесе жүру жағынан ыңғайсыз болып келеді. Оның негізгі себебі – алынатын қосымшаларда қолданбалы қызметтер мен ұсыну қызметтері өзара тығыз байланысқан. Сол себептен жүйенің қызметі шамалы ғана өзгергеннің өзінде оның бүкіл қолданбалы бөлігін өзгерту қажет болады, бұл жүйені жасау мен модификациялауды қиындатады.



МҚ серверінің моделінің (DataBase Server – DBS) алдыңғы модельден айырмашылығы – компьютер-клиенттің қызметтері ақпаратты кейіптеу қызметтерімен шектеледі, ал қолданбалы қызметтер компьютер-серверде орналасқан қосымшамен қамтамасыз етіледі. Бұл модель RDA-модельге қарағанда аса технологиялық болып табылады және Ingress мен Oracle тәрізді МҚБЖ-ларда қолданылады. Бұл жағдайда қосымшалар сақталатын процедуралар түрінде орындалады.

Процедуралар әдетте МҚ сөздігінде сақталады және оларды бірнеше клиенттер бөліседі. Жалпы жағдайда сақталатын процедуралар компиляция мен интерпретациялау режимдерінде орындалады.



DBS моделінің артықшылығы жасау, ілесе жүру және модификациялау кезеңдерінде қосымшаларды орталықтандырылған түрде жақсы әкімшілік ету мүмкіндігі, сондай-ақ есептеу және коммуникациялық ресурстарды тиімді пайдалану болып табылады. Соңғысына программаларды ұжымдық пайдалану режимінде орындау ісінің мәліметтерді желімен жіберуге едәуір аз шығындарды қажет ететінімен қол жеткізіледі.

DBS моделі кемшіліктерінің бірі – сақталатын процедураларды жасау құралдарын шектеумен байланысты. Негізгі шектеу – операторлардың сақталатын процедураларды нақты МҚБЖ-ға күштілеп байланыстыруы. Сақталатын процедураларды жазу тілі SQL тілінің процедуралық кеңейтілуі болып табылады және өзінің мағыналық құралдары мен қызметтік мүмкіндіктері бойынша С және Pascal тәрізді үшінші буындағы дәстүрлі тілдермен бәсекелесе алмайды. Сонымен қатар көптеген МҚБЖ-ларда сақталатын процедураларды баптап реттеу мен тестілеудің қанағаттанарлық құралдары жоқ, бұл олардың механизмін қауіпті құралға айналдырады – реттелмеген программалар МҚ-ның қателесуіне, жүйенің жұмысы кезінде серверлік және клиенттік программалардың текке тұрып қалуына және т.б. әкеп соқтыруы мүмкін.

DBS-моделінің тағы бір кемшілігі – ЭЕМ-ның есептеу ресурстарын пайдалану тиімділігінің төмен болуы, себебі компьютер-сервердің программаларына қатысты сұраныстардың кіру ағынын басқару ісін ұйымдастыруды, сондай-ақ процедуралардың өзге компьютер-серверлерге ауысуды қамтамасыз ету мүмкін емес.

Үлестірілген түрде ұсыну моделінде қуатты компьютер-сервер бар, ал жүйенің клиенттік бөлігі төмендеп кеткен. Клиенттік бөліктің қызметі жай ғана ақпаратты монитордың экранында көрсету және негізгі компьютермен жергілікті желі арқылы байланысы болып табылады.

Осы тектес МҚБЖ-лар бұлайша айтқанда Х-терминалдардың жұмысын қолдайтын желілерде орын алуы мүмкін. Оларда негізгі компьютер (хост-машина) бірнеше Х-терминалдарға қызмет көрсету үшін жеткілікті мөлшердегі қуаттылыққа ие болуы тиіс. Х-терминалдың да жеткілікті дәрежеде жылдам жұмыс істейтін процессоры және жеткілікті мөлшердегі жедел жады болуы тиіс (дискілік жинақтағыштары жоқ). Көбінесе Х-терминалдарды RISC-компьютерлер (restricted [reduced] instruction set computer)-командалардың қысқартылған жинағынан тұратын компьтерлер негізінде құрылады. Бүкіл программалық қамтамасыз ету хост-машинада орналасқан. Ұсынуды басқару қызметтерімен желілік қызметтерді орындайтын Х-терминалды программалық қамтамасыз ету Х-терминал қосылған кезде желі арқылы серверден жүктеледі.

Үлестірілген түрде ұсыну моделі кіші, орташа және үлкен ЭЕМ-дарда жұмыс істеген алғашқы буындағы МҚБЖ-ларға ие болған болатын. Х-терминалдар рөлінде дисплейлік станциялар мен абоненттік пунктер (жергілікті және қашықтағы) қызмет етті. Бұл жағдайда ақпаратты ұсыну қызметтерінің негізгі бөлігін МҚБЖ-лардың өздері орындады, ал пайдаланушының терминалдарында бейнелерді соңғы деңгейде құрастыру ісі шеткі құрылғыларда орындалды.

Үлестірілген ұсыну моделі бойынша МҚ пайдаланушыларына гетерогендік (біртекті емес) ортада қызмет көрсету жүйелері құрылған. Мұндай жүйелердің серверлік бөлігі әдетте қандай да бірегейлендірілген интерфейсті қамтамасыз етеді, ал клиенттік бөліктері шеткі құрал-жабдықтың ерекшелігін немесе ақпаратты ұсынудың бір форматын өзге бір форматқа түрлендіру ерекшелігін ескеру қызметтерін орындайды. Үлестірілген ұсыну моделі есептеу ресурстарын басқарудың орталықтандырылған сызбасын жүзеге асырады. Осыдан оның басты артықшылықтары шығады – жүйеде қызмет көрсету мен соған қол жеткізуді басқару ісінің қарапайымдылығы және салыстырмалы түрде арзан (шеткі терминалдардың бағасы онша жоғары болмағандықтан) болуы. Модельдің кемшіліктері – орталық тораптың сенімділігі онша жоғары болмауынан жүйенің осалдығы, сондай-ақ клиенттердің саны көп болғанда сервердің өнімділігіне қатысты қойылатын жоғары талаптар.

Үлестірілген қызмет моделінде мәліметтерді өңдеуден өткізудің логикасы екі торап бойынша таратылған. Мұндай модель өздерінде қолданбалы қызметтердің жалпы бөлігі компьютер-серверде, ал ақпаратты өңдеудің арнайы қызметтері компьютер-клиентте орындалатын АЖ-ларда болуы мүмкін. Жалпы сипаттағы қызметтерге мәліметтердің тұтастығын стандартты түрде, мысалы, сақталатын процедуралар түрінде қамтамасыз ету ісі жатуы мүмкін, ал қалған қолданбалы қызметтер арнайы қолданбалы өңдеуді орындайды. Осыған ұқсас модельге сонымен қатар бірнеше біртекті емес МҚ-лардағы ақпаратты қолданатын АЖ-лар ие болады.

Үлестірілген МҚ моделі қуатты компьютер-клиентті пайдалануды қажет етеді, бұл ретте мәліметтер компьютер-клиентте және компьютер-серверде сақталады. Екі мәліметтер қорының өзара байланысы екі түрде болуы мүмкін: а) біртұтас МҚ-ның жекелеген бөліктері жергілікті және қашықтағы қорларда сақталады; б) жергілікті және қашықтағы МҚ өзара үйлестірілген көшірмелер болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет