1 Тақырып. Деректер қорына кіріспе. №1-дәріс. Тақырыбы



бет27/129
Дата16.03.2022
өлшемі21,39 Mb.
#28241
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   129
Дәріс №6.

Тақырыбы:Олардың айырмашылығы туралы жалпы түсінік. Бұл пішімдердің кемшіліктері мен артықшылықтары

Мәліметтердің реляциялық моделі.

Мәліметтердің реляциялық моделін 1970 жылы математик Е.Ф. Кодд (Codd E.F) ұсынған болатын. МРМ жинақтар теориясын қолдана отырып, теориялық базис жасалған мәліметтердің 3 негізгі моделінің бірі және кең тараған мәліметтер моделі болып табылады.

Мәліметтердің реляциялық базасында әрбір кесте біріншілік кілтке (кілттік элементке) – кестедегі әрбір қатарды идентификациялайтын өріс немесе өрістер комбинациясы. Реляциялық модельдің маңызды артықшылығы болып оның шеңберіндегі мәліметтер мен жұмыс қатнастарымен орындалатын реляциялық алгебра операциясына жатуы табылады. Бұл біріктіру, қию, есептеу, декарттық туынды, таңдау, проекция, қосу және бөлу секілді операциялар.

Мәліметтер базасын жобалау кезінде шешілетін маңызды мәселе болып ақпараттың минималдьі дулбденуі мен мәліметтерді өңдеу және жаңарту шараларын жеңілдетуін қамтамасыз ететін оның құрлымын жасау болып табылады. Кодд аталған міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін мәліметтерді ұйымдастыруға қойылатын әмбебап сипаттағы нолмальды талаптардың кейбір жинағын ұсынады. Мәліметтер кестесінің жағдайына қойылатын бұл талаптар қалыпты формалар деп аталады. Алғашқыда 3 қалыпты форма түрлендірді. Кейінірек Бойсс – Коддтың қалыпты формасымен едәуір жоғары реттегі қалыпты формалар пайда болды.

Дегенмен, олар практикада кеңінен таралған жоқ.

- Егер қатынастың барлық атрибуттары қарапайым болса, онда ол бірінші қалыпты формада болады деп айтады.

- Егер қатынас бірінші қалыпты форма талаптарын қанағаттандырып , әрбір кілттік емес атрибут функционалды кілтке толығымен тәуелді болса, онда ло екінші қалыпты формада болады деп айтады.

- Егер қатынас екінші форма талаптарын қанағаттандырып , кез келген кілттік емес атрибут кілтке транзивті емес тәуелді болса, онда ол үшінші қалыпты формада болады деп айтады. Транзивті деп қандайда бір кілттік емес атрибут басқа кілттік емес атрибутқа тәуелді болатын тәуелділікті айтамыз.

Қалыпты форма талаптарын қанағаттандыратындай күйге кестені келтіру үшін немесе олардағы мәліметтерді қалыптастыру үшін реляциялық алгебраның жоғарыда аталған операцияларының жүзеге асуы маңызды сәт болып табылады. Реляциялық модельдің негізгі артықшылығы оның қарапайымдылығы. Осының арқасында ол көптеген шынайы жұмыс істеуші МББЖ негізінде жатыр. 1970 жылы жарияланған доктор Э.Коддтың “мәліметтердің көптеген бөлінуші банкілеріне арналған мәліметтердің реляциялық моделі” Техникалық мақаласы заманауи реляциялық МБ теориясының бастамасы болып табылады. Э. Кодд реляциялық моделдің 13 тәртібін анықтады. (оны Коддтың 12 тәртібі деп атайды)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет