Авария – технологиялық процесстердің бұзылуы, механизмнің, қондырғының және
ғимараттың зақымдалуы. Шаруашылық объектілерінде ең көп тараған авария себептері –
агрегаттарды, механизмдерді пайдалану ережесін бұзу. Сондай-ақ техника қауіпсіздігі
ережесін бұзу.
Апат – бұл адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеуметтік қиыншылық,
олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмірі мен
денсаулығына төнген қауіппен және айтарлықтай экономикалық және экологиялық
залалмен сипатталады.
2. Апаттар көлемі мен түрлері бойынша жіктеледі.
Көлемі бойынша: кіші, орта және үлкен
.
Көлемді анықтау кезінде өлшем үшін екі көрсеткіш алынады: зардап шеккендердің
жалпы саны немесе емделуге мұқтаждардың саны; апат салдарының әсеріне ұшыраған
аумақ.
Достарыңызбен бөлісу: