1 Тақырып. Еңбек қорғау курсының оқыту мақсаты, міндеті және әдісі. Еңбек қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар


Тақырып. Төтенше жағдайларда шаруашылық объектісі қызметінің



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата30.10.2022
өлшемі438,15 Kb.
#46225
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
лекция от и обж

7 Тақырып. Төтенше жағдайларда шаруашылық объектісі қызметінің 
тұрақтылығын жоғарылату жолдары мен әдістері
Дәрістің жоспары 
1. ТЖ жағдайларында мекемелер тұрақтылығын жоғарлатуға бағытталған шаралар 
кешені. ТЖ кезінде объекті тұрақтылығын талдау.
2. Объекті жұмысының тұрақтылығына әсер ететін факторлар. Шаруашылық 
объектілері жұмыс істеуінің тұрақтылығын зерттеу кезеңдері.
3. ТЖ-ның алдын алу бойынша және объекті тұрақтылығын жоғарлату бойынша 
шаралар кешенін дайындаудың және жүргізудің нгізгі бағыттары. 
1. ТЖ салдарын ескерту мен жоюдың Мемлекеттік жүйесін негізгі міндеттерінің бірі 
кәсіпорын, ұйым, мекеме, сондай-ақ әлеуметтік нысандарының жұмыс істеу қалыбын 


арттырумен ТЖ ескертуге бағытталған нысаналы және ғылыми-техкникалық 
бағдарламаларды іске асыру болып табылады. 
Шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру мәселесі қазіргі 
жағдайда үлкен маңызға ие болуда. Бұл төмендегі бір қатар негізгі себептерге қатысты: 

өндірістік саладағы мемлекеттік реттеу мен қауіпсіздік механизмінің әлсіреуі, 
барлық деңгейдегі еңбек және технологиялық тәртіптің әлсіреуі, сондай-ақ өндірістің 
аварияға қарсы төзімділігінің төмендеуі: 

негізгі өндірістік қорлардың жылдам тозуы, сонымен қатар оларды жаңарту 
қарқынының төмендеуі; 

өндірістің технологиялық қуатының артуы, қауіпті заттар, материалдар мен 
бұйымдарды тасымалдау, сақтау мен пайдалану көлемінің өсуі, халық пен қоршаған ортаға 
қауіп төндіретін өндіріс қалдықтарының жинақталуы; 

шарасыз заңдық және нормативтік құқықтық бағы ТЖ қауіпсіздігін және ескертуін 
басқарудағы тәуекелдік мәселесіне талдаудың ғылыми негізін жеткіліксіз пайдалану; 

мемлекеттік қадағалау органдары мен инспекция жұмысының талаптылығы мен 
тиімділігінің төмендеуі; 

әскери жанжалдар мен террорлық актілердің пайда болуы ықтималдығы. 
2. Шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығы ретінде оның төтенше 
жағдайлардағы жоспарланған көлемдегі және номенклатурадағы өнімдерді шығаруға 
(тікелей материалдық құндылықты шығармайтын нысандар үшін өз міндеттерін мақсатқа 
сәйкес орындалуы) авария жағдайында қысқа мерзімде өндірісті қалпына келтіруге 
қабілеттілігі түсініледі. 
Төтенше жағдайларға шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығы мына 
факторлар әсер етеді: жұмысшылар мен қызметшілерді зілзала, апат, сондай-ақ осы 
заманғы зақымдау құралдарының бастапқы және қайталама факторларының ықпалынан 
сақтау сенімділігі; нысанның инженерлік-техникалық кешенінің белгілі бір деңгейде осы 
ықпалға қарсы тұру қабілеті, нысанды өндіріс үшін барлық қажетті өніммен (шикі зат, 
отын, электрэнергиясы, газ, су және т.б.); жабдықтау жүйесінің сенімділігі, жұмысшылар 
саны олардың құзыреті немесе тәртіп деңгейі, нысан сипаты, шығарылатын өнім, 
қолданылатын технология; өндіріс пен АҚ басқару тұрақтылығы мен үзіліссіздігі; 
нысанды күрделі және өзге шұғыл, сондай-ақ бұзылған өндірісті қалпына келтіру 
жұмыстарына даярлау. 
Тізбеленген факторлар төтенше жағдай ахуалы мен оны көтеру жолындағы 
шаруашылық нысанының тұрақты жұмыс істеуінің негізгі талаптарын анықтайды. 
Тұрақтылықты көтеру бойынша шараларды іске асыру мен әзірлеу саласындағы 
ұйымдар басшыларының негізгі міндеттері: 

ұйым жұмысының тұрақтылығын арттыру бойынша ұсынысты белгіленген 
тәртіппен әзірлеу және ұсыну; 

төтенше жағдайларда және осы заманға зақымдау құралдары қолданылған кезде 
ұйым жұмысының тұрақтылығын көтеру бойынша шаралар мен әзірлеуді жүргізу; 

авариялардың пайда болу қаупін, қайталана зақымдау ошағын төмендету бойынша 
шаралар жүргізу; 

азық-түлікті, ауыз суын, сумен жабдықтау көзін, мал мен өсімдікті, өсімдік пен мал 
өнімдерін, радиоактивті химиялық және бактериялогиялық зақымданудан қорғау бойынша 
шараларды өткізу мен ұйымдастыру. 
АҚ шараларын кешенді және саралай өткізу мақсатында, халықты қорғау деңгейін 
қажетсіз мемлекеттік шығындарды жұмсамау мақсатында халықты қорғау деңгейін 
төмендетпей, аумақ пен ұйымның маңыздылық деңгейін ескере отыра, қалаларды, 
топтарға, сондай-ақ АҚ категория бойынша аумақ пен ұйымдардың маңыздылық деңгейі 
ескере отырып жүргізіледі. 
Қалаларды, топтарды, ұйымдарды Азаматтық қорғаныс бойынша категорияларға 
жатқызу тәртібін Қазақстан Республикасының үкіметі анықтайды. 


Категорияланған нысан – бұл үлкен экономикалық, стратегиялық және қорғаныстық 
маңызы бар қалалар. Категорияланған қалалар маңызы бойынша төрт топқа бөлінеді: аса 
маңызды, бірінші, екінші және үшінші топтар. 
Категорияланған объектілер – үлкен экономикалық және қорғаныстық маңызы бар 
өнеркәсіп орындары мен өзгеде ұйымдар. Үш категорияға бөлінеді: аса маңызды, бірінші 
және екінші категориялар. 
«Категорияланбаған объектілер» - барлық қалған ұйымдар (нысандар). 
3. Тұрақтылық мәселелерін реттейтін құжаттар Азаматтық Қорғаныстың инженерлік-
техникалық шараларын жобалау (ИТЖ) нормалары болып табылады. 
АҚ ИТЖ жобалау нормалары өз мақсатымен мынаны жүргізеді: 

халықты қорғау және жаудың осы заманғы зақымдау және әдеттегі құралдарды 
қолдану жағдайында ықтимал залал мен қирауды төмендету; 

соғыс уақытында шаруашылық нысандары жұмысының тұрақтылығын көтеру; 

зақымдану ошағында, зілзала аумағында және ірі өндірістік авария мен апатты жою 
кезінде құрылыс нормалары мен ережелер (ҚНжЕ) кешенін жүргізу үшін қажетті жағдай. 
ИТЖ нормалары мынаны ескереді:

аудандық жоспарлаудың жобасы мен схемасын, жаңа категорияланған қалалар 
меннысандардағы бұрыннан бар және салынып жатқан тұрғын үймен өзге нысандарды 
егжей-тегжейлі жоспарлау кезіндегі әртүрлі жәйттарды; 

ықтимал қираулар аумағында орналасқан жұмыс істеп жатқан өнеркәсіп орындарын 
кеңейту және жобалау, энергетика, көлік және байланыс кәсіпорындарын, сондай-ақ соғыс 
уақытында категорияланған қалалардың тіршілік аумағында орналасқан тұрғын үй және 
өнеркәсіп аудандарды; 
- бұрыннан салынған кәсіпорындарды қалпына келтіру және кеңейту кезінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет