1 Тақырып. Еңбек қорғау курсының оқыту мақсаты, міндеті және әдісі. Еңбек қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата30.10.2022
өлшемі438,15 Kb.
#46225
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Төтенше жағдай – апат нәтижесінде қалыптасқан ахуал, оның басты көрсеткіші 
бүлдіру процесстерінің жиілігі болып табылады. Бұл процесстерді қалыпқа келтіру үшін 
қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді. 
Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілер бойынша жіктеледі: 
1.Пайда болу саласы бойынша. 
2.Ведомстволық қатыстылығы бойынша. 
3.Аймақтық таралуы бойынша. 
Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайлар:  
- табиғи; 
- техногенді; 
- жанжалды болып бөлінеді. 
6 Тақырып. Төтенше жағдайларда халықты қорғау
Дәріс жоспары 
1. Төтенше жағдайларда халықты, аумақ пен ұйымдарды қорғау саласындағы АҚ 
шаралары.
2. Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен қорғау әдістері.
3. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары. Радиациялық және химиялық қорғау. 
1. Адамдардың қауіпсіздігін қамсыздандыру бейбіт және соғыс уақытында ТЖ 
жағдайында халықты қорғау бойынша республикамызда жүргізілетін барлық шаралардың аса 
маңызды мақсаты болып табылады. 
Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан республикасының Заңы 1997 жылғы 7 мамырда 
қабылданды. Заң Қазақстан республикасының Азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін 
құрылу және жұмыс істеу принципін, орталық, жергілікті өкілет және атқарушы органдардың, 
ұйымдардың өкілеттігін және Азаматтық қорғаныс саласындағы азаматтардың құқықтары мен 
міндеттерін анықтады. 
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 5.07.96 ж. ҚР Заңы 
республика аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда ескерту 
мен жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
2. Төтенше жағдайларды ескерту және іс-әрекеттер жөнінде Республикалық жүйенің 
өзіне жүктелген міндеттерді орындауға даярлығы түпкілікті нәтижеде оның осы мақсатқа 
жету қабілетін анықтайды. Қазіргі уақытта – экологиялық апат қауіпі өткір тұр: ауа 
ластанған, өзендер мен көлдер қышқылды жауындармен уланған, топырақ бүлінуде, 
ормандар құруда, өсімдіктер мен хайуанаттардың жекелеген түрлері жойылуда. 
Осы заманғы зақымдау құралдарынан халық пен шаруашылық объектілерін 
қорғаудың негізгі принциптері мыналар: 

бейбіт және соғыс жағдайындағы АҚ жоспарларын әзірлеу. АҚ жоспарлау – 
Азаматтық қорғанысты басқару процесінің маңызды құрамдас бөлігі. Оның мәні бейбіт 


және соғыс уақытындағы жағдайды талдау мен бағалау, халықты қорғау жөніндегі АҚ 
шараларын анықтау болып табылады

халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау әдістеріне даярлау. 
Моральдық-психологиялық қасиеттерді және АҚ мен ТЖ бойынша оқып-үйрену 
қажеттігіне сенімділікті қалыптастыру; 

ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жинау және оларды пайдалануға 
әзірлікте ұстау; 

көшіру шараларын даярлау; 

бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда шаруашылық салалары мен объектілері 
жұмысының сенімділігін және тұрақтылығын көтеру жөніндегі шараларды жүргізу. 
Халықты бейбіт уақыттағы ТЖ-дан және осы заманғы зақымдау құралдарынан 
қорғаудың ең жоғары деңгейіне жету үшін бейбіт уақытта сипаты мен көлемі бойынша 
әртүрлі инженерлік, көшіру, радиациядан қорғау, медициналық, өрттен қорғау және өзге 
шаралардың кешенін өз уақытында жоспарлап іске асыру қажет. 
3. Осы шаралардың мәнін қысқаша қарастырайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет