Инженерлік шаралар.
Халықты қорғаныс ғимаратына жасыру жау шабуылы жағдайында оны қорғаудың ең
негізгі әдісі болып табылады.
Сондықтан АҚ-ын дамытудағы маңызды бағыт АҚ тобына жатқызылған қалалар мен
маңызды шаруашылық объектілерінде панаханаларды дер кезінде салу мақсатында
қорғаныс ғимаратының құрылысын және қалған қалалар мен селолық жерлерде
радиациядан қорғайтын орындарды салуды өрістету болып табылады.
Көшіру шаралары. Көшіру шараларын дер кезінде жүргізу ТЖ жағдайында халықты алып кетуге
(тасыға), сондай-ақ оны қарсылас жақ осы заманғы зақымдау құралдарын қолданған
жағдайда зақымданудан сақтауға мүмкіндік береді.
Радиация мен химиялық зақымданудан қорғау шаралары. Халықты радиация мен химиядан қорғау шараларының кешені ретінде
қарастырылады ол мыналарды қамтиды:
халық пен АҚ құрамаларын;
қорғаныс, панаханадағы ауаны сүзу және айдау құралдарымен;
радиациялық барлау приборларымен (ДП-5В, ИМД-5, ИМД-21);
химиялық барлау приборларымен (ВПХР, ППХР, ҚӘУЗ мөлшерін анықтайтын
индикаторлық түтікшелермен, аспалы газталдағыштармен (АГП-1));
дозиметрлік бақылау приборларымен (ИД-1, ИД-11, ДП-22В, ДП-24)
қамсыздандыруды;
осы құралдарды әзірлікте ұстауды;
радиациялық және химиялық ахуалды анықтау мен бағалауды;
халыққа радиоактивтік, химиялық зақымдану туралы хабарлауды;
азық-түліктің, судың, мал мен өсімдіктің зақымдануына жол бермеу және оларды
залалсыздандыруды;
радиоактивтік және химиялық зақымдану жағдайында халықты қорғау
режимдерін әзірлеуді;
жердегі, ғимараттағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ судың, азық-түліктің
улы затпен ластануын анықтау үшін халықтың «Мастер - 1», «Сосна», «Белла» тұрмыстық
дозиметрлерін пайдалануды;
радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану салдарын жоюды.