1 Тақырып. Еңбек қорғау курсының оқыту мақсаты, міндеті және әдісі. Еңбек қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата30.10.2022
өлшемі438,15 Kb.
#46225
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
лекция от и обж

3 Тақырып. Өрт қауіпсіздігі 
Дәріс жоспары: 
1. Өрттің профилактикасы. Өрт қауіпсіздігі және өрттің пайда болуы. 
2. Жанудың маңызы және жанатын материалдар. 
3. Құрылыс материалдар мен конструкцияның тұтанғыштығы мен отқа төзімділігі. 
4. Өртке қарсы бөгет. Өрт уақытындағы көшіріп қондыру. 
1. Өрт адамның басқаруынан және бақылауынан шыққан жану процесі болады
басқаша айтқанда өрт деп бақылауға болмайтын, арнайы ошақтан тыс болатын, 
материалдық шығын келтіретін жану процесн айтады. өрт халық шаруашылығына үлкен 
зиян, өте зор экономикалық шығын келтіреді, кейбір жағдайларда адамдар зақымданады. 
Қазіргі кезде республика көлемінде кәсіпорындарда өртке қарсы құресу шаралары 
кенінен қолданылуына қарамастан өрт шығу оқиғалары жиі болып тұрады. Олардың 
салдарынан көптеген құнды дүние-мүліктер жойылады, адамдар жарақаттанып, өлім 


жағдайы тууы мүмкін. Сондықтан өртке қарсы күресу шараларын ойдағыдай 
ұйымдастыру мәселесіне үлкен көніл бөлу керек. 
2. Жану дегеніміз көп мөлшерде жылу шығуы мен жарық сәуле бөлінуі қоса жүретін 
күрделі физикалы-химиялық процес. Жану процесінін пайда болуы және дамуы үшін үш 
фактордың бар ьолуы қажет: жанғыш зат, тотықтырғыш және тұтану көзі. Мұнымен қатар 
жанғыш зат пен тотықтырғыш бірімен бірі белгілі сандық ара қатыста болу керек және 
жанғыш заттын температурасын көтеру үшін тұтану көзінің қажетті жылу энергияся 
болуға тиіс. 
Жанғыш деп оттегімен қосылатын заттарды айтады. 
Жану дегеніміз тұтандару көзінін әсерінен туатын жану процесі, тұтану деп жалын 
пайда болатын жану процесін айтады. 
Өздігінен жану деп жанғыш заттардын сыртқы тұтандыру көзісіз ақ пайда болатын 
жану процесін айтады. 
Өздігінен тұтану деп жалын пайда болатын өзінен-өзі жану процесін айтады. 
Жарылу деп орасан зор жылу және газ заттарын шығарып, қирату үшін туғызатын 
өте тез жану процесін айтады. 
3. Құрылыс материалдары мен конструкцияларының тұтануға қарсы төзімділігі және 
процесінің тоқталуы жөнінде едәуір айырмашылықтары болады. материалдардың бұл 
қасиеттері олардың жанғыштығын, яғни өрт туғызу қауіптілігін сипаттайды. 
Сонымен материалдар мен конструкциялардың жанғыштығы деп олардың от және 
жоғары температураға төзімділік көрсету қабілеттілігін айтады. Барлық құрылыс 
материалдары мен конструкциялары жанғыштық дәрежесі бойынша үш топқа бөлінеді: 
жанбайтын, баяу жанатын және жанатын болып. 
Жанбайтын материалдар от не жоғары температураның әсерінен тұтанбайды, 
бықсымайды, көмірленіп күймейді. 
Баяу жанатын материалдар от не жоғары температураның әсерінен әрен дегенде 
тұтанып, бықсып, көмірленіп тек от көзі бар болғанда ғана жанады, ал егер оны алып 
тастаса, жану тоқталады. 
Жанатын материалдар от не жоғары температураның әсерінен тұтанып немесе 
бықсып, ал от көзін алғаннан кейінде әрі қарай жана береді. 
Сондықтан барлық өндіріс бөлмелері қолданылатын өрт қауіпті заттардын 
сипаттамасы мен мөлшеріне қарай жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша бес категорияға 
бөлінеді: А,Б,В,Г,Д. 
4. Өрт кезінде от жалынынын үй көлемінде жайылып, өрістеуін шектеу үшін әртүрлі 
кедергілер орнатылады: өртке қарсы қабырға, жабын, қалқа, есік, қақпа, үй аралығы, люк, 
тамбур, шлюз т.б. бұл кедергілер жанбайтын материалдардан жасалынады. 
Өрт шыққан кезде адамдарды бөлмелерден қауіпсіз және тез шығару үшін үйлерді 
жобалау және салу барысында шығыс есіктері мен жүріс жолдары белгіленді. Олар 
адамдардың қысқа жолмен және аз уақыттын ішінде сыртқа қауіпсіз шығуын қамтамасыз 
ету керек. Барлық эвакуациялық шығыс есіктері және жүріс жолдары арқашан бос болу 
керек. 
Өрт сөндіру үшін пайдаланылатын құралдарды үш түрге бөлінеді; бірінші 
қолданылатын, стационарлық, жылжымалы құралдар. 
От сөндіргіш заттар арзан, қолдануда қауіпсіз, материалдар мен бұйымдарға зиян 
келтірмейтін, аз шығынмен жоғары сөндіргіш нәтиже беретін болу керек. Олар қолдану 
кезінде газ, бу, сұйық және қатты түрде болуы мүмкін. Негізгі от сөндіргіш заттар 
мыналар болады: су, су буы, тұздардың су ерітінділері, көбік, инертті газдар, минералдық 
үнтақтар, құм, топырақ, әр түрлі жапқыштар т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет