1. Радиация көздері.
1. Радиоактивтілік және оған жалғасатын иондық сәулелену Жер бетінде тіршілік
пайда болғанға дейін өмір сүрді. «Иондық сәулелену»
атауы физикалық табиғаты
бойынша әртүрлі сәулелену түрлерін біріктіреді. Радиоактивті материалдар Жер мен Күн
жүйесінің планеталарының құрамына олар пайда болған сәттен бастап кірді.
Радионуклидтер тау жыныстарында, топырақта, суда кездеседі. Олар белгілі бір деңгейде
өсімдіктер, адам ұлпасы мен мүшелерінде және хайуанаттарда да кездеседі.
Радиоактивтік ыдырау кезінде шығатын бөлшек пен гамма-квант заттармен
ықпалдаса отыра өз энергиясын иондауға жұмсайды. Осы
сәулелердің ортақ термин
ретінде мына сөздер пайдаланылады: иондаушы сәулелену,
иондағыш радиация немесе
жай ғана радиация.
Иондаушы сәулелену – элементті бөлшектер ағынынан (электрон, протон, нейтрон,
позитрон) және электрон магнитті сәулелену кванттарынан тұратын сәулелену,
олардың
заттар мен ықпалдасуы бұл заттарда әртүрлі заттардың пайда болуына алып келеді.
Радионуклид – атомдық салмағы мен атомдық заряды бар радиоактивті заттың
атомы.
Бірдей зарядтары бар, алайдаатомдық салмағы әр түрлі атомдар осы элементтің
изотоптары деп аталады.
Радиациялық авариялар – радиоактивті өнімдердің
тасталуына немесе иондаушы
сәулеленудің РҚО аумағын қалыпты пайдалануға арналған жобада қарастырылғандағыдан
артық мөлшерде шығуына байланысты болған авария.
Іс жүзінде иондаушы сәулелену үшін адам организімінде кедергі жоқ. Организмге
еніп, өз энергиясын бере отыра олар денедегі заттың кез келген молекуласын иондайды,
олардың
химиялық байланысын бұзады, бұл организмдегі биологиялық процестердің
қалыпты ағысы мен зат алмасуын бұзады. Бұл,
өз кезегінде мидың, асқазанның,
қалқаншабездің, орталық нерв жүйесінің және басқалардың жұмыс істеуін тоқтатуға алып
келеді.
Достарыңызбен бөлісу: