1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты


Айырбастау – бір өнімді басқа бір өнімге айырбастау процесі. Тұтыну



бет7/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   95
Байланысты:
oak ezhkn paninen

Айырбастау – бір өнімді басқа бір өнімге айырбастау процесі.
Тұтыну - жасалған игіліктерді қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолдану.
Қоғамдық өндіріс – экономикадағы барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік іс-әрекеті. Ол екіге бөлінеді:

  • Материалдық (материалдық игіліктерді өндіру және материалдық қызмет көрсету);

  • Материалдық емес (материалдық емес игіліктерді өндіру және бейматериалдық қызмет көрсету);

Материалдық өндіріске - өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, құрылысты, материалдық-техникалық жабдықтау, қоғамдық тамақтандыру, су шаруашылығы және т.б. жатқызамыз.
Материалдық емес өндіріске - денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, спорт, несие мекемелері, қоғамдық ұйымдар, басқару органдары және т.б. жатады.
Сонымен, өндіріс – бұл қоғамдық сипатқа ие бола отырып адамзат баласының өмір сүруі үшін қажетті материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру процесі.
Қоғамдық өндіріс үнемі үздіксіз жаңартылып отырады, ол процесті ұдайы өндіріс деп атайды. «Ұдайы өндіріс» терминін экономикалық ғылымда алғаш рет физиократ Ф.Кенэ өзінің «Экономикалық кесте» деп аталатын еңбегінде қолданған.
Қоғамдық ұдайы өндірістің 2 типі бар: жай және ұлғаймалы.
Жай ұдайы өндіріс – бұл өндірістің жыл сайын бұрынғы, өзгеріссіз ауқымын қайталап отыруы.
Ұлғаймалы ұдайы өндіріс - бұл өндіріс процесінің жыл сайын кеңейтілген ауқымда жаңарып отыруы.
Экономикалық теорияда ұдайы өндірістің үш типі болады: экстенсивті, интенсивті және аралас.
Экстенсивті ұдайы өндіріс – бұл бұрынғы технологиялық негізін өзгертпей, қосымша ресурстарды тарту есебінен өндіріс ауқымын кеңейту процесі. Мысалы: жұмысшылар санын арттыру, жұмыс күнін создыру, инвестиция мен капитал салымдарының көлемін өсіру, жаңа жер телімдерін игеру, шикізат өндіруді арттыру және т.б.
Интенсивті ұдайы өндіріс - техника мен технологияны сапалы түрде жақсарту есебінен өндіріс көлемін ұлғайту процесі. Мысалы: техниканы жаңарту, барлық ресурстарды тиімді қолдану, материалдық ресурстарды үнемдеу, жұмыскер кадрлардың біліктілігін көтеру, еңбек тәртібін нығайту, басқаруды жетілдіру, ғылым мен инфрақұрылымды дамыту т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет