1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты


Еңбек - қоғамның еңбекке жарайтын тікелей өндіріс процесінде жұмыс жасайтын адамдардың ақыл-ой және дене қызметінің жиынтығы. Капитал –



бет10/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   95
Байланысты:
oak ezhkn paninen

Еңбек - қоғамның еңбекке жарайтын тікелей өндіріс процесінде жұмыс жасайтын адамдардың ақыл-ой және дене қызметінің жиынтығы.

  • Капитал – өндіріс құрал-жабдықтарының жиынтық кешенінің материалдық формасы ретінде саналатын машиналар, құрал-саймандар, қоймалар, көлік және байланыс құралдары, ақшалар және т.б.




  • 2.2 – сурет. Капиталдың түрлері
    3) Жер – бұл табиғи байлықтар, жердің қыртысы, пайдалы қазбалар, орман және су ресурстары, жыртуға жармды жерлер түрінде қарастырылатын табиғи ресурстардың жиынтығы.
    4) Кәсіпкерлік қабілет – өндірісті ұйымдастыру және оған бақылау жасау бойынша шешуші әрекет ретінде қарастырылатын ерекше фактор.


    Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар.
    1. Адамның «экономикалық іс-әрекеті» деген не?
    2. Еңбек құралдары және заттарының бір-бірінен айырмашылықтары қандай?
    3. Пайдалы қазбаларды алу өндіріс процесі деп атала ма?
    4. Материалдық және материалдық емес өндіріс деген не?
    5. Ресурстар мен өндіріс факторларының түрлері қандай?
    6. Ресурстардың шектеулілігі мәсілесі дегенімізне?
    7. Экономикалық таңдау мәселесі қалай туындайды?


    Тақырып бойынша тест тапсырмалары.

    1. Экономикалық ресурстарды көрсетiңiз:


    А. табиғи, материалдық, қаржы, еңбек
    Б. жер, капитал, еңбек
    В. кәсiпкерлiк, ақпарат, табиғи ресурстар
    Г. ақпарат, еңбек, қаржы
    Д. дұрыс жауабы жоқ
    2. Өндiрiс факторларын көрсетiңiз:
    А. табиғи, материалдық, қаржы
    Б. жер, капитал, еңбек, кәсiпкерлiк
    В. қаржы, еңбек, ақпарат
    Г. еңбек, кәсiпкерлiк, қаржы
    Д. қаржы, жер, ақпарат
    3. Базалық ресурстарды көрсетiңiз:
    А. қаржы, материалдық, еңбек
    Б. табиғи, материалдық, қаржы
    В. табиғи, материалдық, еңбек
    Г. қаржы, еңбек, табиғи
    Д. қаржы, еңбек, капитал
    4. Қоғамдағы кәсiпорындардың iс әрекетi және олардың арасындағы байланыс не деп аталады?
    А. ұлғаймалы ұдайы өндiрiс
    Б. жеке өндiрiс
    В. ұдайы өндiрiс
    Г. қоғамдық өндiрiс
    Д. жай ұдайы өндiрiс
    5. Өндiрiс процесiнiң тұрақты қайталануы және үзiлiссiз жаңғыруы не деп аталады?
    А. өндіріс
    Б. қоғамдық өндiрiс
    В. жеке өндiрiс
    Г. ұлғаймалы өндiрiс
    Д. ұдайы өндiрiс
    6. Өндiрiс процесiнiң көлемiнiң өзгермеген күйде әрекет етуiн не деп атайды?
    А. жай ұдайы өндiрiс
    Б. ұлғаймалы ұдайы өндiрiс
    В. ұдайы өндiрiс
    Г. жеке өндiрiс
    Д. қоғамдық өндіріс
    7. Экономикалық игiлiктi көрсетiңiз:
    А. Ауа
    Б. Тауар
    В. Жер
    Г. Жарық
    Д. Климат
    8. Экономикалық емес игiлiктi көрсетiңiз:
    А. Тауар
    Б. Қызмет
    В. Ауа
    Г. Көлік
    Д. Телефон
    9. Адамдардың еңбек процесінде өңдеуге түсетін табиғат заттары қалай аталады?
    А. еңбек күші
    Б. еңбек құралдары
    В. еңбектің өзі
    Г. еңбек заты
    Д. дұрыс жауап жоқ
    10. Адамдардың еңбек затына ықпалын білдіретін құралдарын қалай атаймыз?
    А. еңбектің өзі
    Б. еңбек күші
    В. еңбек заты
    Г. еңбек процесі
    Д. еңбек құралдары




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   95




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет