1 тақырып Әлеуметтану ғылым ретінде


Көне заманның адамы өзіне сену қасиетін мәңгілік кеңістік дүниесінен, оның ішінде табиғаттан алды



бет2/5
Дата25.01.2023
өлшемі0,52 Mb.
#62807
1   2   3   4   5

Көне заманның адамы өзіне сену қасиетін мәңгілік кеңістік дүниесінен, оның ішінде табиғаттан алды.

  • Көне заманның адамы өзіне сену қасиетін мәңгілік кеңістік дүниесінен, оның ішінде табиғаттан алды.
  • Жаңа заманда (ХVІІ-ХІХғ.ғ.) мәдениеттің көптеген теориялары өмірге келді. Бұл дәуірдің мәдениет теориясына үлес қосқан өз алыптары болды. Олар (Англияда — Толанд, Францияда — Вольтер мен Монтеське, Германияда — Лессинг, Шиллер, Гете) дүние мен адамзат жайындағы ақиқатты айту құқығын діннен тартып алып, адамның ақыл-ойының тәуелсіздігін батыл қолдады. Адам өзінің табиғи жаратылысынан-ақ қабілетті, ақылды жан, соны тиімді пайдаланудың нәтижесінде адам игілігіне сай қоғам құруға қабілетті.
  • Ұлы неміс философы Иммануэль Кант (1724-1804) «ақыл-ойға» табынған. Ол француз ағартушыларының дүниенің негізінде «ақиқат», «қайырымдық» деген идеяларын қолдай отырып, мәдениет ұғымын моральдық тұрғыдан басқаша әрекет жасады. Канттың «мен үшін екі құпия нәрсе бар, олар: жұлдызды аспан мен адамның ішкі рухани дүниесі» деген қағидасы кең таралған. Кантта мәдениеттің мағынасы – адам бойындағы хайуандық сезімнің бастауы, ақыл-ойдың немесе адамгершіліктің көмегімен жеңуге әкеліп тіресе, ұлы ойшылдың бірі Фридрих Вильгельм Шеллинг (1775-1854) мәдениетті эстетикалық тұрғыдан ұғынып, меңгеруді басты орынға қойып, мәдениеттің басты мазмұны адамдардың көркемдік қызметі деп атады.
  • Болмыстың адамгершілік (моральдық) жағына ерекше мән бере отырып, мәдениетті адамды хайуандардан айыруға мүмкіндік беретін құдайдың адамға берген ерекше қабілеті адам бойындағы қайырымдылық пен ізгілік қасиеттерді «келісімді императив» деп атады. Бұл идеяға ұқсас идеяларды Спеноза, Фейербах, Маркс, Фрейд сияқты ұлы философтар айтқан. Кант ұғымынша «мәдениет – табиғаттан бостандық патшалығына» барар жол.
  • ХІХ ғасырда мәдениет мәселелерімен тығыз айналысқан ғалымның бірі, ағылшын ойшылы Эдуард Бернетт Тайлор (1832-1917) болды. Ол «мәдениет жөніндегі ғылым-реформалар жөніндегі ғылым» деп тұжырымдай отырып, мәдениетті үздіксіз даму үстіндегі процесс деп қарастырды. Нақты идеалды тұрғыдан мәдениет – жеке адам мен бүкіл қоғамды адамның бақыты мен болашағы жолындағы құндылықтарды дамыту арқылы адамзат баласын жан-жақты жетілдіру болып табылады. Тайлор мәдениетке адамның ақыл-ойы мен еңбегінің жемісі, дәлірек айтқанда материалдық және рухани құндылықтар ретінде қарады.

Көне заманнан бастап ХІХ ғасырдың аяғына дейін мәдениеттанымдық ойдың дамуын ғылыми тұрғыдан қарастыра отырып, қысқаша қорытынды жасауға болады. Еуропада кеңінен тараған мәдениет ұғымы діни сипатта мынадай қағидаларға келіп тіреледі:
а) мәдениетті ақыл-ойдың не табиғи сезімнің көмегі арқылы түсіну;
ә) мәдениетті ішкі адамгершілік заңдарының көмегімен тану (Кант);
в) ең соңында мәдениеттің адамзаттың тегіне қатыстылығы және оның абсолюттік идея мен дүниежүзілік рухты жүзеге асырудың құралына айналғандығы (Гегель);
г) адамзат мәдениеті үздіксіз дамып, өркендей отырып эволюция мен прогрестің жалпы заңдарына сөзсіз бағынады.
Мәдениет – адамзат баласының қызметінің жемісі деп есептелді. Мәдениетке байланысты қағидаларды, ағартушылық кезеңінің ойшылдары жаңа мәдени үлгілері (адам, қоғам, мемлекет, құқық, философия) жасауға тырысты және өткен заман мен жаңа заманның мәдени тәжірибесін жаңаша сын елегінен өткізе отырып қарастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет