Анықтаманың әр түрлілігі. Мәдениеттану – мәдениет туралы ғылым, алайда ойшылдар көптен бері мәдениеттің өзіне анықтама беруді ойластырып келеді. Әсіресе бұл мәселе «мәдениет» түсінігі қазіргі заманғы қоғамда фундаменталды түсінік болып қалған кезінде аса маңызды. Оның бірнеше анықтамалары бар, оның саны да үнемі артып келеді. Батыстық мәдениеттанушылар санағандай егер 1871 жылдан 1919 жыл аралығында тек қана жеті анықтама берілген болса, ал 1950 жылдан 1990 жылдары – 400 артық анықтама берілген.
«Мәдениет» сөзі – қазіргі заманғы қоғам танудың тек қана фундаменталды түсінігі ғана емес, ол күнделікті қолданыстағы тілдің, күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігі. Мәдениет туралы айтқанда ол тұрмысты реттейтін жағдайлардың барлығын қамтиды, адамзат тілінің тазалығы, көркемдігі, әдебі мен заңдылықтары сақталған қоғамға басшылық ету, театрлардың, мұражай мен кітапханалардың болуы, оған бару т.б.
А.С.Карминнің классификациясы. Күнделікті санада мәдениеттің түсінігі,деңгейі анықталмайды, тек қана эмпирикалық түрде түсіндірумен шектеледі. Олардың мағыналары аз, әрі бір тектес. Мәдениеттің ғылыми түсінігі көп түрлі, себебі ол әр түрлі ғылымдар арқылы беріледі. Олар социологиялық, мәдени-антропологиялық анықтамалар. Ресей мәдениеттанушысы А.С. Кармин «Мәдениеттанудың негіздері. Мәдениет морфологиясы» еңбегінде 1996 жылы мәдениеттің 1500 анықтамасының болғанын ескере отырып, оларды сараптауға талпыныс жасады, мәдениеттің мына түрлерін бөліп алды: сипаттаушы, антропологиялық, құндылықты, нормативті, тарихи, функционалды.
2. Мәдениет құрылымы. Мәдениет тұтас жүйе.
Мәдениетін құрылымы: мәдени түрлердің саналуандығы және мәдени құрылымның күрделілігі.
Адамның жасаған әрекеті алдымен ойда, рухта пайда болады, тек содан кейін ғана белгілер мен нәрселерде көрініс табады.
Мәдениет құрылымы: рухани мәдениет және материалдық мәдениет.
Рухани мәдениет дегеніміз - білім, идея, заң, мінез-құлық, ережелер, белгілер, әдет-ғұрып, дәстүр мен тіл болып табылады.