1 тақырып Әлеуметтану ғылым ретінде


Мәдениеттің әрекеттілік анықтамасы - оны адамдар өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде түсінумен қатысты. Олар қару қолдану, белгілер мен нормалар, өзін-өзі ұстау ережелері, құндылықтар мен символдар



бет5/5
Дата25.01.2023
өлшемі0,52 Mb.
#62807
1   2   3   4   5

Мәдениеттің әрекеттілік анықтамасы - оны адамдар өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде түсінумен қатысты. Олар қару қолдану, белгілер мен нормалар, өзін-өзі ұстау ережелері, құндылықтар мен символдар.

Мәдениеттің сипаттау анықтамасы - оның нақты бір бөлшектері мен көріністерін тізіп шығу.

  • Мәдениеттің сипаттау анықтамасы - оның нақты бір бөлшектері мен көріністерін тізіп шығу.
  • Мәдениеттің антропологиялығы - мәдениеттің өзі адамдар қолымен жасалған заттар әлемі екендігінде және табиғатқа қарсы тұру.
  • Тарихилығы - мәдениеттің өзі тарихтың, қоғамның жемісі екендігінде және де адамзаттың тәжірибе арқылы жинақталған тәжірибесінің ұрпақтан-ұрпаққа берілу арқылы дамуы.
  • Л. Уайт. Мәдениет дегеніміз – символдар бірлігі.
  • Мәдениеттің басқа бір қазіргі заманғы анықтамасын американдық мәдениеттанушы Л. Уайт берді. Ол оны адам барлығында символдарды көре білетіндігі және оны қабылдау мүмкіндігімен байланыстырады. Л. Уайт үшін мәдениет дегеніміз – ол идеяны, сезімді, әрекетті, сенімді, қарым-қатынасты, өзін-өзі ұстау үлгісін, заңдар мен институттар, көркем шығарма мен оның формасын, т.б жатқызатын символдар бірлігі. Л. Уайттың айтуынша, мәдениет – ол ұйымдасқан жүйе, оның шағын жүйесі ретінде технологиялық, әлеуметтік пен идеологиялықтар танылады. Соңғы екі шағын жүйелердің маңыздылығын ескере отырып Л. Уайт, технологиялық шағын жүйені барлық мәдениеттерге детерменантты деп санайды, себебі ол адам өміріне қатысты. Технологиялық жүйені функцияналдыру динамикалық болып табылады және энергия шығынымен байланысты, сондықтан мәдениеттің алғашқы функциясы Л. Уайттың ойынша - қуатты өндіру мен адам өмірінің қажетіне жарату. Л. Уайт мәдениеттің даму деңгейін адам санына қанша қуат алынып пайдаланғаннан, оны пайдалану технологиясының тиімділігінен анықтайды. Осындай байланысты мәдениеттанушы мәдениет эволюциясы заңы деп санады, ол кейіннен ғалымның атымен аталды («Л. Уайт заңы»). Өзінің гуманитарлық білім тарихындағы басқа кезең болып табылатын «Мәдениет туралы ғылым» атты еңбегінде Л. Уайт мәдениетті мәдениеттанудағы жаңа ғылым пәні ретінде сараптап көрсетеді. Жаңа ғылымның пәндік бағытын анықтайды, оның атауын енгізіп, оған жүйелі әдісті қолдануға болатынын көрсетеді.
  • 4. Мәдениет құрылымы. Рухани және материалдық мәдениеттің ара қатынасы.
  • Адам, оның қызметімен өзара қатынасы бар жерде мәдениет бар. Бірақ материалдық және рухани мәдениетті бір-бірінен ажырата білу қажет. Мәдениет материалдық және рухани: бірі-материалдық өндірістің, екіншісі-рухани өндірістің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері – еңбек құралдары және көркем шығырмалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Материалдық мәдениетсіз рухани мәдениет қалыптаспайды. Мысалы, радио, теледидар, компьютер, түрлі ғимараттар, мұражайлар сияқты түрлі материалдық игіліктер арқылы рухани мәдениет таралды. Би, ән айту, жыр жырлау құралсыз іске асырылмайды. Ел мәдениеті неге байланысты? Олар театрларға, басқа да мәдени ошақтарға, сән-салтанатты, барлық жағдайы бар демалыс орындарына, т.б. байланысты. Оларды игілікке пайдалана білу де мәдениеттің бір саласы. Сөйтіп, материалдық және рухани мәдениет тікелей байланысты екен. Одан шығатын қорытынды, мәдениет – қоғамның материалдық және рухани байлығының жиынтығы. Қоғамның материалдық дәрежесі жоғары болған сайын рухани өмір де жоғары болмақ. Біздің қазіргі қоғамдағы қиын жағдай осы өтпелі кезеңде туып отыр. Біріншіден, қаражаттың жетіспеуінен көптеген мәдени ошақтар асып-тосып, істен шығуда. Ауылдық жерлерде клубтар, кітапханалар жабылып жатыр. Қалалы жерлерде кинозалдардың, театрлардың материалдық негізі құлдырап, төмендеді. Екінші жағынан, жалақының аздығынан көптеген талант иелері сауда-саттыққа ауысып кетті.
  • 2) Аксиология (грекaxios -құнды, logos- ілім) -құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Мәдениеттануда құндылықтар мәселесі ерекше орын алады, өйткені, мәдениет адамзат жасаған барлық құндылықтардың жиынтығы деген түсінік кең тараған. Құндылықтардың болмыстық жалпы мәнін ашуға бағытталған Аксиологияның философиялық қырынан, оның мәдениеттанулық өлшемі өзгеше болып келеді. Аксиология әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін, мәдени құндылықтардың қалыптасуын, нақтылы даму тектерін және бағдарларын айқындайтын білімдердің нақтылы-тарихи жүйесі ретінде көрініс тапты. Бұл әсіресе тарихи мәдениеттануда анық байқалды. Мәдениет — адамдық қарым-қатынастарды реттеудің маңызды тұлғалық әлеуметтік тетігі, ал құндылық — норма, үлгі, мұраттармен қатар осындай реттеу жүйесінің шешуші элементі екендігі белгілі. Сол себепті Аксиология әлеуметтік-мәдени талдаудың маңызды құралына жатады. Қазіргі мәдениеттануда құндылықтардың тарихтан тыс әмбебапты жүйелерінен бас тартып, тарихи әдістеме арқылы тең құқықты құндылықтар жүйелерінің молдығына негізделген мәдени-тарихи релятивизм мектебі (Дильтей, Шпенглер, Тойнби, Сорокин, т.б.) қалыптасты. Салыстырмалы мәдени зерттеулердің дамуы нәтижесінде кез келген мәдениет құрылымының, басымдылықтарының және мазмұнының салыстырмалылығы туралы идеялар (Боас, Риверс, Бенедикт) өрістеді. Сонымен қоса, Аксиологиялық плюрализм концепцияларының тарауы бұрынғы жалпы құндылықтар ілімінің негіздерін шайқалтып, олардың құрамына нақтылы тарихи-мәдени контекст енгізді. Қалыптар мен құндылықтар әрбір мәдениетке өзіндік сипатымен айқындалғандықтан, бүкіл адамзатқа бірдей тұжырымдалған мәдениет кодексін ұсыну мүмкін емес. Алайда, жалпы қоғамдық ынтымақтастық, үйлесімдік пен келісімді де бекерге шығаруға болмайды, яғни, тұлға үшін ортақ мақсаттар да қажет (Клахкон). Аксиологиялық зерттеудің маңызды жақтарына психоанализ (Әсіре-Мен, Құндылық архетиптерін талдау — К.Юнг), құндылықтар сұхбаты (М.Бахтин), т.б. жатады.
  • 3) Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесіндегі мәдениеттанудың алатын орны және оның басқа ғылым салаларымен байланысы. Мәдениеттану жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса да буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану — мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы — мәдениет философиясын қамтиды. Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді (материалдық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік, көркемдік т.б.) барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықгарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметтік, саяси-моральдык,ғылыми-көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшелінетін алуан мәдениет түрлерінің өзара байланыстары мен тәуелділіктерін зерттейді.
  • Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды. Демек, мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамти отырьп,ондағы басты мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады. өйткені бұл пән адамзат баласының мәдени өмірдегі толып жатқан құбылыстарын жүйелі түрде қарастырады. Ал мәдени процестердің мәнін ашып көрсетуде түрлі ғылым салаларының өкілдері, атап айтқанда, этнографтардың, әдебиетшілердің, социологтардың, психологтардың, тарихшылардың, демографтардың және т.б. ат салысатынын ескерсек, мәдениеттанумен барлық ғылымдар саласының айналысатындығын айқын аңғаруға болады.
  • Шындығында да, мәдениеттануға осы уақытқа дейін түрлі ғылым салалары, атап айтқанда, антропология, психология, тарих, педагогика зор ықпал етті. Енді осы аталған ғылым салаларының мәдениеттануға қалайша ықпал ететіндігін қарастырып көрейік.
  • Антропологияның басты бағытының бірі — қоғаммен адамды салыстырмалы тұрғыдан зерттеу. Осы тұрғыдан алып қарағанда, «антропология»мәдениет деген ұғымның мағынасын анықтауда үш жағдайға назар аударады. Олар:
  • 1.Қоғам мен адамның мәдени қалыптасуы (ағартушылық);
  • 2.Қоғамдық және адамзаттық салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың, қалыптасқан дағдылардың, қоғамдық мекемелердің және т.б. жиынтығы (бірлігі);
  • 3.Белгілі бір қалыптасқан мәдени жүйеніңбасқа мәдени құндылықтарға қарсылығы.
  • Мәдениетке антропологиялық тұрғыдан берілген бұл анықтаманы мәдениеттану саласындағы көптеген сыншылар «жалпылама» деп есептеп, оның эмпирикалық сипатта екендігін баса көрсетеді. Сонымен қатар олар «әлеуметтік антропология» әлеуметтанудың (социологияның) негізгі әдістері мен үлгілерін қабылдап, осы ғылымға мүлде бет бұрып кетті деп пайымдап, ал «мәдени антропология» деп аталатын антропологияның басты саласы — психология мен тарихқа ден қойды деп тұжырым жасайды. Социология мемлекет, таптар, топтар, сословие және одан да ұсақ қоғамдық топтарды этникалық белгілеріне қарай емес, олардың қоғамда алатын орны мен атқаратын кызметіне қарай зерттейді. Шын мәнісінде, социология мәдениеттанушыларға қоғамның әлеуметтік әрекетшілігіне байланысты мәдениеттің материалдық және рухани көріністерін дұрыс түсініп, ой елегінен өткізуге көмектеседі.
  • Ұлттық мәдениеттің ойдағыдай зерттелуі этникалық немесе ұлттық психологияның мәліметтеріне де тығыз байланысты болып келеді. Этнопсихологиялық зерттеулер ұлттық мәдениетті жасаушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, кез келген ұлттық мәдениеттің өзіне ғана тән сипатын ашып көрсетуде қомақты табыстарға жетіп отыр. Мысалы: орыс биінің, аргентин тангосының, негрлер музыкасының терең ұлттық мәнін тамаша рухани дүниелерді өмірге келтірген халықтың ұлттық мінезін ескергенде ғана толық түсінуге мүмкіндік алған болар едік.
  • Халық туралы және қоғамдық факторларға байланысты оның даму заңдылықтары жайындағы демография ғылымының да мәдениеттануға тікелей қатысы бар. Ұлттық мәдениеттің тоқырауы немесе оның орны толмас ауыр зардаптарға ұшырауы — қоғамдық-саяси жағдайларға және т.б. тікелей байланысты екендігін дәлелдеп жатудың қажеті бола қоймас, өйткені мың өліп, мың тірілген қазақ халқының өткен тарихы сөзімізге нақты дәлел бола алады. «Азшылық» халықтардың немесе тұтастай өркениеттердің құрьп кетуі отаршылдықпен, басып алушылықпен, шектен тыс қанаушылықпен, табиғи апаттармен, эпидемиялармен, маскүнемдікпен, нашақорлықпен және т.б. тығыз байланысты болды.
  • Ендеше тәуелсіздікке енді ғана қолы жеткен Қазақстан Республикасының алдында тұрған басты мақсат — халықтың рухани байлығы — мәдениетті қалпына келтіру, ал мәдени өркендеусіз еліміз өркениетті елдердің қатарына еш уақытта қосыла алмайтыны ақиқат. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мәдениеттану пәнінің қосар үлесі қомақты болмақ.
  • Әрине, мәдениеттану гуманитарлық ғылымдардың ықпалымен дамуда, бірақ соған қарамастан ол жеке пән болып қалыптасу процесін бастан кешіруде. Оған дәлел ретінде қазіргі мәдениеттанудың біртіндеп философияның әкелік қамқорлығынан шығып, өзіндік бағыт алуын айтсақ та жеткілікті сияқты. Мәдениеттанушы, ең бірінші кезекте, мәдени кызметтің нәтижелерімен (мәдени шығармашылықтың нәтижелері, музыка, кескіндеме туындылары және т.б.) санасса да, оның басты мақсаты — тереңде жатыр, дәлірек айтқанда, мәдениеттің рухын игеру болып табылады. Бұл жағдайда мәдениетті игерудің екінші — «коммуникативтік« жағы келіп шығады. Ол білім беру мен тәрбиенің, адамның адамгершілік тұрғыдағы карым-қатынастарының дәрежесіне де байланысты болып келеді.
  • Біздің ойымызша, мәдениеттану пәнінің басты мәселесі — адамзаттың ерекше өмір сүру тәсілі ретінде мәдениеттің қалыптасып дамуы, оның генезисі болып табылады. Мәдениеттанушылардың бұл орайдағы басты мақсаты — дүниежүзілік және ұлттық деңгейдегі тарихи — мәдени процестерді тарихи шындық тұрғысынан түсіндіріп қана қоймай, оларды болжай әрі басқара білу. Ең бастысы мәдениеттану ғылымы мәдениеттің қайнар бұлағынан сусындай білуі қажет. Адамзат баласы өз шешімін таппаған көптеген мәселелерге белшесінен батуы қазіргі заман мәдениетінің көп жағдайларда өз бастауын ұмыта бастағандығынан да болуы керек.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  • 1. Сәрсенова, Ж. Н.Мәдениеттану: оку куралы / Ж. Н. Сэрсенова. - Алматы : Нур-Принт, 2013
  • 2. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы. – Алматы: Tech Smith, 2018.
  • 3. Нағымов, Ш.Н. Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы : Оқулық. / ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы . - Алматы, 2012.
  • 4.Барнард Алан. «Антропология тарихы мен теориясы»/пер. на каз.яз. Под руков. Кульсариева А.Т., Масалимова А.Р. – А., 2018.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет