1-тақырып. Этикалық шешім қабылдау.Қамқорлық этикасы


Журналистік этиканың кодекстері. Журналистиканың басты құқықтық-этикалық міндеттері



бет2/9
Дата08.02.2023
өлшемі63,83 Kb.
#66322
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
4-6 дәріс

Журналистік этиканың кодекстері. Журналистиканың басты құқықтық-этикалық міндеттері.Журналистік этика - журналистің өз әлеуметтік рөлін атқару кезіндегі іс-әрекетінің кодекстері моральдық аспектісін белгілейтін ережелер жиынтығы (В.М. Теплюк). Бұл ережелер арнайы Кодекстерде жинақталады. Кодекс - қоғамдық қатынастардың бір саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін бірегей заңнамалық акт. «Журналистік этика» термині - жаңалықтарды таңдау кезіндегі шешім шығаруда жетекшілікке алатын ұғым. Ал, «Журналистикадағы этика» - редакция қызметкерлеріне арналатын іс-әрекеттер кодексі. Ресми этикалық кодекстерді жасаудағы себептердің бірі - заң шығарушы қүрылымдарының ақтаңдақтарын толтыруға үмтылыс болса, екінші жағынан, заң бұзушылықтар санатына жатпайтын этикалық олқылықтарды қарау болып табылады. Құқықтық актілер этикалық нормалардың теңелетін өлшемі секілді. Айта кетерлігі, 46 Ж йқсы лы қбаева Р.С. Журналист этикасы Кодекстің көптеген жайлары «БАҚ туралы Заңның» баптарын қайталап жататындығы. Этикалық нормалар жинағы әкімшілік күшке ие бола алмайды. Ол еңбек келісімшартында есепке алынбайды жэне белгілі бір норманы бұзғандығы үшін берілетін жазалар жүйесі айқындалмаған. Сондықтан, кәсіби міндеттерді қабылдау, кабылдамау - эркімнің жеке шаруасы. Осыған сәйкес, этика кодексі журналистің жеке міндеттерін қолдауы үшін бағытбағдар қызметін атқаруы мүмкін. Этикалык кодекстер негізінен журналистің өнегелі болмысын аша түсетін ортақ міндеттерді қорытады. Финляндиялық зерттеуші Паре Бруун: «...Ең алғашқы қүжат ретінде Кодекс шамамен 1900 жылы Швецияда жасалынды. Алайда, сол кездері бұл белгілі шеңберден шыға алмады», - деп жазады (Караван. - 1994. - 7 қаңтар, Оқырман сұрақтарына жауап). 1918 жылы Францияда «Мінез-кұлық хартиясы» деген атпен өткен журналистердің ұлттық синдикатында журналистік Кодекс қабылданды. 1921 жылы Гонолулуда (Гавайя штаты) американдық Джеймс Броун «Журналист практикасының этикалық нормаларының кодексін» ұсынды. 1923 жылы Америка Құрама Штаттарында «Журнализм канон дары» деген атпен Кодекс қабылданды. 1946 жылы Халықаралық журналистика ұйымы құрылды. АҚШта журналистік этика туралы көптеген жұмыстар жарияланып, тіпті арнайы журнал да басылып шығады. Осындай алгашкы журналистік этика Кодекстерінің мазмұнына Караганда, оларга сол уақытта кең етек жайған еркін баспасөз түжырымдамасымен тигізген әсері зор болды. XX ғасырдың басында пайда болған тұжырымдама Джордж Мильтон, Т. Джефферсон, Дж-Ст. Милль идеяларына негізделген еді. Өйткені баспасөз қоғамдық институт болып табылады. Оның басты максаты - оқырманды ақпаратпен қамтамасыз ету, көңілін көтеру жэне үкімет тарапынан жасалынатын бақылауға жәрдемдесу болды. Қазіргі журналистика тәжірибесін терең зерттеген Мэрил мен Дэннис екі түрлі байламға келді. Бірі «журналист пен этика - сәйкессіз ұғымдар» десе, екіншісі «Америка журналисі этиканы сақтайды», - деп атап өтті. Бірақ жекелеген журналистердің этика нормаларын сақтайтыны, не сақтамайтындығы емес, белгілі бір ұжымда басылым имиджіне нұқсан келмес үшін журналистердің бәрін сол қағидаларға мойынсұндыру маңызды. Осы ретте көптеген редакциялар тілшіні қызметке қабылдау кезінде қол қойылатын келісім-шартқа «этика кодексін ұстану» деген тармақша енгізеді. Немес кэсіби іс-қимылдар тізбегін жасайды. Мұндай құжат көбінесе редакцияның этикалық саясатына байланысты болады. Этикалық саясат негізі - кодекстер мен нормалар жэне редакцияның тәжірибелік негізде түйіндеген мэселелері. Және түрлі журналистік ұйымдар қабылдайтын кодекстер мен нормалардың заңдық күші жоқ және олар тек қана «идеалдар мен мақсаттар ишараты» болып табылады. Осы тұста Үлыбритания баспасөзінің өкілі Антония Лойд Джоуиз: «1991 жылға дейін ағылшын журналистерінің жалпы мойындалған кәсіптік мінез-құлық туралы» Кодексі бар еді. Бірақ көптеген жанжалқұмар немесе «сары басылымдар» бұл Кодекс ережелерін бұзуды эдетке айналдырды. Осындай жағдайлардың себебімен бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын қайта қарауға тура келді. Сөйтіп, «Пресскоунсил» комиссиясы (баспасөз кеңесі) журналистердің кәсіптік эдебін реттейтін жаңа Кодекс шығарды. Осы кұжаттардың ережелеріне сэйкес баспасөз: нақты, шыншыл болуы тиіс; егерде басылым бетінде қателік жіберіліп қалса, онда кешірім сұрайтын материалдар басылғаны жөн; журналистер фактілер, жорамал, шолу арасындағы айырмашылықты білуге тиіс; журналистердің жеке адамдар өміріне араласуға, қол сұғуға, заңға қайшы келетін әдіс-тәсілдерімен ақпарат жинауға құқығы жоқ», - деп жазады (Англия. - 1992. №2. -916. ЛойдДжоуиз А. Свобода слова). Қазіргі ағылшын журналистеріне қойылатын этикалық, моральдық талаптарға тоқталып өтсек. Ағылшын журналистерінің Кодексінде мынадай бес міндет көрсетілген: 1. Адамның жеке өміріне, эсіресе, халық арасында жаманды-жақсылы аты шыққан адамдардың өміріне араласу, қоғам мүддесіне негізделу керек. 2. Қажет жағдайда газет бетінде жауап жариялауға мүмкіндік беріледі. 3. Қателіктер тез түзетіліп, түзетулер көрінетін жерде жарияланады. 4. Жария ету үшін ақпарат тек қана шыншыл және ашық жолмен алынады, бұл талап қоғам мүддесі үшін зор маңызы бар материалдарға қойылмайды. Кітаптары, мемуарлары, т.б. үшін газеттер қылмыскерлерге ақша төлемейді. 5. Газеттер, егер де мұның эңгімеге қатысы болмаса, адамның нэсілі, терінің түсі жэне діни көзқарасына сілтеме жасамайды. Ұлыбританияның БАҚ-на үкімет, саяси партиялар ешқандай бақылау жасамайды. Баспасөз ұйымдары «Баспасөз туралы» Заңды басшылыкка алып, өз жұмыстарын өздері реттеп отырады. Мерзімді басылымдар - не туралы, қалай жазамыз десе ерікті, олар эртүрлі материалдар жариялауға құқылы. Дегенмен, ұлтаралық қатынастарды шиеленістіретін, біреуге жала жабатын және «Ресми құпия ақпарат туралы» Заңға кайшы келетін хабарлардың жарыққа шығуына жол берілмейді. Сонымен қатар, кейбір сот істері туралы есепті түгел, толық түрде басуға тыйым салынған. Үкіметтің Қорғаныс, баспасөз жэне хабарлама жөніндегі Комиссиясы ұлттық қауіпсіздікті камтамасыз ету мақсатымен БАҚна кейбір ақпарат, мәліметтерді жария етуге тыйым салады. Заң жүзінде бұл комиссияға бағынуға міндетті емес БАҚ-ның барлығы да оның нұсқауларымен санасып отырады. Кей кездерде құпия болып қалуға тиіс ақпараттың жарыққа шығуына жол бермеу мақсатымен үкімет қатал шаралар қолданады, тіпті істі сотқа беруге дейін барады. АҚШ-тың бір ерекшелігі, бұл мемлекетте Баспасөз туралы Заң жоқ, есесіне Конституцияның бірінші өзгертуі бар. Журналистер «демократия сыйы» деп атайтын бұл өзгерту Үкіметке баспасөз жұмыстарына араласуға тыйым салып, журналистердің сөз бостандығын камтамасыз етеді. АҚШ-тағы кәсіби журналистер қоғамының «Практикалық журналистикадағы этика» анықтамалығында: «Акиқатты іздеңіз және ол туралы мейлінше толық мағлұмат беріп отырыңыз. Қүқығы жоқтарға сөз беріңіз. Еркін қимылдаңыз. Өзіңізді тәуелді ететін тұлғалардан кашық жүріңіз. Өзгелерге зияныңыз тимесін. Ақпарат көздеріне, кейіпкерлеріңізге жэне эріптестеріңізге журналистік максаттарыңызға жетудің жолы деп емес, сыйлауға түрарлық тұлға ретінде қараңыз», - деген анықтама бар. Кодекстің БАҚ-ы үшін тигізер пайдасының көп екені сөзсіз. Шынын айту керек, журналистер өздеріне берілген бостандықтарды пайдаланып, шектен шығып, этика, моральдың талапережелерін бұзып та жатады. Мәселен, «Дүниежүзіне әйгілі ағылшын әншісі Элтон Джон туралы көп таралымды «Сан» газеті бәлелі мақала жариялап, әлгі кейіпкердің рұқсатынсыз алынған фотосуреттерді басқан. Баспасөздің мұндай озбырлығына наразы болған энші бұл газет үстінен сотқа арыз берді. Бірақ бұл дау екі жақтың келісімге келуімен шешілді. Журналистің кәсіптік мінез құлығы Кодексінің қайтадан қабылдануы осыдан. Енді Америка Құрама Штаттарының тәжірибесіне тоқталайық. Журналистерге, оның ішінде радиода істейтін қызметкерлерге қойылатын этикалық талаптарды «Азаттық» радиостанциясының комментаторы Вадим Белоцерковскийдің «Журналист» журналына берген сұхбатынан көруге болады. Онда эйгілі радиокомментатор радиожурналистер үшін негізгі төрт шартты атап айтады: 1-шарт. «Сыбыстарды пайдаланба!» Эфирге берілетін фактілердің барлыгы кем дегенде екі түрлі ақпарат көздерімен дэлелденуге, расталуға тиіс; 2-шарт. «Арандатпа!» Арандатушы насихат жүргізуге қатаң тыйым салынған. Біздің митингілерге шақыруға, ұлтаралық қатынастарды шиеленістіруге жэне сөз жоқ, заңды үкіметті қүлатуға үндеуге қақымыз жоқ; 3-шарт. «Эфирде сандырақтама!» Басқаша айтқанда, бізге қанішерлер, сатқындар сияқты неше атаулар таққан тоқырау заманындағы кеңестік баспасөзге ұқсап кетпе; 4-шарт. Мүмкіндігінше, біздің радиоқабылдағыштар мен студиялар орналасқан мемлекеттердің өкіметін сынамауға тырыс. Қарап отырсаңыз мұның өзі дипломатияға жатады (Журналист. - 1990. №10. 74-75 бб. Фере Г. «Свобода» без грима). Баспасөз қызметкерлері үшін оқырмандардың сеніміне қалайша кірудің жолын көрсетіп, кеңес берген «Уэстчестер Ролэнд ньюспейперз» газеттер тобының вице-президенті эрі атқарушы редакторы Лоуренс К. Бопре мынадай негізгі талаптарды атап көрсетті: «Сенімге ие болу үшін журналистерге нақтылық, ақпарат көзіне сілтеме жасау, адалдық, көңіл білдіру, жақсы мінез-құлықтар сияқты қасиеттер тән болу керек» (Журналист. - 1993. №10. - 48-49 бб. Школа Американской журналистики). Сөйтіп дүниежүзінің барлық елдерінде, оның ішінде сөз бостандығы дамыған мемлекеттерде журналистердің қызметін реттеп отыратын, журналистиканың халықтың сеніміне, қүрметіне бөленуін қамтамасыз ететін этикалық талаптар бар. Олар журналистиканың беделін көтеруге, сайып келгенде, бүкіл қоғамға қызмет етеді. Озық елдерден біздің жаңадан қалыптасып келе жатқан еркін журналистиканың үйренері көп. Қазіргі басылымдар таралымы сұранысқа тікелей байланысты, сондықтан, әрбір мерзімді басылым оқырманды қызықтыратын, көңілінен шығатын неше түрлі материалдар жариялап жатады. Оқырман аудиториясы үшін қатаң бәсеке кезінде этикалық талаптардың жолда қалу жағдайлары жоқ емес. Әрине, газет-журнал материалдары бойынша жүргізілетін сот істері шет елдерге қарағанда бізде сирек, бірақ әдептілікке жатпайтын материалдардың жарыққа шығуы кейде кездесіп жатады. Журналистің кәсіби этикасы түрлі жағдайлардағы шығармашылық деңгейіндегі біліктілігі мен адамдармен қарым-катынасы нәтижесінде көрініс тауып отырады. Бүгінде еліміздің мәселелерін жасырмай, ашық айту - журналист әдебінің талабы. Журналист еңбегінің жемісті нәтижесі мен жеке басының кадір-қасиеттеріне байланысты. Зерттеуші А.Капто: «Ескі ағылшын мақалында айтылғандай, егер дәрігердің қателіктерін жер, заңгердің кателіктерін түрме жасыратын болса, газетші, телерепортер, радиожурналистің жіберген кемшіліктері сол сәтте-ақ бәріне әйгілі болады», - деп жазады (Диалог. - 1990. №3. 24 б. Капто А., Не навреди). Бұл өте дұрыс, дәл жазылған. БАҚ-тың кай түрін алсаңыз да, миллиондаған аудиториясы бар. Сондыктан журналистің этикалық талаптарды бұзуы, кемшіліктерге ұрынуының келтірер зияны зор. Ал, Қазақстан журналистерінің кәсіби этика Кодексінде осы тәрізді жайттар толыққанды қарастырылмаған. Тек жалпылама түсініктер көп. Сондай-ақ, еліміздің журналистерінің кәсіби этика Кодексінде демократиялық қоғам құруға, БАҚ пен билікті әлеуметтік бірлестік құруға шақыратын ұрандар көбірек. «БАҚ көпшілік санасына үрей, қорқыныш сезімін тудыратын, ұжымдық невроз әкелетін феномен ретінде, жарияланатын ақпаратты жіті таңдап, қажетінше мөлшерлеу керектігі» айтылған екен. Ал, КСРО мемлекеттері журналистерінің кәсіби этика Кодексінде керісінше, «Журналист деректерді тандау, баяндау мен бағалау, өңдеу мен тарату кезінде қоғамдық маңыздылығына сүйенеді. Ол БАҚ-тың пікірлер алуандығын, яғни, плюрализмді объективті түрде жариялауына атсалысуы керек. Журналистің қоғамдық маңыздылығы бар ақпаратты жасырып қалуға, деректерді өзгертуге, оларды жалған баяндауға құқығы жоқ», - делінген. Яғни, біздің Кодекс журналистерді қоғамның санасына кері әсер ететін жайттарды жария етпей, адамға үрей, қорқыныш әкелетін материалдардан алшақ болуға шақырса, екіншісі, журналистерге барынша шынайы болуды, деректерді тұмшаламай жеткізуді бұйырып отыр. Тағы бір тілге тиек болатын жайт, еліміздің Кодексінде сайлау науқаны кезінде БАҚ-та жарияланатын материалдардың тәртібі мен дұрыстығы туралы жайттар жақсы көрсетілген. Бұл КСРО мемлекеттері журналистерінің кәсіби этикасында мүлде жоқ. Өкінішке орай, мазмұны мен маңыздылығы жағынан КСРО мемлекеттері журналистерінің кәсіби этика Кодексінің үпгген бір ғана пайызын құрайтын Қазақстан журналистерінің кәсіби этика Кодексі әлі де көпсатылы өзгертулерді қажет етеді. Еліміздің журналистер Кодексі тек кіріспе бөлім ретінде ғана дайындалып, онда көрсетілуі тиіс көптеген жайттардың жазылмауы, құжаттың атүсті дайындалғандығы туралы хабар береді. Елімізде журналистік әдепке қатысты тұңғыш құжат «Қазақстан Республикасындағы Ұлтаралық қатынастарды жазып көрсетудегі этика кодексі» болып табылады (Егемен Қазакстан. - 1997. - 31 қазан. F Мүсірепов, Журналистік этика). Оның тупкі мәні еліміздегі ұлтаралық қатынастарды жазудағы мақсаттарға келіп тіреледі. Өйткені, оның өзіндік себептері бар. Қазақстанда қазақтан басқа да ұлт өкілдері тұрады. Осындай көп ұлтты мемлекеттің ішкі бірлігін сақтауда бұкаралық акпарат құралдары елеулі рөл атқаратыны сөзсіз. Сондықтан да, журналистердің ұлтаралық қатынастарды жазуы барысында кәсіби этикаға баса назар аударылуы бұқаралық ақпарат кұралдарында обьективті көзқарас қалыптастырады. Осы бағытта журналист өзінің кәсіби этикасын қаншалықты ұстанатындығын көрсетеді. Қазақстан Журналистер одағы мен «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі казакстандық журналистердің ортақ мойынсұнатын этикалық кодексін жұртшылық талқысына тастаған болатын. Кодекс біраз уақыт каралып, 2012 жылдың күзінде еліміздің біркатар жетекші БАҚ басшылары, республикалык басылымның бас редакторлары қатысқан алкалы жиында ақырғы талқылаудан өтіп, соңғы нұсқасы арнайы хаттамаға қол кою арқылы кабылданды. Осы ретте Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев: «Біз осыдан 10 жыл бұрын Түркістан қаласында журналистерге арналған ортақ кодексті қабылдау мәселесін көтерген едік. Ол кезде де біреуі келісіп, біреуі келіспеген болатын. Бірақ та биыл жазда Елбасының осы жайлы арнайы тапсырмасы болғандықтан, біз бұл кодексті қайта қарауға бел шештік. Республиканың бірнеше қалаларында жиналыс өткізіп, адамдармен пікірлесіп осындай қадамға келдік. Бұл тікелей ақпарат министрлігімен бірге ұйымдастырылды. Айтар болсақ, біз әр бапты нақты талқыладық. Бұл кодекс жас журналистерге, университеттің журналистика факультетінде оқитын студенттерге қажет деп ойлаймын. Алайда, бұл кодекстің заңды күші жоқ», - деп атап өтеді (Әділет. - 2012. - 7 қараша. С. Асанов, Қабылданған этикалық кодекстің заңды күші жоқ. Алайда ол жастарға аса қажет!). Басқа мемлекеттерде журналистердің бағынатын этикалық мэні аса жоғары этикалық кодекстері бар. Ал біздегі бұл кодекстің заңды күшінің болмауы бәрімізді ойландыратын жайт. Журналистикада «БАҚ туралы Заң» бар. «БАҚ туралы Заңмен» қатар, өзге де заң, кодекстер қолданылады. Егер журналист баспасөз арқылы біреуге тіл тигізсе, «Қылмыстық кодекске» сай жазаланады, азаматтардың абыройын төгіп, намысына тисе іскерлік беделін нұқсан келтірсе, «Азаматтық кодекс» арқылы айыпталады. Қазіргі таңда журналистер сыбайлас жемқорлықты, қоғамды жайлаған басқа да індеттер мен келеңсіздіктерді батыл әшкерелей алады жэне жамандық атаулының тамырына балта шауып, еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қоса алады. Осы жағдайдың барлығы ескеріліп, 1991 жылдың 24 сәуірінде Кеңестер Одағы ыдырамай тұрған уақытта КСРОның конфедерациялық негіздегі журналистер Одағының I съезі «Журналистің кәсіптік этикалық Кодексін» қабылдады. Бұл Кодекстің негізгі мақсаты - демократия мен жариялылық жағдайында сөз бостандығын теріс пайдалануға жол бермей, журналистиканың мәдениеттілігі мен әдептілік дәрежесін сақтауды қамтамасыз ету болып табылады. Құжат үш бөлімнен, он үш баптан тұрады. Кодекстің «Журналистің кәсіптік этикасының принциптері» деп аталатын бірінші бөлімінде журналистің кәсіптік этикасының негізгі міндеттері былайша көрсетілген: «1. Журналистің әлеуметтік жауапкершілігі 2. Адамдардың шынайы ақпарат алуға деген құқығы. 3. Журналистің объективті шындыққа адал болуы, ар-ұяттылық. 4. Журналистің кәсіби шынайылығы. 5. Адамның жеке басының өмірі мен қадір-қасиетін құрметтеу. 6. Жалпыадамзаттық қоғамдық құндылықтарды қадірлеу. 7. Ақпарат аймағындағы жаңа халықаралық тэртіпке ықпалдасу». Осы жеті міндетті жеке-жеке алып қарастырсақ. 1. Журналистің әлеуметтік жауапкеріиілігі. Қазір журналист ең алдымен, қоғам, оқырман, көрермен, тыңдарман алдында жауапты, жүртшылыққа қызмет етіп, ақпаратпен қамтамасыз етеді. «Азаматтардың акпарат алу кұкығын қамтамасыз ету - журналистің ең бірінші парызы» (Журналист. - 1991. №6. 9-12 бб., Журналистің кәсіптік этикасының Кодексі). Журналистикада ақпарат халықтың игілігіне жұмсалатын зат ретінде пайдаланылады. Ол дегеніңіз - журналист берген ақпараты үшін жауапты. Демек, журналист мемлекеттік, қоғамдық маңызы зор оқиғалар жөнінде дер кезінде акпарат беруі тиіс. Журналист әлеумет мүддесін көздейді. Халықтың мүддесіне жат, Конституцияға, демократияға қайшы келетін нәрселер журналист үшін де жат болу керек. Журналист моральдық, этикалық жанынан таза болуға тиіс, сонда ол өз жұмысын жақсы атқарады. Ол қоғам алдында ұсынып отырған хабары үшін жауапты болады, демек оның баспасөз, телевизия немесе радио аркылы тарткан жаңалығы шындыққа сай болуға тиіс. Сонымен қатар «БАҚ туралы» заңда және Кодексте көрсетілгендей, баспасөз, телевизия, радио аркылы қоғам мүддесіне сай келмейтін, жеке азаматтардың Конституцияда кепілдік берілген кұкыктарын бүзатын, соғыс пен зорлық-зомбылықты мадақтайтын, үлттар арасына іріткі салатын, әлеуметтік, нәсілдік, діни астамшылықты дэріптейтін, зұлымдық, порнография сияқты зиянды құбылыстарды насихаттайтын ақпарат жаңалықты жариялауға жол берілмейді. Осыдан олар қалың бұқараға әдептен аспаған ақпаратты жеткізуге міндетті деген ой қылаң береді. Өкінішке орай, еркіндік алған Қазақстанның 1990 жылдардағы баспасөзінде демократияны дұрыс түсінбей немесе берілген бостандықтарды өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін журналистің кәсіптік этика Кодексінің міндеттеріне қайшы келетін материалдарды көптеп кездестіруімізге болады. Журналист бүкіл қоғам үшін қызмет жасайды, адамдардың жаңалыққа деген сүранысын қанағаттандырады. БАҚ-ның аудиториясы өте кең, олардың тарататын хабарларының жетпейтін жері жоқ. Сондықтан да, журналист өзінің қызметін ойдағыдай атқаруға тиіс. Бұл үшін ол өз мамандығын терең меңгеріп, шеберлікпен жүмыс жасау керек. Журналистикамен кэсіби біліктілігі жоғары адамдардың айналысқаны жөн. Адамдардың шынайы ақпарат алуға деген құқығы. Журналистің ең алғашқы міндеті - объективті шындықты шынайы бейнелеу арқылы адамдарға дұрыс әрі анық ақпарат берудегі кепілі. Журналист дәйектердің түпнұсқалық мағынасын сақтап жэне маңызды байланыстарды аша отырып, өзгертулер енгізбей, адал баяндауы керек. Жаратылыс, табиғат және болған оқиғаның жайты мен оның қазіргі күйі барынша объективті түрде түсінікті болуы үшін, сондай-ақ, қоғамның әлемге байланысты нақты түсінік қалыптастыруы үшін жеткілікті ақпарат беріп, өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін толығымен пайдалануы керек. Журналистика кәсібінің болмысы журналистен ақпараттың жалпыға бірдей ашық болуына ықпал етуі мен қоғамның журналист жұмысына етене араласуын талап етеді. Бұл дегеніңіз - қателерді түзету міндеті мен жауап қайтаруға деген құқық.Журналистің кәсіби шынайылығы. Осы міндетті шын мәнінде орындайтын журналист ешқашан да өзінің қызметі беретін мүмкіндіктерді жеке басының немесе туған-туыстарының мүддесі үшін пайдаланбайды. Қандай жағдай болмасын, БАҚ-ты лайықсыз мақсаттарға жету үшін пайдаланып, өзіне ұнамаған азаматтарды қудалау, олардан кек алу үшін қолдануға жол берілмеуі тиіс. Журналистиканың беделін түсіретін нәрселердің бірі - плагиат, яғни, сұхбат берген адамның, белгілі материал авторының сөзінен, әдеби шығармадан, тағы басқалардан үзінді келтіріп, оны өз еңбегінің жемісі етіп көрсету. Адамның жеке басының өмірімен қадір-қасиетін құрметтеу. Журналист өз қызметін атқару барысында адамдардың құқықтарын қорғап, жеке басын құрметтеуі тиіс. Адамдардың жеке құқықтарына Конституцияда кепілдік берілген: «Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін, бостандығы мен ажырамас құқығын ең қымбат қазына деп таниды жэне өз қызметін азамат пен қоғам мүдделері үшін жүзеге асырады» немесе: «Адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайды» (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1993. 5 б.). Даулы мәселелер туралы жазғанда журналист өте сақ, әдепті болуға тиіс, кінәсі анықталған азаматтар жөнінде ақпарат жариялаған кезде де сөздерді таңдап, неғұрлым сыпайы болғаны дұрыс. Баспасөз зерттеушісі В.М. Теплюк бұл туралы былай жазады: «Журналист ең алдымен, өзінің материалдарымен соттың шешімін ауыстырмауға, одан озып кетпеуге, кінәсі анықталмаған адамға кір жұқтырмауға тырысу керек» (Теплюк В.М. Этика журналистского творчества. 1980. С. 22.). Журналистік этиканың аудиториясы – оқырман, көрермен, тыңдарман, халық. Ол (этика) сол қоғаммен, сол
халықпен бірге қозғалып, бірге дамиды. Қоғамымызда этикалық заңдылықтардың нормалары сақтала бермейді. Бұл – этикалық проблема. Журналистік дәстүрлер сабақ-тас тығының сақталмауы, аға ұрпақ тәжірибелерінен қолүзу – проблемадан туындаған проблемалар. Журналист
этикасының проблемалары бізде жете зерттелмеген, талданбаған. Тіпті, бұл мәселе жөнінде қазақ тілінде ғылыми әдебиеттер некен-саяқ.Журналистік қызметтің саяси, құқықтық, адамгер шілік нормалары, біздің байқауымызда, әлі де шашыраңқы. Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарындағы қаптаған этикалық ақаулар, қым-қиғаш заңсыздықтардың орын алуы соның салдары.Заң – әр қоғамның, әрбір жеке адамның өмір сүру ережесі. Заң – тәртіп, талап, тиым, шара, жаза.
Әлбетте, шара бар да, жаза бар. Шара қолданады, жазаға тартады. Ауызша ескерту, екінші қайтара ескерту, жазбаша ескерту, көпшіліктің талқысына салу, қызметтен босату – бәрі-бәрі тәртіп, шара. Шараға қарағанда жазаның табиғаты қаталдау. Жазалаудың түрі көп.
Заң жоқ болса үкімет те, мемлекет те жоқ. Заңы жоқ халық – тобыр.
Заңның ғылыми анықтамасы:
1. Заң – заттардың, құбылыстардың немесе процес
тер-
дің өзара байланыстылығы, олардың бір-біріне тәуел-
ділігі.
2. Мемлекеттің ең жоғарғы өкімет органдары қабыл
-
дайтын, ерекше заңдылық күші бар жалпыға ортақ жоба,
ереже.
3. Қалыптасқан белгілі бір тәртіп, жүйе. Заңдылық –
белгілі бір заң жүйелері, заңдар жиынтығы.
/Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен/Заңдылық дегеніміз – заң өлшем-нормаларының жалпы сипаты. Заңсыздық заң нормаларының бұзылуы,
заңнан ауытқу.
Ал жазаның ғылыми атауы – кодекс. Кодекстің әр заманда, әр елде әртүрлі атаулары болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет