1-тақырып. Этикалық шешім қабылдау.Қамқорлық этикасы


Обьективті болу, оқиғаның мән жайын анықтау



бет8/9
Дата08.02.2023
өлшемі63,83 Kb.
#66322
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
4-6 дәріс

Обьективті болу, оқиғаның мән жайын анықтау
Объективтілік – сыртқы физикалық және әлеуметтік әлемнің ешбір өзгеріссіз «объективті» және өзіндік пайымдаудың әсерінсіз шынайы суретінің, бейнесінің мүмкіндігі жайлы түсінік. Қауіпті азайтудың SPJ – 1909 жылы DePauw Университетінде Уильям Мехарри Гленн жарғысын әзірлеген Sigma Delta Chi атауымен танымал болған АҚШ журналистерінің кәсіби қоғамы. Сиссела Бок – Гарвард университетінің этика жөніндегі маманы Сиссела Бок «Жариялылық тесті» авторы. Ол «Қай кезде өтірік айтуға болады?» деген сұраққа жауап іздейді. Егер бұқаралық ақпарат құралдарында істейтін маман осындай жағдайға тап болса, яғни қоғамды алдау дұрыс деп шешсе, ол этикалық дилеммалар арқылы шешім қабылдауы керек. Оқиға: деректерге «малтығып қалу» Беки Вишневский колледждің соңғы курсының студенті еді. Ақпарат жазуға төселіп алған ол бірде мынадай дилеммаға тап болды. Оқиға былай басталған. Вишневский студенттер басылымына, Хроника және Қарағайлы Қыр блогтарына, журналистика студенттерінің Нью-Йорктегі ең танымал сайттарының бірі timesunion.com басылымына жазып жүрді. Оның жазғандарын оқырмандар жылы қабылдап, өз пікірлерін де білдіріп тұрды. Бакалавр кезінде Беки жүзуден колледж құрамасына кіріп, осы спорт түрінен сабақ та берген. Бірде сабақтан мектептегі жүзу үйірмелері туралы жазу жөнінде тапсырма берілді. Әлдебір мектептегі жүзу үйірмесінің айналасында дау туындап, мәселе күн сайын шиеленісіп бара жатқан еді. Жүзу спортын іштей жақсы білгенімен, ол туралы жазуға келгенде Бекидің ойы тұйықталып, қаламы тартыншақтай берді. Бекидің бұл тақырыпта бейтарап дүние жазып шығуына кедергі келтірген тағы бір фактор бар еді. Ол – Бекидің жеке басының мүддесі, яғни осы спорт түріне жақын болуы оның журналист ретінде бейтарап көзқарас ұстануына кедергі болды. Беки мәселені жан-жақты қамту үшін мектеп автобусының қатынауы мен жүзу үйірмесінің дәріс өткізу жиілігі туралы сөз қозғады. Артынша жергілікті «Сырқатты бақылау орталығы» мекемесінің берген мәліметтерін басшылыққа ала отырып, статистикалық дәйектер мен деректер келтірді. Сонда мынадай бір қызық мәлімет тапты. Ақ нәсілділер мен латынамерикалықтарға қарағанда қара нәсілді оқушылардың суға батып кету көрсеткіші жоғары екен. Осы деректің себебін анықтауда ең бірінші дереккөз мектептегі спорт директоры екені белгілі. Спорт директоры Вишневскийге көмектесуге келісе кетті. Бекидің қажетті мәліметтер жинауы үшін мектептің статистикалық деректерін ұсынып, жүзу үйірмесінің сабақтарына қатысуға рұқсат жазып берді. Уақыт өте келе Беки директормен өте жақсы араласып кетті. Тығырық: деректердің бәрін қамту керек пе, әлде кейбірін ғана ма? Жарияланған мақалада бірнеше адамның әлгі жүзу үйірмесі жайлы көрген-білгендерінен түйген пікірлері қамтылған. Вишневский үйірме директорынан, ата-аналардан, оқытушылардан, оқушылардан сұхбат алды. Мақаланы толыққанды аяқталдыға санаған Вишневский мәселені жан-жақты таныстыру және проблеманы бейтарап ұсыну үшін әртүрлі дереккөздерден мәлімет жиналды деп есептеді. Бұл тұрғыда автор жүзу үйірмесіне қатысты кейбір негізсіз және әділетсіз сыни пікірлерді келтірмеуге тырысты. Іс-әрекет құралы: Қауіпті азайтудың SPJ мандаты және Сиссела Бок тесті Беки мақала жазу барысында үйірме туралы әрқилы пікірлерге кездесті. Мәселен, үйірме директоры үйірме сабақтарының «өте жоғары деңгейде» өтетінін айтқанымен, Бекидің өзісабаққа қатысып жүріп, оның анау айтқандай керемет еместігін көрді. Кейін мұғалімдермен де сөйлесу барысында, бұл пікірге негіз таба бастады. Үйірме мұғалімдері іштегі кейбір келеңсіздіктерді айтты, бірақ мақалада өз есімдерінің аталмауын сұрады. Өйткені ұстаздар мен қызметкерлердің жұмыс орнын жамандауға батылы бармады. «Әрине, кім болса да өз бастығын ашық түрде халық алдында масқаралай алмайды. Кім жұмысынан айырылып қалғысы келсін?» – деп түйді ішінен Беки. Енді не істеуім керек? Вишневский жұмысқа шындап кірісті. Журналистік қағидаларды басшылыққа ала отырып, кәсіби түрде әрекет ете бастады. Алдымен бөлмелес досына мәселені егжей-тегжейлі баяндап берді, кейін екеуі мақала дұрыс шығуы үшін профессор-редактордың алдынан өтуді жөн деп тапты. Дегенмен Беки ақпарат әлі де жеткіліксіз екенін ойлап, әлі де іздене түсті. Кәсіби Журналистер Қауымдастығы «қаламгер мамандар қалай жұмыс істеуі және қандай сұрақтарға жауап іздеуі керек?» деген мәселеде бірден бір көмекші екені анық. Осы орайда Беки алдымен Қауымдастықтың ресми сайтына жүгінді және ондағы материалдардың арасында мынадай жазуды кезіктірді: «редакторлардың, продюсерлердің, жаңалық жүргізушілері мен өзге де лауазымды қызметкерлердің қарапайым тұлғалардың өміріне тым етене араласып кетуін кей адамдар әдепсіздік деп тануы мүмкін». Бекидің жағдайында мұндай тәуекел жоқ еді. Ол бар болғаны куәгерлермен сұхбат жасап, статистикалық мәліметтер жинады. Оқырманның реакциясы Өзге де басылымдар секілді timesunion.com басылымы да жазылған мәселелерге қатысты оқырмандардан пікір қабылдап, жариялап отыратын. Бекидің мақаласы да көпшіліктің назарына ұсынылды. Алғашқы күннен-ақ оқырмандар мақалаға өз пікірлерін қалдыра бастады. Сыныптағы сабақта оқытушылар жазылған мақалаға пікір қалдырудың артықшылығы мен кемшілігі туралы пікір алмасуға да көңіл бөлуші еді. Бұл ретте Беки пікір қалдырудың артықшылығын айтатындардың қатарында болатын. Ол, әсіресе, бірінші келген пікірлер оқырманның мәселеге қатысты шын мәніндегі ойы мен бағасын білдіреді деген пікірде болатын. Ал Бекидің мақаласының астына бірінші болып қалдырылған пікір мынау еді: «Жүзу үйірмесі сабақтан бұрын немесе кейін болуы керек қой. Өйткені бассейнге қатынау, сабақ арасында жүзу формасын ауыстыру, мұның бәрі біраз уақытты қажет етеді. Ой құралы: Надандық пердесі Джон Роулдың «Әділдік теориясында» жоғарыда аталған Бекидің оқиғасы секілді жағдайларда әдепті шешім қабылдауға үйрететін құнды пікірлер айтылған. Роулдың пікірінше, көпшілік негізінен «надандықтың көлеңкесінен» шыға алмай қалады. Қандай да бір тосын мәселе туындаған кезде адамдардың бәрі бірдей пікір ұстанып, жағдайға бір призмадан қарайды. Вишневский жүзуді үйрететін бапкер ретінде жұмыс істемеген болуы да, спорттың бұл түріне қатыспаған болуы да мүмкін. Роулдың пікірінше, Бекиді ешкім түсіне алмайды. Жекелеген адамдар мәселенің детальдарын біле отырып, мақаладағы позитив пен негативті және жазылған қарама-қайшы пікірлерді саралайды. Содан кейін барып өздері іштей шешім қабылдап, көңілдеріне қонымды бір тарапты таңдайды. Роулдың теориясы бойынша, шешім қабылданғанда «жеке бас еркіндігі барынша күшейтіліп», «әлсіз топтар барынша қорғалады». Тілшілер мен редакторлар дайындап жатқан дүниелеріне қолда бар деректердің қайсысын енгізіп, қайсысын қалдыруды ойластырғанда КЖҚ тұжырымдамасындағы журналистік әдеп негіздеріне зияны тиюі мүмкін жайттарды саралап, зиянды барынша азайту мақсатында аудиторияның реакциясын алдын ала сезінуі керек. Кітап: Дәріс: Медиа этика. Жас мамандардыҚазақстан журналистінің этикалық кодексінің 4 бабында «Журналист объективтілік, қасақана емес қадам жасау қағидаттарын ұстанады және Сенімділік, толықтық және объективтілік мақсатында журналист ақпараттарды түрлі көздерден алу үшін барынша күш-жігер жұмсайды» деп бекітілді. Дәрісті қорытындыласақ, журналиске объективті болу, оқиғаның мән-жайын анықтау, оқиғаның балама дереккөздерін пайымдау, деректерге мән беру үшін кәсіби дағдылар мен білімді игерумен қатар, этикалық диллема бір басында – жедел ақпарат, екіншісінде – кейіпкері тұрса, медиа таразысын тең ұстау шеберлігіне өзін әрдайым баулу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет