Журналистік кәсіби этиканың жауапкершілігі. Журналистің кәсіптік этикасының негізгі міндеттері Құкықтық мемлекетте бұкаралық ақпарат құралдарының қызмет етуінің негізі ақпарат бостандығымен тікелей байланысты. Бірақ ешбір бостандық шектеусіз болмайды, ол кұқықтық және этикалық жауапкершілікпен шектелуі тиіс. Журналистиканың қоғамдық өмірге әсерінің мүмкіндіктері мен іс-әрекеттерінің бостандығы көбірек болған сайын, оның жауапкершілігі де арта түседі. Әрбір журналист кәсіби парызын ақтағанда, журналистикаға тиісті талаптарға өзінің шығармашылығымен, шыншыл әрі объективті жарияланымдарымен жауап кайтаруы тиіс. Ең бастысы, журналистің жоғары мәдениеті болып, этика кодексін жіті сақтауы керек. Сонымен бірге, әр елдің өзінің «Бұқаралық ақпарат кұралдары» туралы Заңы болады. Бұл әрбір елдің журналистикасының басты нормативті құжаты болып табылады. Онда журналистердің құқықтары мен міндеттерінің сипаты, редакция мен құрылтайшылар арақатынасын айқындайтын мәселелер, сондай-ақ, баспагерлер, бұқара, азаматтар ақпарат көздерімен арада болатын жайлар қарастырылады. Елімізде бұқаралық ақпарат құралдары бостандық алды. Бұл 1991 жылы қабылданған «Баспасөз және басқа бұқаралық хабарлама құралдары туралы» Заңның I бабында көрсетілген: «Баспасөз және басқа бұқаралық хабарлама құралдары ерікті. Азаматтарға Қазақ ССР Конституциясы кепілдік берген сөз бостандығы мен баспасөз бостандығы баспасөзді жэне басқа бұкаралык хабарлама құралдарын қоса кез келген формада пікірілер мен нанымдар айту, хабарлама, идеялар іздестіру, таңдау, алу жэне тарату правосын білдіреді. Бұқаралық хабарламаға цензура жасауға жол берілмейді» (Егемен Қазақстан. - 1991. - 21 қазан. «Баспасөз және басқа бұқаралык хабарлама құралдары туралы» Заң). Енді бұқаралық ақпарат кұралдарының еріктілігі жағдайында журналистерге қойылатын талаптар да өзгерді. Бұрын журналист үгітші, насихатшы және ұйымдастырушы деп аталып келді, енді оның негізгі қызметі қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету; қазіргі журналист, ең алдымен, информатор болып табылады. Әрбір журналист өзі үшін жауап беруге міндетті, жария етілген әрбір сөзі, мақаласы үшін жауапты болады. Журналистиканың даму деңгейі, қоғамдағы беделі әрбір басылымның, жеке журналистің қызметіне, баспасөз бостандығының қандай дәрежеде пайдаланылып жүргеніне тікелей байланысты. Демек, біздің елде демократия орнады деп сөз бостандығын теріс пайдаланып, кез келген ақпаратты жария етуге болмайды. Бұл туралы «Баспасөз жэне басқа бұқаралық хабарлама құралдары туралы» Заңның I тарауының 5-бабында жазылған: «Бұқаралық хабарлама қүралдарын мемлекет немесе заңмен арнайы қорғалатын, өзге де құпияны күрайтын мәліметтерді жария ету, қолданылып жүрген мемлекеттік жэне қоғамдық қүрылысты күштеп қүлатуға немесе өзгертуге, республиканың егемендігі мен территориялық тұтастығын бұзуға шақыру, соғысты, зорлықзомбылық пен қатігездікті, нәсілдік, ұлттық, таптық, діни астамшылықты немесе төзімсіздікті насихаттау, порнография тарату үшін, қылмыстық жолмен жазаланатын өзге де іс-әрекеттер жасау мақсатында пайдалануға жол берілмейді. Бұқаралық хабарлама құралдарын азаматтардың жеке өміріне араласу, олардың арожданы мен қадір-қасиетіне қол сүғу үшін пайдалануға тыйым салынады жэне ол қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қудаланады» (Егемен Қазақстан. - 1991. - 21 қазан. «Баспасөз жэне басқа бүқаралык хабарлама құралдары туралы» Заң). Құқық нормаларын біліп, сақтаған журналист өзінің жоғары құқықтық мәдениетін көрсетпес бүрын, БАҚ-ның сапалы жұмыс істеуіне зор септігін тигізетіні хақ. Бұл орайда, редакцияны ақпарат жинау мен тарату кезінде жіберіп алуы мүмкін заңдық қателерден аман алып шығуы сөзімізге дәлел бола алады. Тағы да адам құқықтары жөніндегі Еуропа соты, бұқаралық ақпарат құралдары мен баспасөз бостандығын қорғау жөніндегі мемлекеттік комитет, Президент жанындағы ақпараттық келіспеушіліктер жөніндегі сот палатасы, жариялылықты қорғау қоры, этика жөніндегі журналистер одағының комиссиясы, т.б. толып жатқан құрылымдар журналистің қызмет бабындағы азаматтық, кэсіби күкықтарын қорғауға арналған. Ал, кейінгілер заң бұзса немесе цензура енгізілсе, редакция жұмысына араласса, бұқаралық акпарат құралдарының жүмысын біреулер соттың шешімінсіз токтатса, таралымды алып жойып жіберген, т.б. жағдайларда қылмыстық, әкімшілік, с.с. жауапкершілікке тартылатын болады. Қазіргі таңда журналистер тарихи ақиқатты тануда, қоғамдық ұстанымын таңдауда айтарлықтай көп ілгері басты. Кәсіби қабілеттері артып, білім, таным көкжиектері кеңейді. Нәтижесінде, масс-медиа жүйесіндегі еркін іс қызметке даңғыл жол ашылды. Демократиялық саяси биік мәдениетке жету үшін оның басты мінбері болып табылатын масс-медиа қызметіне «Қоғамдық жауапкершілікке негізделген журналистика» атты жаңа саяси мәдениеттің үлгісі талап етіліп отыр. Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев 2005 жылғы кезекті Жолдауында: «Сөз бостандығын, акдарат алу мен таратуды қамтамасыз ететін барлық қажетті құқықтық жэне басқа да шарттар алдағы уақытта да дәйекті түрде жасалады эрі қорғалатын болады. Сонымен қатар, сөз бостандығын пайдаланудағы шектен шығушылыққа қатар тосқауыл қойылуы шарт», - деді. Бұл жерде елбасы сөз бостандығын, ақпарат алу жэне тарату бостандығын қамтамасыз ететін барлық қажетті құқықтық жэне басқа да жағдайларды одан эрі дәйектілікпен жасау жэне қорғау қажеттігін атап көрсетіп отыр. Бұқаралық ақпарат қүралдары саласындағы заңнаманы жетілдіретін заң жобасын әзірлеу Азаматтық жэне саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні тану түрғысынан аса өзекті болып отыр. Азаматтық жэне саяси қүқықтар туралы халықаралық пакт 1966 жылдың 16 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданды. Пактыны 35 мемлекет бекіткеннен кейін, 1976 жылдың 23 наурызында күшіне енді. Қазіргі кезде Пактінің қатысушылары 130-дан астам мемлекет болып табылады. 2009 жылдың 11 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіге Факультативті хаттаманы бекіту туралы» Заңға қол қойды. Айта кету керек, азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактіге қатысушы мемлекет өз аумағы шегінде жэне оның құқықтық өкілеттігі астындағы барлық түлғаларға нәсіліне, түсіне, жынысы на, тіліне, дініне, ұлттық немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік жайына, тууы немесе басқа да жағдайларға қатысты кемсітусіз кұкық пен бостандықты қамтамасыз етуі тиіс. Қоғамдық жауапкершілік дегеніміз - белгілі дәрежеде кұқық иеленетін, тағы сол мөлшерде өзіне жүктелген міндетті де атқаратын және екеуінің де салмағы тең өлшенетін ұғым. Демек, қоғамдық жауапкершілікті сезінетін журналистика демократияны мінсіз, кіршіксіз таза ұстауды БАҚ жүйесі өз мойнына алады, өз қызметтерін осы өлшем бойынша бағалатады дегенге саяды. Заңдық, құқықтық актілер жүйесіне негіздеп, іс қызмет жүргізетін мемлекет бар кезде қоғамдағы барлық әрекет заңмен реттелетіні белгілі. Елдің рухын көтеру, ұлттың мақтаныш сезімін оята білу, отансүйгіштік, ұлтжандылық, елжандылык қасиеттерді калыптастыру тәуелсіз мемлекетіміздің өтпелі кезеңі үшін айрықша мәселе еді. Бұл тұрғыда бұқаралық ақпарат құралдарының алар орны ерекше. Еліміздің Конституциясының 18-бабында: «Бұқаралық ақпарат қүралдары әрбір азаматқа өзінің құкықтары мен мүдделеріне қатысты қүжаттармен, шешімдермен жэне ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті», - деп атап көрсетілсе (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995. 30 тамыз. 37 б. (2007. 21. 05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен). 2007), Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңында оның «...мерзімді баспасөз басылымы, радио жэне теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбысбейне жазбасы және бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз жария таратудың басқа да нысаны», - болып табылатыны айқындалды (Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы». 2005. 49 б.). Міне, бұл - журналист жауапкершілігінің артқандығының заң жүзіндегі көрінісі. Мұнымен қатар, журналистің жеке басының тәрбие деңгейін, мәдениеттілігін, әдептілігін қоғам алдындағы өзінің парызын қалай түсінетіндігін аңғартатын этикалық мәселелер бар. Этикалық талаптар, нормалар жазылмаған заң деп те аталып жүреді, олардың орындалуы не орындалмауының маңызы өте зор. Редакциялар мен журналистер жұмыс барысында түрлі нормативті актілермен бетпе-бет қалып жатады. Арасында журналистік құқықтарға ешбір қатысы жоқтары да кездеседі. Айталық, ақпаратты жинау мен таратуда азаматтық құқықтармен кезігіп қалса; тұлғаның ар-ожданына қарсы әрекет еткен журналистер қылмыстық іске тап болады; ұжымдағы қызметтік қарым-қатынастарда еңбек жэне әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін; редакцияның шаруашылық істерін жүргізуде қаржылық құқықтарға тәуелді болуы әбден мүмкін. Журналистиканың барлық міндеттерінің ішінде - адамгершілік, шынайылық пен объективтілік, журналистің әлеуметтік ортада жүріс-тұрысын қадағалайтын этикалық нормалардың негізі болып табылады. Оларға қойылатын басты талап - тек қана шындықты жазу, оқиғаларды зерттеп-тергеуде ешқандай қателіктер жібермеу. Бұл талапты орындамаған журналист өзі жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралының абыройын түсірмес бұрын, заңдықұқықтық жауапкершілікті жүктеп алуы мүмкін. Бәсекелестік күрес жағдайында әрі дұрыс қалыптаспаған ақпараттық нарықта көптеген журналистер мен редакциялар «БАҚ туралы заңды» дұрыс орындамай жүрген жайы да бар. Бұған қоса, біле тұра жіберілетін қателер де жоқ емес. Өйткені, соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарының көмегіне жүгініп жауласатын топтар пайда болды. Мұнда БАҚ-тың билік тұтқасын ұстағандардың қол шоқпарына айналып кету қаупі сөз болып отыр. Кейде журналистер дау-дамай туғызсақ, әйгілі болып кетеміз деген теріс пиғылды ойда жүреді. Мұндай заң бұзушылықты дәлелдеп шығу оңай емес. Өйткені журналист пен редакцияның ақпарат көзін құпия түрде ұстауларына құқылы екендігін ескерген жөн. Егер журналистің немесе редакцияның кінәсі дәлелденсе, бұрынырақта жаза ретінде кешірім сұрап, талапкерді ақтап шығатын екінші материал телерадио не баспасөз беттерінен жарық көретін. Қазір бұған қоса, жәбірленушіге моральдық шығындары үшін айыппұл төленуі міндетті. Бұл айыппұл сол дау туғызған жариялымнан түсетін қаламақыдан бірнеше есе асып түседі. Әрине, мәселені соттың қарауына дейін апармаған жөн. Дегенмен, мүлдем ешқандай қателер жібермеуге тырысу керек. Журналист қызметі - қауіпті. Көптеген шет елдерде соғыстар жүріп жатады, соның зардабын журналистер де шегеді. Басылым бетіндегі әр мақаласымен, телевизиялық әр кадрымен, радиода айтылған әр сөзімен әлеуметтік әділеттіліктің идеяларына қызмет етіп, жұртшылықтың сұранысын қанағаттандыруы тиіс. Осы орайда, редакция ұжымы, бас редактор, журналист шындықка жанаспайтынын, біреуге кері әсер тигізетіндей ақпараттарды таратқаны үшін: 1. Міндетті мәлімдемелерге қатысулы болса. 2. Ақпарат агенттіктерінен алынса. 3. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, кұрылымдардың, кәсіпорындардың, бірлестіктердің т.б. баспасөз қызметтерінің материалдарында немесе сұрау салынған ақпараттың жауабында көрсетіліп өтсе. 4. Отырыстарда депутаттардың, съезде делегаттардың, мемлекеттік ұйымдарда лауазымды адамдардың сөйлеген сөздерінен алынған үзінділер сөзбе-сөз қайталанса. 5. Редакциялануға жатпайтын мәтіндерде немесе эфирге бірден берілетін авторлық шығармаларда кездессе. 6. Басқа бұқаралық ақпарат құралдары таратқан материалдардың дэлме-дэл көшірмесі болса жауапқа тартылмайды.