Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Тілдің қатысына қарай
жуан
а
, о, ұ, ы
жіңішке
ə
, е, ө, ү, і
Жақтың қатысына қарай
ашық
а
, ə, о, ө
қысаң
ұ
, ү, ы, і
Еріннің қатысына қарай
еріндік
о
, ө, ұ, ү
езулік
а
, ə, е, ы, і
Дауыстыларды талдаудың үлгісі:
а
- езулік, ашық, жуан дауысты;
ə
- езулік, ашық, жіңішке дауысты;
е
- езулік, ашық, жіңішке дауысты;
ы
- езулік, қысаң, жуан дауысты;
і
- езулік, қысаң, жіңішке дауысты;
о
- еріндік, ашық, жуан дауысты;
ө
- еріндік, ашық, жіңішке дауысты;
ұ
- еріндік, қысаң, жуан дауысты;
ү
- еріндік, қысаң, жіңішке дауысты.
Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі
Қазақ
тіліне тəн дауыссыз дыбыстар жүйесін мына дыбыстар
құрайды: б, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш.
Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі
Қазақ тіліне тəн дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына жəне жасалуына
қарай өзара бірнеше топтарға бөлініп, жүйеленеді. Олар:
- үн мен салдырдың қатысына қарай: қатаң, ұяң жəне үнді дауыссыз
дыбыстары;
- айтылу жолына қарай: шұғыл, ызың жəне діріл дауыссыз дыбыстары;
- жасалу орнына қарай: ерін жəне тіл дауыссыз дыбыстары.
Достарыңызбен бөлісу: |