1 тақырып Фонетиканың зерттеу объектісі


Мазмұны Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын  дыбыстарды дауысты дыбыстар



бет32/41
Дата25.11.2023
өлшемі166,77 Kb.
#126815
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41
Мазмұны

Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын 


дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз. 
Дауысты дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-біріне жанаспай жатуы 
арқылы жасалынады. Олардың негізгі ерекшеліктері болып мыналар 
табылады: 
- дауыстылардың жасалатын орны - тамақ тұсы;
- дауыстыларды айтқанда, фонациялық ауа сыртқа - біркелкі, баяу 
шығады;
- дауыстылардың ішкі сапасы - таза үннен тұрады;
- дауыстылардың үн сапасында - жаңғырық (резонация) мол болады;
- дауыстыларды жан-жақты құбылтуға болады; 
- дауыстылар сөз ішінде буын жігін құрайды жəне дауыссыздармен 

тіркесе алады

Қазақ

тіліне тəн дауысты дыбыстар жүйесін мына дыбыстар 
құрайды: а, ə, о, ө, е, ұ, ү, ы, і.
Дауыстылар құрамына қарай жалаң (монофтонг) жəне құранды 
(дифтонг) болып екіге бөлінеді. 


 

Қазақ тіліне тəн дауыссыз дыбыстар жүйесі 
Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан 
жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. 
Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе 
толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері: 
- дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз жəне көмей қуыстары; 
- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда – үннің қатысы 
жартылай болады да, ал үнділерде - бəсең үн болады; 
- дауыссыз қатаң жəне ұяңдардың ішкі сапасы – таза салдырдан 
тұрады деуге болады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-
біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға 
пəлендей кедергі бола алмайды;
- дауыссыз қатаң жəне ұяңдарды - көтеруге, созуға, əуенін өзгертуге 
мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше – көтеруге, созуға, əуенін өзгертуге 
болады; 
- дауыссыздардың үн сапасында - жаңғырық болмайды; 


дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет