1 тақырып Фонетиканың зерттеу объектісі


Дауысты дыбыстардың жіктелуі



бет33/41
Дата25.11.2023
өлшемі166,77 Kb.
#126815
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41
Байланысты:
Фонетика лекция

Дауысты дыбыстардың жіктелуі 
Дауысты дыбыстардың жасалуына белгілі сөйлеу мүшелерінің ерекше 
қатысуына қарай қазақ тіліне тəн дауысты дыбыстар бірнеше топқа бөлінеді. 
Олар, тілдің қатысу қалпына қарай: жуан жəне жіңішке; жақтың ашылу 
қалпына қарай: ашық жəне қысаң; еріннің қатысу қалпына қарай еріндік жəне 
езулік дауысты дыбыстар болып табылады.

1. Жуан дауыстылар 
Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты 
дыбыстарды жуан дауыстылар дейміз. Ооларды кейде тіл арты дауысты 
дыбыстар деп те атайды.
Жуан дауысты дыбыстар мыналар: а, о, ұ, ы. 

 

2. Жіңішке дауыстылар 
Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалған 

дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз. Оларды кейде тіл алды 


дауысты дыбыстар деп те атайды.
Жіңішке дауысты дыбыстар мыналар: ə, е, ө, ү, і. 


 

3. Ашық дауыстылар 
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды


ашық

 дауыстылар деп атаймыз.
Ашық дауыстылар мыналар: а, ə, о, ө.
4. Қысаң дауыстылар
Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды 

қысаң дауыстылар деп атаймыз. 


Қысаң дауыстылар мыналар: ұ, ү, ы, і. 
5. Еріндік дауыстылар 
Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған 

дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атаймыз.


Еріндік дауыстылар мыналар: о, ө, ұ, ү. 
6. Езулік дауыстылар 
Езудің кейін тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды 


езулік

 дауыстылар деп атаймыз.
Езулік дауыстылар мыналар: а, ə, е, ы, і. 

Кесте 1. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет