Дауыстылар мен дауыссыздардың акустика-артикуляциялық ерекшелігі, айырым белгілері: 1.Дауыстылар дауыстан жасалады, салдыры жоққа тән болады. Дауыссыздардың салдыры басым да, үні жоққа тән, не дауыс болмайды.
2. Дауыстыларды айтқанда ауа кедергісіз. қарқынсыз шығады да, дыбыстау мүшелерінің көбі қатысады. Дауыссыздарды айтқанда ауа кедергіге ұшырап, қарқынды шығады да, дыбыстау мүшелерінің кейбіреуі ғана қатысады.
3. Дауыстылар буын құрайды, дауыссыздар буын құрай алмайды.
4. Дауыстыларға екпін беріп айтуға болады, дауыссыздарда мұндай қасиет болмайды.
5. Дауыстыларды дауыстап, созып айтуға келеді, дауыссыздарды созып айта алмаймыз.
6. Дауыстылардың дауыссыздарға ықпалы күшті болады, ал дауыссыздар дауыстыға ықпал ете алмайды.Дауыстылар мен дауыссыздар осы ерекшеліктері арқылытоптастырылады.
Тақырып бойынша сұрақтар. 1. Дауыстылар мен дауыссыздардың саны, айырым белгілері.
2.Дауыстылардың акустика-артикуляциялық ерекшелігі.
3. Дауыссыздардың акустика-артикуляциялық ерекшелігі.
4.Кірме дыбыстар.
Әдебиеттер: 1.Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы: Дәуір-Кітап, 2013. – 220 б.
2.Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. – Алматы: Арыс, 2009.-312 б.
3.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Мемлекет. тілді дамыту инст., 2010. – 608 б.
4. Байтұрсынов А.Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Абзал-ай» баспасы, 2013. – 640 б
5.Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2008. – 608 б.
6.Бектұров Ш.К. Қазақ тілі: лексика, фонетика, морфология, синтаксис. – Алматы: Атамұра, 2006. – 336 б.
7.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. – 664 б.
8.Садуақас Н.А. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Оқу құралы. - Ақтөбе: 2016. - 194 б
Пайдаланылған әдебиеттерәдебиеттер 1. Артыкова Т.М., Искакова С.С.Қазақ тілі: Оқу құралы, Нур-принт, 2016.
2. Салқынбай А.Б., Жұмағұлова А.Ж.,
Иманқұлова С.М., Рысбай Б.Қ., Егізбаева Н.Ж. Қазақ тілі: оқу құралы. – 332 б. 2015.
3.Б.М. Сұлтанова. М.Ш. Тойғанбекова, Ж.С. Рақыш. Қазақ тілі. –Алматы, 2015. – 311 бет
4.Ж.Ә. Адрахмановна. Қазақ тілі. Алматы, 2015
5.Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. Зият Пресс, 2006.
6.Жұбанов А.Қ.Қолданбалы лингвистика : Формалды модельдер. Қазақ университеті, 2006.
7.Молдабек Қ., Ермекбаев М. Қазақ тілі : Фонетика. Лексика. Шымкент, 2001.
8.Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы, Арыс, 2009.
9.Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі, Сөздік-Словарь,1999
№ _13__ тақырып