1 тақырып «Құқық негіздері» курсының тақырыбы, жүйесі. Мемлекет және құқықтың негізгі түсініктері мен категориялары



бет4/4
Дата04.04.2023
өлшемі21,77 Kb.
#79262
1   2   3   4
Байланысты:
1 д р¦с л ы нег¦зде𦬠курсыны та ырыбы, ж йес¦. Мемлекет ж не ы ты нег¦зг¦ т с¦н¦ктер¦ мен категориялары

6 Мемлекеттік нысандар
Мемлекет нысаны – бұл қоғамның басқару, мемлекеттік құрылым және саяси режим нысандарынан құралған құрылымдық ұйымдастырылуы.
Басқару нысаны – мемлекеттік биліктің жоғары органдарын ұйымдастыру. (монархия және республика)
Мемлекеттік құрылым – мемлекеттің әкімшілік-аумақтық және ұлттық бөлінісі.
Саяси режим – саяси билікті жүзеге асырудың тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Мемлекеттiк билiк дегенiмiз - ол, мемлекеттiк-құқықтық құралдар, әдiс-тәсiлдерінің жүйесiн айтады. Мемлекеттiк орган дегенiмiз - ол, белгiленген тәртiппен құрылған азаматтар ұжымы, ол бiрiңғай мемлекеттiк аппараттың бөлiгi болып табылады. ҚР мемлекеттiк нысаны мынадан тұрады:
1.ҚР мемлекеттiк орналасу нысаны бойынша унитарлық мемлекет болып табылады;
2.ҚР мемлекеттiк баксқару нысаны президенттiк басқарудан;
3.ҚР мемлекеттiк саяси режимi демократиялық негiзден тұрады.
ҚР Конституциясының 1-бабында: ҚР өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары.
Унитарлық мемлекет дегенiмiз - ол, мемлекеттiң құрамында республикалық субъектiсiнiң болмауы, тек мемлекет бiртұтас құрамнан тұратын мемлекеттiк орналасу нысанын айтады. Мысалы: Қазақстан Республикасының құрамында ешқандай республика немесе мемлекет секiлдi ұйымдар жоқ. Сондықтан Қазақстан жеке өз алдына егемендi мемлекет, оның аумағы бiртұтас бөлiнбейтін мемлекет болып табылады.
Унитарлық мемлекеттiң белгiсi мынадан тұрады:
- бiртұтас болып табылады;
- мемлекеттiң бөлiнуiне ешқандай негiз болмайды;
- ұлттық саясаты бiр нысананы, бiр мүдденi көздейдi;
- мемлекет секiлдi арнайы қоғам болмайды.
Әдебиеттер: Негізгі: 1, Қосымша: 27, 28, 29, 30, 31
Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстан Республикасының құқық негіздері пәнінің маңыздылығы неде?

  2. Құқық негіздері пәнінің заң ғылымдары арасынан алатын орны қандай?

3 Құқық негіздерінің салаларын атаңыз
4 Құқық және мемлекеттің байланыстылығы немен анықталады?
5 Құқық ұғымы және белгілері қандай?
6 Мемлекеттің қандай нысандары бар және олар өздерінің ішінен қандай түрлерге бөлінеді?
7 Мемлекеттің қандай пайда болу себептерін білесіз?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет