2 Құқық негiздері пәнінің заң пәндері арасынан алатын орны Құқық дегенiмiз - ол, адам қоғамындағы қарым-қатынасты реттеушi және нақты мәселелер жөнiнде тиiстi iс-шаралардың жүзеге асыратын норманы айтады. Құқық негiзiне жататындар: салт–дәстүр, әдет-ғұрып, ережелер, жиналыс шешiмдерi, келiсiм-шарттар, бұрынғы би, болыстардың шешiмдерi, мемлекеттiк заңдар. Құқық негiздерi басқа заң пәндерiнiң арасында алатын орыны: 1.Құқықтың пайда болу себебiн айқындайды; 2.Құқықтың мағынасын айқындайды; 3.Құқықтың әр салаға бөлiнуiн айқындайды; 4.Құқықтың заң шығаруына негiз болуын айқындайды. 5.Құқық заңға сүйене отырып әрекет жасайды. Құқық негiзi - ол, құқық жүйесіндегi алатын орны, ең маңызды және басқа құқық саласының туындауын көрсетедi. Құқық жүйесi дегенiмiз - ол, құқықтар тiзбегiнiң құрамынан тұратын нормативтiк актiлер жиынтығын айтады.
Құқық жүйесiнiң принциптерi: 1. Әдiлдiктi сақтау;
2. Заң талабының орындалуы;
3. Тәртiптiң сақталуы;
4. Мемлекеттiк билiктi реттеу;
5 Адам мен азамат құқығын және бостандығын қамтамасыз ету;
6.Адам мүддесiнiң мемлекет мүддесiнен басымды болуы.
3 Құқық ұғымы және белгілері Құқық – бұл қоғамдағы қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды-анықталған заң нормаларының жүйесі.
Құқықтың белгілері:
еріктілік сипаты – халықтың белгілі бір тобының немесе қоғамдағы көпшіліктің еркі мен мүдделерін білдіреді;
жалпыға міндеттілігі – мемлекет аумағында тұратын барлық тұрғындарға таралады;
нормативтілігі – заңдық нормалардың – жалпыға міндетті тәртіп ережелерінің жиынтығын білдіреді;
мемлекетпен байланысы – мемлекеттен туындайды және кез келген бұзушылықтардан мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қорғалады;
формальды анықталғандығы – арнайы мемлекеттік құжаттарда – НҚА-де көрініс тапқандығы;