Әртүрлі себептен семіздікпен ауырсаңыз мына диетаны сақтаңыз: 1. Тәбет шақыруға көмектесетін тағамдардан, атап айтқанда маңызды ет және балық сорпаларынан; тұзды және өткір тағамдардан; басытқылардан; консервілерден қышадан, бұрыштан тартыныңыз. Тәтті жемістер мен жидектерді, сондай-ақ картоп, қызылша, сәбіз пайдалануды шектеңіз.
2. Өз тамағыңыздан тортты, пирожныйды, балмұздақты, тәтті жеміс суларын, дәмдеуіш қосылған тоқаштарды, тәтті сүзбе сыроктарын, басқа да тәтті тағамдарды шығарып тастаңыз. Қантты алмастырғыш ретінде ксилитті (немесе сорбитті) пайдаланыңыз.
3. Сұйық ішуді (күніне 3-4 стақанға дейін) және тұз тұтынуды шектеңіз (күніне 5 грамға дейін дайын тағамға қосу үшін ғана пайдаланыңыз, тамақтың өзі тұзсыз дайындалады).
4. Тамақты негізінен асып немесе булап пісірген күйде пайдаланыңыз.
5. Есіңізде болсын: арасында ұзақ үзіліс жасамай, тамақты мезгіл – мезгіл ішіп отырыңыз. Тамақтану саны күніне кемінде 4-5 рет. Соның өзінде әрбір ішкен тамақтың тым көп болмауы маңызды.
6. Оқтын-оқтын жеңілейту күндерін өткізіңіз (ол үшін алдын-ала дәрігермен кеңесіп алыңыз).
7. Күн сайын (жақсысы – күніне 2-3 мәрте) гимнастика жасауды және спортпен шұғылдануды ұмытпаңыз (желіп жүгіру, жаяу және велосипедпен серуендеу, жүзу, теннис, шаңғы, коньки, т.б.).
Бақылау сұрақтары: Семіздікке қарсы тағыда қандай шаралар білесіз?
Дұрыс тамақтануды қалай түсінесіз?
Әдебиеттер: 1 Донченко, Л.В. Безопасность пищевой продукции / Л.В.Донченко, В.Д.Надыкта. – М.:Пищепромиздат, 2001. – 296с.
2 Общая технология пищевых производств. Л.П. Ковальский. М.Колос. – 1997 –320 стр.
3 Химический состав и пищевая ценность продуктов [Текст]: справочник. М.Н.Волгарева. – М.: Агропромиздат, 1987. – 360 с.
4 Рогов, И.А. Химия пищ / И.А.Рогов, Л.В.Антипова, Н.И.Дунченко. – М.: Колос С, 2007. – 853с
5 Голубев, В.Н. Пищевая биотехнология / В.Н. Голубев, И.Н. Жиганов. – М.: Делипринт, 2001. – 123с.