1 тақырып. Кіріспе. Халықты тамақ Өнімдерімен қамтамасыз етудің Қазіргі күЙІ. Дәрістің мақсаты


Семіздікке шалдыққандарға арналған 8-диета



бет2/3
Дата10.12.2023
өлшемі32,21 Kb.
#135667
1   2   3
Байланысты:
1 tak r p

Семіздікке шалдыққандарға арналған 8-диета
Қазіргі кезде дүние жүзінің көптеген елдерінде семіздік белгілі аурулар құрылымында алғашқы орын-дардың бірінен саналады. Жер шарындағы эконо-микалық тұрғыдан үздік дамыған елдердің ересек халқының үлкен тобы, шамамен алғанда 30 про-центтейі семіздік тауқыметін тартуда. СССР Медицина ғылымы академиясының Тамақтану институтының мәліметтеріне қарағанда СССР-де халықтың 50 процентінің салмағы нормадан артық, ал 26 проценті нағыз семіздік тауқыметін тартуда. Р. X. Қадырованың, Б. А. Салхановтың (1985) мәліметтері бойынша Қазақстанда адамдардың 36 процентінің салмағы артық екені байқалады. Салмағы артық адамдардың көпшілігі (39 процент) республиканын, солтүстік аймағында, азшылығы - батыс (31 процент) аймақта тұрады екен. Селолық жерлердің тұрғындарьша қарағанда (36 процент) республиканың қала тұрғындарының арасында (3 процент) семіздік тауқыметін тартүшылар әлдеқайда көп. Соңғы жылдардағы зерттеулер халықтың еңбекке жарайтын ересек адамдары ғана емес, сонымен қатар жастар мен балалар ара­сында да семіздік дертіне шалдыққандардың барған сайын көбейіп келе жатқанын дәлелдеп отыр.
Үздік дамыған елдерде семіздік дертіне шалдыққандар санының бұлайша өсуі халықтың тұрмыс дәрежесінің артуы, шақпақталған әртүрлі тамақ өнімдерінің мол болуы, өндірістің автоматтандырылуы мен механикаландырылуы нәтижесінде осы заманғы адамдардың гипокинезиялануы, транспорт құралдарьшьщ мейлінше дамуы сияқты факторларға байланысты болып отыр. Тамақ молшылығы, тамақтың сапалық құрылымының бұзылуы, энергетикалық шығын шұғыл кеміп отырған жағдайда рационның ақуыздық бөлігінің белгілі дәрежеде тапшы болуы және көмірсудың аста шамадан тыс көп тұтыну —осының бәрі организмдегі заттар алмасуы мен энергетикалық баланстың бұзылу себептері болып отыр.Тамақпен бірге келетін ағзадағы мол энергия жұмсалмайды да, майға айналып, запас энергия түрінде май сақталатын депоға, негізінен терінің астындағы май клеткасына жинала береді. Май сондай-ақ ішкі мүшелерге де түзіледі, ал бұл олардың қызметінің бұзылуына, ауыр асқынулардың болуына әкеп соқтырады, сөйтіп, адамның денсаулығына үлкен нұқсан келтіреді.
Семіздікке шалдыққан кезде көбіне-көп жүрек-қан тамырлары жүйесінің, ас қорыту мүшелерінің, орталық нерв жүйесінің, тірек-қозғалыс аппарат-тарының жұмысы бұзылатыны байқалады. Қазіргі кезде семіздік пен атеросклероз, қан тасуы, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, асқазан, ішек-қарын, асқазан астындағы ұйқы безі, бүйрек және б асқа да ауыр дерттердің пайда болуының арағында тікелей байланыстылық, бір-біріне тәуелділік бар екенінде ешқандай күмән жоқ.
Семіздік дертіне шалдыққан адамның еңбек пен әлеуметтік салада онша ынталы, белсенді бола бермейтінін көптеген зерттеулердің нәтижелері дәлел-деуде. Дене салмағы қалыпты адамдар тобына қарағанда аурүшаң, мүгедек, қазалы адамдар семіздер арасында әлдеқайда көп. Айталық, қалыпты салмақтан дене салмағының 20—35 процент артық болуы адам өмірінің ұзақтығын 3,3 жылға қысқартады. Американдық авторлардың мәліметі бойынша жас жағынан бірдей, салмағы қалыпты адамдар тобымен салыстыр-ғанда өлім семіздікке шалдыққан еркектер арасында 175 пайыз, әйелдер арасында 140 пайыз болады екен. Сонымен қатар семіздік жағдайында заттар алмасуының бұзылуына тұқым қуалаүшылықтың алғы шарты жасалады. Сонымен, бірте-бірте етек алып, халықтың денсаулығына елеулі түрде нұқсан келтіре бастағандықтан қазіргі кезеңде семіздік проблемасының ерекше мәні болып отыр.
Зерттеүшілер семіздікті негізінен екі түрге бөледі: тамақтың калориялық мөлшерінің бұзылуы мен гипокинезияға байланысты алғашқы, алиментарлық және нерв пен эндокриндік (ішкі мүшедегі) жүйедегі әртүрлі патологиялық процестердің салдары ретіндегі екінші, симптомдық түрлері болады. Сырқат адамдардың асиметриялық, есепсіз тамақтануының салдарынан пайда болатын алиментарлық семіздік бас-қаларына қарағанда әлдеқайда жиі (90 пайыз) кездеседі.
Алиментарлық семіздіктің пайда болуына тамақ пен гипокинезияның (қимылдың кемдігінен болатын дерт) айрықша ролімен бірге әлеуметтік факторлардың да, ағзаның генетикалық ерекшелігінің де, оның белгілі бір кезеңдегі жасқа байланысты қайта құрылуының да, психологиялық саладағы өзгерістердің де, басқа да себептік факторлардың да маңызы бар. Қазіргі кездегі алиментарлық семіздіктің дамуы жөніндегі түсінік бойынша ондағы негізгі буын — энергетикалық баланстың бүлінуі, ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы, алмасудың айқын бұзылуы, ағзадағы майдың түзілуі мен оның ыдырауы арасындағы өзара қатынастың өзгеруіне байланысты туатын ферменттік дизадаптация.
Семіздіктің клиникалық белгісі дене мүшелерінің майдаң аруына тікелей байланысты. Патофизиологиялық салдарына байланысты барлық клеткадағы дерлік патологиялық салада майдың жиналуына ағзаның органдары жүйелерінің бәрі бірі қалмай қатыстырылады. Семіздіктің клиникалық жағдайда көп түрлі болып керінуін осымен түсіндіруге болады.
Қазіргі кезде семіздікті емдеуге редукцияланған диеталық терапия мен белгілі бір мөлшерлі физикалық салмаққа негізделген комплексті терапия қолданылады. Семіздікті емдеудің ашықтыру, адамның тәбетін қайыратын дәрі-дәрмекпен емдеу терапиясы, ішті босату арқылы тамақтық заттардың сіңімі мен бойға тарауын шектеу, зәр айдайтын заттардың жәрдемімен ағзадағы артық суды қуалау, гормондық құралдар беру арқылы липолиздің процестерін күшейту сияқты өзге әдістердің тиімділігі шамалы, ұзақ қол-дануға болмайтын, дертті кейде асқынтып жіберетін болғандықтан қазіргі кезде мүлдем қолданылмайды деуге де болады. Көбіне олар қосалқы әдіс ретінде шектеулі түрде қолданылады.
Семіздікті емдеудің қазіргі комплексті терапиясында тамақпен емдеу әдісіне басты орын беріледі. СССР Медицина ғылымы академиясының Тамақтану институтының коллективі семіздікті емдеудің энергетикалық баланстың бұзылуы, аралық алмасулардың өзгеруі, майды май клеткаларынан мобилизациялаудың қиындықтары және басқалар жөніндегі патогенетикалық ұғымға негізделген диеталық принциптерді талдап жасап берді.
Семіздікті емдеудің әлгі айтылған принциптеріне сәйкес заттар алмасудың одан әрі бұзылуына ықпал ететін нутренттерді шектеу жағдайында ағзаны белок-тармен, витаминдермен және басқа қажетті заттармен қамтамасыз ете отырып, сырқат адамдарға бел-гілі бір дәрежеде энергетикалық тапшылық жасау қажет болады. Энергиялық тапшылық тамақтағы май мен Көмірсулардың компоненттер есебінен диетаның калориялығын шектеудің оңтайлы редукциялау жолымен жасалады. Рационный, калориялығын шектеудің оңтайлы шегі — 600 ккал (2,5 кДж). Тамақ калория-лығын кеміткен кезде ағзада жағымсыз процестер де болуы ықтимал (белоктардың катаболдық реак-циясы, азоттың кері балансы, креатинурия, т. б.). Түрлі овощ, жеміс, жидек, сүт өнімдері, балық, еттің семіз емес сорттары сияқты калориялығы төмен ; өнімдер семіз сырқаттарға арналған рациондардың негізі болуға тиіс. Калориялығы төмен ақуызды өнім жылқы еті бұл айтылған рационға аса құнды қосым-ша болып табылады.
Семіз адамдарға арналған тамақтың сипатыны байланысты жүргізілген көптеген зерттеулерден се-міздік дертіне шалдыққандардың тамақтық рацио- нында әрдайым белоктардың тапшы болатыны, сон- дықтан оларға белоктарға бай диета тағайындаудың қажеттігі анықталды.
Алмасу — алиментарлық семіздік, сондай-ақ арнаулы емдеуді қажет етпейтін аурудан пайда болған семіздікті емдеуге әдетте бойға жеціл сіңетін көмірсулар мен мал майының есебінен шамалы белоктадың мөлшерін көтере отырып, калориялықты шект сипаты бар диета белгіленеді, сондай-ақ ас тұзы мен артық сұйық заттарды тежеу, өсімдік клетчаткаларын көбейту, қантты қышқылдармен, сорбитпен мастыру, міндетті түрде жеңілдік күндерін белгіле ұсынылады.
Белоктар ағзада алмасу процестерінің ойдағыдай жүруі үшін қажет. Белокқа бай тамақ вегетативтік нерв жүйесіндегі симпатикалық буынның тонусын көтеруге ықпал ете отырып, май депосындағы майларды мобилизациялауға әсер етеді, көмірсулар майға айналуын тежейді. Сонымен қатар белогы мол [ диета тамақтың өзіндік серпінді әрекетін күшейту есебінен энергетикалық шығынды арттырады. Сондай-ақ семіріп кеткен науқастардың диетасында тиесілі мөлшерде белоктар болуының қажеттілігі, әрине, семіргенде қызметі күрт бұзылған ішкі секреция бездерінің ақуыздық тапшылыққа деген сөзі» талдығының арта түсуіне де байланысты. Ақуыздын тамақтар асқазан астындағы ұйқы бездерінің ала құла аппаратының айқын реакциясынсыз да жеткіліті түрде тотықты қамтамасыз етеді және науқастың тағайындалған калориялығы кем рационға ұзақ у шыдауына көмектеседі. Ақуыздың тапшылығы науқас тардың көңіл күйіне тез әсер етеді, олардың бойында әлсіздік, қалжырағандық, енжарлық туғызады, ағза ның жұқпалы ауруға, іштей улануға, оқыс жағдай-ларға қарсы тұру қабілетін кемітеді. Оның сыртында ақуызды өнімдер — елеулі түрде липотроптын факторлардың көзі болып табылады. Басқа да мг өнімдері сияқты жылқы еті де аминдік қышқылдар құрамы тиімді теңестірілген аса құнды мал ақуыздарының қайнар көзі бола алады.
Көмірсулардың тамақтар ағзада май түзілу дәрежесін көтеруге жәрдемдеседі. Сондықтан семіздік дертіне шалдыққан науқастардың диетасында Көмірсулар тәулігіне 100—150 г дейін күрт шектеледі. Әсіресе денеге тез сіңіп кететін олиго және моноқант едәуір мөлшерде кемітіледі. Өйткені олар тамақтық гипергликемия шақырады, инсулиннің шығуын арт­тырады, май клетқалары мен бауырға глюкозаның көбірек баруына жәрдемдеседі, сөйтіп, майлардың түзілуін күшейтеді. Бал, тосап, қант, конфеттер, шо­колад, торт, пирожное, печенье, тағы басқа қарапайым олиго мен моноқанттарға бай кондитер өнімдері диетаға мүлдем қосылмайды. Піспеген овощ пен жемістер, құрамында полисахаридтері бар, қанға жаймен таралатын, асқазанның астындағы бездердің клеткалық аппаратын қоздырмайтын, өзінің аумағының арқасында тоқтық сезімін туғызатын кейбір жармақтар (қарақұмық, сұлы) етжеңді адамдар рационында кеңінен қолданылуға тиіс. Оның сыртында олардың құрамында май, тканьның метаболдық сылбырлығын азайтатын, ағзадағы заттар алмасуы процестерінің ойдағыдай жүруіне жәрдемдесетін қажетті витаминдер, минералдық заттар, микроэлементтер де бар.
Семіздікке шалдыққан науқастардың дие­тасында майға да ішінара шектеу жасалады — майдың ыдырауына жәрдемдесетін ферменттік жүйенің белсенділігіне есептегенде ол тәулігіне 80 грамға дейін кемітіледі. Бұл ретте мал майы мен өсімдік майының тиімді арақатынасы 1 : 1 болады. Әйтсе де өсімдік майы тәуірлеу саналады, өйткені оларда едәуір мөлшерде липолиттік ферменттік жүйені белсенді ету қасиеті бар, майдың май депосынан (ұясынан) шығуына жәрдемдесетін әртүрлі толымсыз майлы қышқылдар болады. Әртүрлі толымсыз майлы қышқылдар, сонымен бірге қандағы холестерин деңгейінің азаюына ықпал етеді, олардың айқын өт айдайтын және іш босататын қасиеті бар, әрі бұл қышқылдар ағзадағы алмасу процесіндегі өзгерісті реттеүші бо­лып табылады. Өсімдік майлары сияқты жылқы майы да бұған ықпал етеді.
Семіздердің рационында ас тұзы мен сұйықтың мөлшері шектеледі. Бұл майдың қышқылдануына, эндогендік судың жиналып, бөлінуіне жәрдемдеседі. •Тамаққа тұз салмай пісіреді, оны ішкен кезде ғана тұздайды, ол үшін науқасқа тәулігіне 5-6 г ас тұзы
бөлінеді. Бірінші және екінші тағамдағы, әртүрлі, сындағы, басқа да сұйық заттарды коса есептегенді семіз сырқат сұйықтьщ өзін тәулігіне 1,0-1,2 лит ден артық ішпеуге тиіс.
Семіздік дертке шалдыққан науқастар жиі ағзаның ферменттік жүйесінің жаттығуы мен аси тәбетінің кемуін ескере отырып, тәулігіне кемінд 5-6 мәрте тамақтанады. Тамақтың тәуліктік калориялығын тамақтың мөлшерін жеткілікті етіп, негізінен үш мәрте ішуге лайықтап бөлу керек, ал солардың аралығында тоқтық сезімін сезіну үшін көлемі қомақты пісірілген овощтан, жемістен істелген салатты, винегретті пайдалануға болады. Асты артық ішпеген абзал, үнемі бірдеңе шайнап журу, жол устінде, түн ішінде, жұмсақ бөлке нанмен күніне бірнеше мәрте шай ішу сияқты жағыпсыз әдеттерден үзілді-кесілді арылған жөн. Тамақты кез-келген уақытта бейберекет емес, қайта белгілі бір уақытта ішкені дұрыс.
Адамның асқа тәбетін ашатын ащы, сур, тұздалған тағамдарды, түрлі шайнамаларды, дәмдік заттар­ды, алкогольді ішімдіктерді семіздердің рационына мүлдем қоспау керек. Алкогольдің ағзаға тигізетін тікелей залалынан тыс, ол сонымен бірге адамның ішкен асына өз бақылауын жояды, рационный калориялық құнын арттырады.
Семіздікке шалдыққан науқастарды диеталы терапиямен емдеген кезде ақуыздық, Көмірсулардың және майлық қарама-қарсы жеңілдік диетасы да қолданылады. Бұл күнде рационның калориялығы ең кемінде 600—800 ккалға дейін (2,5—3,3 кДж) шектеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет