жағымсыз сипаттағы басқа да факторлар алдындағы әлсіздігін,
қорғансыздығын басқа сипаттармен толықтырады;
6) жүйелеушілік - адамдардың тәртіптері мен өзара қатынастарын
идеялар, нормалар, дәстүр, ритуал, құқық, мораль, қағидалар,т.б. арқылы
жүйелейді;
7) мәдениет жалғастылығы - ұрпақтар арасындағы ой жалғастылығын
қамтамасыз етеді;
8) интеграциялық, дезинтеграциялық - индивиттерді топқа немесе
әлеуметтік институттарға бөлу-біріктіру.
Философия - дүниетанымның ғылыми - теориялық түрі. Философиялық
дүниетанымның
діни
және
мифологиялық
дүниетанымдардан
айырмашылығы:
1) нақты ұғымдар мен категориялардан құралады;
2) қиялға, сенімге емес, білімге сүйенеді;
3) рефлексивті (ойдың өз- өзіне бағытталуы);
4) қисындылығы (ішкі тұтастық пен жүйелікке негізделеді).
Осылайша
философия - рационалдылықпен,
жүйелілікпен
және
қисындылығымен
ерекшеленетін
дүниетанымның жоғарғы деңгейі мен түрі.
Философияның дүниетаным ретіндегі эволюциясы 3 кезеңнен өтті:
1) космоцентризм;
2) теоцентризм;
3) антропоцентризм.
Космоцентризм - Әлем, табиғат құбылыстары-сыртқы күштердің-
Космостың күшімен, әсерімен, шексіздігімен түсіндірілетін, бүкіл тіршіліктің
космостық циклдарға тәуелділігін тұжырымдайтын
философиялық
дүниетаным (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, т.б. шығыс елдеріне және Ежелгі
Грецияға тән).
Теоцентризм - бүкіл болмыс, тіршілік - тек қана құдіреттің, Құдайдың
үстемдігімен түсіндірілетін пікірге сүйенетін философиялық дүниетаным түрі
(ортағасырлық Европаға тән).
Достарыңызбен бөлісу: