4)
Борыш, ар-намыс, имандылық мәселелері.
Мифтің белгілері және жалпы сипаты:
1) табиғатты жанды тіршілік ретінде қабылдау;
2) фантастикалық
құдайларға,
олардың
өзара
қатынасына, байланыстарына сену;
3) абстрактылы ойлаудың (рефлексияның) болмауы;
4)
мифтің нақты
өмірлік міндеттерді (шаруашылық, стихиядан
қорғану,т.б) шешуге бағытталған практикалық сипаты;
5) мифологиялық сюжеттердің біркелкілігі мен тереңге бойламайтын
үстірт, жеңіл мағыналылығы.
Дін – (латынның «религия»-«құдайшылдық» сөзінен)
- сенімге
негізделген, адам өмірі мен қоршаған дүниені басқаратын, жарататын
құдіретті күштердің барын мойындайтын дүниетаным түрі. Діни дүниетаным
адамнан дүние туралы сезімдік, образды- эмоцианалды түсінікті талап етеді.
Діннің мақсаты мен мағынасы – қоғам мен
жалпы адамзаттың назарын
Құдайға бағыттау арқылы бір бағытқа жұмылдыру,
орталықтандыру, сол
арқылы адамды және осы дүниелік болмысты мәртебелендіру.
Дін де миф ізденетін сұрақтарға жауап береді:
1) әлемнің, Жердің, Жердегі тіршіліктің, адамның пайда болуы;
2) табиғи құбылыстарға түсінік;
3) адам әрекеті тағдыры;
4)
адамгершілік мәселелері;
5) қарым-қатынас мәселелері.
Достарыңызбен бөлісу: