1 Тақырып Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философия – дүниетаным ретінде


  ХVІІ-ХІХ ғ. Қазақ ақын-жырауларының философиясының өзіндік



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата30.11.2022
өлшемі365,17 Kb.
#53986
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-дәріс

1.6 
ХVІІ-ХІХ ғ. Қазақ ақын-жырауларының философиясының өзіндік 
ерекшеліктері. 
Синкретистік ойлауды ежелгі қазақтардаң өмір болмысынан көруге 
болады. Дүниенің жаратылысы туралы, космос пен адам туралы, олардың ара- 
қатынасы туралы, адамның дүниедегі орны, өмір сүру мақсаты жазылмаған 
кітап болса да, заттар мен тіршілік әрекеттерінен айқын аңғарылып тұр. 
Өмірдің бастауын ғарыштан, табиғаттан іздейді және тарихи-мәдени 
даму барысында өмір сүру тәсілі арқылы тылсым дүние мен табиғат 
үйлесімділігін дәріптейді. Тылсым дүние мен әлемдік үйлесімділік 
арасындағы мәңгілік байланысты қазақ мифологиясының мазмұн-сарынынан 
анық байқаймыз. Барлық әлемдік мәдениет дүние жаратылуын Хаостан 
(Ретсіздік) Үйлесімділік туған деп түсіндіреді. Қазақ аңыздарында, наным- 
сенімдерінде де осы көзқарас көптеп орын алған. Мысалы, Қорқыт туралы 
аңыз, Батырлар жыры дүниеде қарама-қарсылық бірлігін, даму 
заңдылықтарын, өмір мен өлімнің ерекшелігін Ғарыштық тұтастық арқылы 
бейнелейді. 
Қазақ мәдениетінде Басқа дүние де, осы дүние де шындық және 
құндылықтар бар деп санайды. О дүние өкілдерінің әрекеті мен істері, осы 
дүние адамдарына жақын, әрі түсінуге мүмкіндік бар. Тотемдік, бақсылық 
жоралардан екі дүние арасындағы байланысты көреміз. 
1.6 кесте 


1.7 ХІХ ғ. аяғы және ХХ ғ. басындағы қазақ ойшылдарының гуманистік-
ағартушылық философиясы 
Қорқыт туралы аңызда Әулиенің күй құдіреті арқылы өлімді жеңуге 
ұмтылуы осы дүниедегі шарасыздықты, өтпелілікті дәлелдей түседі, тек 
мифологиялық уақыттың мәңгілік болып табылатындығы айтылады. Миф – 
аңыз – екі дүние шекарасы, оларды анықтап, байланыстырып тұрған миф – 
метафора, бір дүние мағынасын және құндылықтарын екіншісіне көшіріп 
тұрған. Осылай түсінілген миф үшін тіл, сөз арқылы жеткізу, түсіндіру 
шешуші рөл атқармайды. Қазақ мәдениетінде мифтің өмір сүруінің негізгі 
тәсілі, табиғаттың үнін жеткізуші күй формасында. Логос, Сөз және 
Ғарыштық заңдылық – бәрі күйде қосылған, бұл құбылыстарды қарапайым 
күнделікті адам тілімен түсіндіру мүмкін емес. Табиғат үні судың 
сылдырынан, желдің ызыңынан, жапырақтардың сыбдырынан және құстар 


мен жануарлар шуылынан күй болып құралады. Қорқыт туралы аңызда 
– музыкалық шығармашылықтағы құдіретті күш, адам мен әлемді уақыт 
бастауына, мәңгілік дүниеге қайтару мүмкіндігі айтылады. «Күй» деген 
ұғымның шығу тегі көне түркі тілінде «көк»-аспан, Жаратқан, үйлесімділік 
ұғымына сәйкес келеді. Аңыз бойынша Қорқыт қобызды осы үйлесімділік үнін 
жеткізу үшін жасаған. Қазақ мәдениетіндегі семантикалық мазмұн байлығын 
тұрмыс-тіршіліктің барлық саласынан көреміз. Бәріне ортақ бір мақсат, 
тақырып Тылсым дүние мен Табиғат үйлесімділігі және сол үйлесімділіктің 
шырқын бұзбау. Материалды мәдениет заттарын алсақ та, рухани 
құндылықтар үлгісін қарасақ та, осы тақырып өзек болған. Мысалы, Киіз үйдің 
сыртқы формасы, ішкі кеңістігі, негізгі элементтері – барлығы да осы Ретсіздік 
пен Үйлесілімділіктің алмасуын, абсолютті Ғарыштық заңдылықты паш етеді. 
Интуициялық пайымдау арқылы танылған Әлемдік заңдылық қазақтардың іс-
әрекетіне шығармашылық мүмкіндіктеріне негіз болған және табиғатпен 
қарым-қатынасына бағыт-бағдар берген. Киіз үйдің тігіліп және жығылуы, 
оның формасының ландшафтқа үйлесілімділігі, экологиялық және 
экономикалық, психологиялық және биологиялық тиімділігі сөз жоқ әлемдік 
үйлесімділікке бейімделген мәдениет үлгісі болып табылады. 
Қазақ халқының сұңғылалығы да сонда, Ғарыштық, Табиғат және Қоғам 
дамуының ортақ заңдылығын пайымдап, соны мұқият бақылап, қарсы 
тұрмауға,Табиғи үйлесімділіктің шырқын бұзбауға ұмтылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет