1 Тақырып Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философия – дүниетаным ретінде



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата30.11.2022
өлшемі365,17 Kb.
#53986
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-дәріс

 
 
1.3 
Философиялық дүниетаным 
және дүниеге көзқарастың 
тарихи түрлері 
Дүниетаным – дүние және ондағы адам орны туралы тұтас көзқарас. 
Тарих дамуында адамзат дүниетанымының үш тарихи түрі қалыптасты: 
1) мифология; 
2) дін; 
3) философия. 
Мифология (гректің «миф» - «аңыз» сөзінен) - қоршаған дүние туралы 
реалды түсінікпен қатар фантастикалық қиялдың қосындысынан тұратын 
ежелгі қоғам дүниетанымы, қоғамдық сананың формасы. 
Миф жауап беруге тырысатын негізгі сұрақтар: 
1) 
Әлемнің, Жердің және адамның жаратылуы. 
2) 
Табиғи құбылыстар туралы түсінік. 
3) 
Адам өмірі, тағдыры мен өлімі, әрекеті, жетістіктері, т.б. 


4) 
Борыш, ар-намыс, имандылық мәселелері. 
Мифтің белгілері және жалпы сипаты: 
1) табиғатты жанды тіршілік ретінде қабылдау; 
2) фантастикалық 
құдайларға, 
олардың 
өзара 
қатынасына, байланыстарына сену; 
3) абстрактылы ойлаудың (рефлексияның) болмауы; 
4) мифтің нақты 
өмірлік міндеттерді (шаруашылық, стихиядан 
қорғану,т.б) шешуге бағытталған практикалық сипаты; 
5) мифологиялық сюжеттердің біркелкілігі мен тереңге бойламайтын 
үстірт, жеңіл мағыналылығы. 
Дін – (латынның «религия»-«құдайшылдық» сөзінен) - сенімге 
негізделген, адам өмірі мен қоршаған дүниені басқаратын, жарататын 
құдіретті күштердің барын мойындайтын дүниетаным түрі. Діни дүниетаным 
адамнан дүние туралы сезімдік, образды- эмоцианалды түсінікті талап етеді. 
Діннің мақсаты мен мағынасы – қоғам мен жалпы адамзаттың назарын 
Құдайға бағыттау арқылы бір бағытқа жұмылдыру, орталықтандыру, сол 
арқылы адамды және осы дүниелік болмысты мәртебелендіру. 
Дін де миф ізденетін сұрақтарға жауап береді: 
1) әлемнің, Жердің, Жердегі тіршіліктің, адамның пайда болуы; 
2) табиғи құбылыстарға түсінік; 
3) адам әрекеті тағдыры; 
4) адамгершілік мәселелері
5) қарым-қатынас мәселелері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет