Салық есептілігіне әдістері. Салық есептілігінің жүйесін құру үшін белгілі бір амал – тәсілдерді пайдалану арқыылы салық есептілігін мейлінше жетілдіру қажет, яғни бұл оның негізгі қағидасы болып табылады. Қағида (Principium) латын тілінен аударғанда басталу немесе негіз деген мағынаны білдіреді. Бәрімізге мәлім болғандай қағида негіз болатын алғышарттар, негізгі жағдайлар, қайнар көздері, қандай да бір теорияның шығу көзі мен концепциялары болып табылады. Есептілікте қолданылатын принцип аясында есепті ақпараттардың қолданушыларына түсінікті болатын шаруашылық қызмет фактілерінің мөлшерін анықтау жағдайларын түсінуге болады. Э.С.Хендриксен қағидаға анықтама бергенде, салық төлеушілерге салық есептілігінің мағынасын ашатын фактілер туралы және есептілікке қойылатын талаптар жайында айтқан. К.Ш.Дүйсенбаевтің «Аудит және қаржылық есептілікке талдау» кітабында бухгалтерлік есеп қағидалары мен қаржылық есептілікке терең талдау жасай отырып, батыс елдері мен ТМД елдеріндегі көптеген авторларымен ұсынылған «қағида» сөзінің мағынасын беруде, американ ғалымдары Р.Энтони және Дж. Ристің пікірлерімен келіседі. Ол есептілік қағидаларының жалпы мойындалуы, әдетте олардың орындылық, объективтілік, жүзеге асырушылық критерилеріне байланысты. Егер біреудің, белгілі бір ұйым жайлы білуіне берілген ақпараттар пайдасын тигізсе, онда бұл қағида орында болады. Егер ақпаратқа оның құрастырушыларының жеке пікірлері мен бағалауы кірмесе, онда бұл қағиданың объективті болғаны. Объективтілік мағынасында сенімділік, бақылау, ақпаратқа сәйкес келуі түсініледі. Егер қағида еш қиындықсыз немесе шығынсыз орындалса, онда оның жүзеге асырылғаны. Бірінші кестеде әр түрлі авторлармен ұсынылған есептілікті құрудағы негізгі қағидалар көрсетілген. Бірақ біздің ойымызша салық есептілігінің қайнар көзі салық салу жүйесі болып табылғандықтан салық есептілігінің ролі мен орны салықтық есеп жүйесінің қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Философиялық мағынасы жағынан «қағида» түсінігін «салық есептілігінің қағидасы», - деп қолдануға болмайды, өйткені қағидалар кез келген нәрсенің бастамасы болып табылады. Егер салық есептілігінің шығу көзі салық есебі мен жалпы салық салу жүйесі бойынша болса, онда қағидалар осы түсінікке сәйкес келеді. Салық есептілігін құрудағы экономикалық мазмұн шеңберінде емес, оның техникалық толтыру шеңберінде болу мүмкіндігін атап өткен жөн.