Бақылау сұрақтары
1.Салықтың даму тарихы қандай?
2.Салық есебі қандай қызмет атқарады?
3. Салық есебінің объектілері қандай?
4. Салық кодексі қашан қабылданған?
Саламатсыздар ма, Тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауап беремиз. Тест сұрақтарына жауап беремиз.
Тақырып 6. Заңды тұлғалардың жылдық жиынтық табыс есебі.
Табыс есебі, заңды тұлғалардың ЖЖТ есептегенде және олардың мінездемесі.
Өнім өткізуден түскен табыс.
Дивиденттердің салық есебі.
Жеке табыс салығы төлем көзінен табыс алатын тұлғадардан алынады. Жеке табыс салығының өсуінің тенденциясын екі жақтан түсіндіруге болады: біріншіден, жеке табыс салығын төлеушілердің табысының ұлғаюы, екіншіден, жеке табыс салығына салынатын табыстың нақты ашылуы, яғни көлеңкелі экономикадан шығуы.
Жеке табыс салығы (ЖТС) – салық салу объектілері бар жеке тұлғалар төлейді. Жеке табыс салығы бойынша келесі салық салу объектілері бар:
төлем көзінен салық салынатын табыстар;
төлем көзінен салық салынбайтын табыстар.
Төлем көзінен салық салынатын табыстарға:
қызметкерлердің табысы;
біржолғы төлемдерден алынған табыс;
жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері;
дивидендтер;
сыйақылықтар;
ұтыстар түріндегі табыс;
стипендиялар;
жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады.
Төлем көзiнен салық салынбайтын табыстарға жатады:
мүлiктiк табыс;
дара кәсiпкердiң табысы;
жекеше нотариустар мен адвокаттардың табысы;
басқа да табыстар.
Қызметкер жұмыс берушіден ақшалай немесе заттай нысанда алған кез келген табыстар, оның ішінде материалдық пайда түрінде алынған табыстар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс беруші және үшінші тұлғалар арасында жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша қызметкер алған табыстары қызметкердiң салық салуға жататын табыстары болып табылады.
Жеке табыс салығын есептегенде тұлғалардың мынадай табыстарына салық салынбайды:
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемдер;
балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;
жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеу;
жеке тұлғалардың қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиялары бар банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетін сыйақылар және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
4-1 – пайлық инвестициялық қорлардың пайлары және акционерлік инвестициялық қорды басқарушы компания оларды сатып алған кездегі осы қордың пайлары бойынша табыстар;
мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облигациялармен жасалған операциялардан түскен табыстар;
таза табысты бөлу кезінде алынған және әрбір құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесін сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған табыс;
әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшілерге, белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген, оны қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған ішкі істер органдарының, қаржы полициясының қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерін және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің қызметкерлеріне берілетін төлемдердің барлық түрі;
лоторея бойынша 5 айлық (50%-дық) есептік көрсеткіш шегіндегі ұтыстар;
тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде мемлекеттік бюджет және гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсіби оқуларға байланысты төлемдер;
гранттар қаражаты есебінен төленетін төлемдер (еңбекақы түріндегі төлемдерден басқа);
тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипатында болатын не қызмет көрсететін учаскелер шегінде қызмет бабындағы сапалармен байланысты жағдайлардағы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде төленетін төлемдер;
Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестірілетін адамдардың, I және II топтағы мүгедектердің, сондай-ақ бала кезінен мүгедек адамның ата-аналарының біреуінің салық жылы ішіндегі айлық есептік көрсеткіштің 480 еселенген шегіндегі табыстары; III топтағы мүгедектердің бір жыл ішіндегі – айлық есептік көрсеткіштің 240 еселенген шегіндегі табысы;
өткізілер күні қор биржасының ресми тізімінде тұратын акциялар мен облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен алынатын табысы;
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлемдер (еңбекақы түріндегі төлемдерден басқа);
салық жылы ішіндегі медициналық қызмет көрсетулердің (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақысын төлеу үшін, бала туған кезде, жерлеу үшін берілетін, құжатпен расталған, айлық есептік көрсеткіштің 50 еселенген шегіндегі біржолғы төлемдер;
қызметтік іс сапарлар кезінде осы Кодекстің 93-бабында белгіленген мөлшерде төленетін өтемдер;
қызметкер ұйымымен бірге басқа жерге жұмысқа ауысқан не көшкен кездегі жол жүруі, мүлкін көшіруі, үй-жай жалдауы бойынша құжатпен расталған шығындардың өтемдері;
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердің ресми табыстары;
шет мемлекеттің мемлекеттік қызметінде жүрген шетелдік жеке тұлғалардың сол елде салық салынуға тиісті ресми табыстары;
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінде қызметте жүрген жеке тұлғалардың мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен шетелдік валютамен төленетін ресми табыстары;
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан берілетін зейнетақы төлемдері;
ерікті зейнетақы жарналарының есебінен жүзеге асырылатын зейнетақы және сақтандыру төлемдері;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде дала жағдайында геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және іздестіру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердің далалық жабдықталым ақшасы;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекттің сыйлықақылары);
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс берушінің қызметкерлерді өздерінің өндірістік қызметіне байланысты маманық бойынша оқытуға және біліктілігін арттыруға бағытталған шығыстары;
жұмыс берушінің вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдарға өндіріс объектісінде болу кезеңінде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшін жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй жалдауына және осы Кодекстің 93-бабына сәйкес белгіленген тәулікақы шегінде тамақтануға арналған шығыстары; қызметкерлерді жұмыс орнына дейін және кері қарай жеткізуге байланысты шығыстар;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде, жүкті болғанда және босанғанда берілетін әлеуметтік жәрдемақылар, сондай-ақ ұл бала немесе қыз бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) берілетін әлеуметтік жәрдемақылар;
білім беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекттік стипендияларға арналған мөлшерде төленетін стипендиялар;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген нормалар бойынша берілген арнаулы киімнің, арнаулы аяқкиімнің, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құндылығы соған тең басқа да емдеу-профилактикаға арналған азық-түлік өнімдерінің құны;
өздерінің қызметін жүзеге асыру мақсатында жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат алған мүлікті қоспағанда, жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны;
ізгілік, қайырымдылық көмек түрінде алынған мүліктің құны;
еңбек (қызметтік) мідеттерін орындау кезінде қызметкердің өміріне және денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері;
жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыстарды қоспағанда, сақтандырудың кез-келген түрі кезінде төленетін, шарттың қолданылу кезеңінде басталған сақтандыру оқиғасына байланысты сақтандыру төлемдерінің сомалары;
өз қызметкерлерін міндетті сақтандыру шарттары бойынша жұмыс беруші төлейтін сақтандыру сыйлықақыларының сомалары;
төлем көзінен салық ұсталғандығын растайтын құжат болған жағдайда, бұрын төлем көзінен салық салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар сомалары;
материалдық нұқсанның орнын толтырудың сот шешімі бойынша тағайындалған сомалары;
жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитет) төлеу үшін өмірді сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдарына жіберген зейнетақы жинағының сомалары;
сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері;
жинақтаушы зейнетақы қорларын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшердегі ерікті кәсіби зейнетақы жарналары.
Жеке табыс салығын есептеу келесі формула арқылы жүзеге асырылады:
ΣС = (ЖТ – Ш) * 10%
Мұндағы:
ΣС – бюджетке төленетін салық соммасы;
ЖТ – жалпы табыс;
Ш – шегерімдер;
10% - жеке табыс салығының ставкасы.
Достарыңызбен бөлісу: |