Бақылау сұрақтары Қызметкерлердің заттай нысандағы алған табыстары дегеніміз не?
Қызметкерлердің ақшалай нысандағы алған табыстары дегеніміз не?
Жеке табыс салығын есептегенде тұлғалардың қандай табыстарына салық салынбайды?
Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысын анықтау кезінде қандай салық шегерімдері қолданылады?
Салықтық шегерімге иемдену үшін қандай құжаттар негіз болады?
Жеке табыс салығының есебі қалай жүргізіледі?
Жеке табыс салығының салық есептілігі қалай ұйымдастырылады
Тақырып 7. Өнім (жұмыс, қызмет) өткізуден пайда болған шығындар есебі. Өндірістегі және өнім (жұмыс, қызмет) өткізуден пайда болған шығындардың салық есебінің ережесі.
КТС декларациясы бойынша «Өнім (жұмыс, қызмет) өткізуден пайда болған шығындарды» құрастыру тәртібі.
КТС декларациясы бойынша еңбек ақы шығындарының шегерімдер реті.
1.Шығындарды дұрыс анықтау кiрiске салық салу кезiнде салық органдармен мүмкiн болатын шиелiнiстерден аулақ болуға көмектеседi.
Кәсіпорын – түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан тұратын, күрделі механизм:
1) негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады;
2) көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге тікелей ықпал етеді (электр-көліктік, жөндеу цехтары, сумен жабдықтау т.б);
3) қосымша цехтар негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді;
4) қосалқы цехтар негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші өндірістерде пайдаланатын өнім өндіреді (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен айналысатын цехтар);
5) эксперименттік (тәжірибелік) цехтар тәжірибелік үлгілерді дайындайды және түрлі эксперименттік жұмыстарды атқарады.
Өндірістің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің типіне (тұрпатына) байланысты болады. Өндіріс жеке-дара, сериялық және жаппай өндіріс болып 3 топқа бөлінеді:
Жеке-дара (жекелеген) өндіріс - өнім жеклеген даналарымен немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстарымен дайындалатын өндіріс (ауыр машина жасау, кеме жасау, турбина жасау).
Сериялық өндіріс біркелкі бұйымдарды дайындап шығарудың оқтын-оқтын қайталанып отыруымен сипатталады (машина жасау өнеркәсібі, металл өңдеу).
Жаппай өндіріс – ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын өндіріс типі (маталар, киім, аяқ киім, сағат жасау, тамақ өнеркәсібі).
Өндіріс үрдісі - кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі негізгі, сондықтан өндіріс шығындары есебі мен аудиті – есеп-қисап жұмысы мен аудиторлық тексерудің жауапты учаскесі. Сондықтан осы циклды тексеру кезінде аудитор өндіріс пен дайын өнімді тиеуге, шикізаттың босалқы қорларын сақтауға қатысты қолданылатын бақылау процедураларын түсінуі керек. Мұндай ақпаратқа сүйене отырып, аудитор нақты шаруашылық операцияларына арналған бақылау саясаты мен процедурасының дұрыс дайындалғанын және кәсіпорында дұрыс қолданылып отырғанын анықтайды.
Өндірістік есептің тиімді жүргізуіне қол жеткізбей, кәсіпорын жұмысының тиімділігіне қол жеткізу мүмкін емес.
КТС бойынша есептілік берілген жеңілдіктер мен бекітілген ставкалар есебімен, салық салынатын табыстан шыға КТС-ті төлеушілермен дербес анықталады.01.01.08жылдағы ҚР СК 135 бабына сәйкес заңды тұлғалар үшін КТС жарнасы келесі өлшемде анықталады. Өндірістің негізгі құралы жер болып табылатын салық төлеушілер үшін – табыстарының 10%; б) ҚР аумағындағы көздердің төлемдерінің табысына – 15%, в) жоғарыда аталған пунктер қарастырылғандардан басқа тұлғалар үшін – 30%.
Салық кодексінде салықтың әр жарнасы бойынша жеке салық салу әдісі анықталады. Корпоративті табыс салығы есептеудің тура әдісіне жатады.
Бұл әдіс КТС бойынша бюджетпен есепте салық төлеушілердің 2 кезеңде есептеулер ұсына отырып, аванстық төлемдерді жүзеге асыруынан көрінеді. 101.01 формасы бойынша Декларацияны тапсырғанға дейін және 101.02 және 101.03 формалары бойынша Декларация тапсырғаннан кейін.
Салық төлеуге жататын аванстық төлемдердің сомасы салықтық кезең аралығында тең үлестермен төленеді. Аванстық төлемдер бюджетке ай сайын ағымдық айдың 20 санынан кешіктірілмей салынады және алдыңғы салықтық кезең декларациясында көрсетілген салықтық міндет сомасынан шыға отырып есептеледі.
КТС бойынша аванстық төлемдер еліміздегі инфляциялық процестердің қалыптасуна байланысты мүмкін болды, соның нәтижесінде салық төлеушілір өздерінің жылдық табысын болжау мүмкіндігіне ие болады, ал салық органдары аванстық төлемдердің ай сайынғы төлемін шектеудің ғана емес аванстық төлемдерді төлеудің біршама икемді графиктерін орнату мүмкіндігіне ие болды.
Салық төлеушілердің салық жылдық КТС сомасы туралы анықталмаған өзгеріс ендіру құқығы бар. Салық салу базасының төмендеуі немесе артуы және жыл қорытындысы бойынша дұрыс есептемеу нәтижесінде салық сомасын төлемеген және толық төлемеген жағдайда айыппұлға алып келеді.
Салық жылының өтісі мен заңды тұлғалар салық органдарына жиынтықты жылдық табыс туралы Декларация түрінде есеп ұсынады.
Ұжымдық табыс салығы бойынша соңғы есептеу Декларацияны ұсынудың 10 күн өткеннен кейін және 20 сәуірге дейін анықталады және төленеді.
Ұжымдық табыс салығының төлемдерін аудару төлемдік нұсқаулармен рәсімделеді және банкке төлем мерзімінің басталуына дейін немесе төлем мерзімінде тапсырылады. Ал инкассалық нұсқаулар – төлем мерзімінде түседі және бірінші кезекті тәртіпте орындалады.
Егер төленген сома есептелген сомадан асып кетсе, онда асып кеткен соманы басқа салықтарды төлеу есебіне есептейді, алдағы төлемдер бойынша міндеттер есебіне есептейді, төлеушінің жазбаша арызы бойынша салық органдары қалдықты жиырма күндік мерзімде қайтарады.