Бақылау сұрақтары 1.Тауарларды сату шығындары?
2.Салық есебі қандай қызмет атқарады?
3. Акциздер дегеніміз не?
Әдебиеттер: 1.Сұлтанова, Б.Б. Салық есебі.- Алматы, 2008
2.Жақыпбеков, Д.С. Қазақстандық кәсіпорындардағы салық салу, салық есебі мен есептілігін ұйымдастыру.- Алматы, 2009
3.Шарипов, А.Қ. Салық есебі.- Алматы, 2009
4.Султанова, Б.Б. Налоговый учет.- Алматы, 2007
5.Нурхалиева, Д.М. Налоговый учет.- Алматы, 2007
Тақырып 9. Күдікті қарыздар және резервтік қорларға аударылатын төлемдердің есебі. Сақтандыру резервіндегі қор құрудың шығындар есебі, шегеруге жататын салық салу.
Сақтандыру төлемдері, ЖЖТ шегерімдер.
Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты.
Сондықтан ендіріс процестерін жалгастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топ-тарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резервжәне сақтыққорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандырудың мақсатықоғамдық үдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және үжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілероған тән болып келеді:
1) қатынастардың ықтималдық сипаты;
2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген
аукымда - мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе
оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгешебелгілері бар:
сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
сақтандырудың қоғамдық енімнің қүнын қайта белуге қатысуы;
оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен косар-ланып отырады;
сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатынын болуы;
ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалылығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндікген сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының қурамды бөлігіболып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институтыретінде қарауға болады.
Сақтандырудың экономикалық мәнібарлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға үшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру — қолайсыз қубылыстар мен кутпеген оқигалар болган кезде жеке және заңи тулгалардың муліктік мудделерін қоргау және оларга материалдық зиянды төлеу ушін мақсатты ақша қорларын қуру жөне пайдалану жәніндегі қайта бәлгіштік қатьшастардың айрықша сферасы. Сақтандырудың экономикалық мөніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бәлу, әтемдік, жинақтықжәне бақылау функциялары сай келеді.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлуретінде көрінуі. Ол алдын алуфункциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржы сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.
Бақылау функциясысақтық төлемдерін жүмылдыруды жөне сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономи-калық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясынқарауды үсынады, өйткені сақтық тоуекелісақтандырудың негізгі арналымымен - қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пай-далана отырып) қогамдық қоргаудың жуйесіарқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланысылған жөне жалпыүлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге жөне жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты жүмыс істейтін қорлардан басқа (жалпы мемлекеттік материалдық резервтерден, Үкіметтің резервтік қорларынан) көсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдырылуы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен ин-фрақүрылымның объектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе-теңцікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген зиянды етеуге пайдаланылады.
Қатынастырдың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қоларды — әлеуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыруқорын жасап, пайдалана отырып, азаматтардың әлеуметтік жағ-дайын қорғауға бағыттылығы болады. Бұл қатынастардың іс-өрекеті халықты өлеуметтік қорғаудың қажеттігімен байланысы.
Үшінші бөлік қатынастардың түйық аясын пайдалана отырып және олардың осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалылығына жете отырып, адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын, олардың мүлкін, сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады. Бұл — жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру және шаруашыяық жургізуші субъектілер ушін мүлікті сақтандыру. Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыруболып табылады.
Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалып-тастырудың екі негізгі әдісі қодданылады, олар: бюджеттік жөне сақтық әдістері.
Қаржыларды қалыптастырудыңбюджеттік әдісібюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдісіқорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарасты-рады; жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынаста-рының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады.
Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте - әлеуметтік сақтандыруда - қос әдіс, үшінші бөлікте - жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда тек сақтық әдіс пайдаланылады.
Ірі апаттар мен нөубеттердің зардаптарын жою женіндегі шараларды қаржыландыру үшін қайырымдылық қайыр кәрсету алымынемесе белгілі бір уақиға шалмаған қатысушылар арасында қаражаттарды бөлусияқты көмекші әдістер қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге, өзін-өзі сақтандыру негізінде ақша қаражаттарын немесе материалдық босалқы қорларды қалыптастыру әдісі де болуы мүмкін. Мұндай әдіс ауыл шаруашылығында (босалқы қорлар - жемшөп, түқым, отын және т.б. қорлар), материалдық өндіріс сферасының көсіпорындарында (шикізаттың, шала фабрикаттардың, басқа материалдардың босалқы қорлары) қолданылады; азаматтардың жекеше жинақ ақшалары олардың сақтық босалқы қорлары ретінде қаралуы мүмкін.
Сақтандыру экономикалық категориясының материалдық-ақшалай иелері сақтық қорларыбола алады, олар қоғамдық үдайы өндірістің элементтері, сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету және сақтық қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрықшалықты төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың резервтері болып табылады.
Сақтық қорлары — қоғамның үлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтан-дыруға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қоры материалдық немесе ақша қорлары ны-санында жасалады. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің үжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және өлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол — табыс ретінде түтынылмайтын жөне қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден-бір бөлігі [8].
Нарықтық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі коммерииялық қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтық қызметтерінкөрсетуге түрленеді және мүндай қызметтер көрсетудің еркін рыногында үсынылады. Бұл қызметтер көрсетудің бағасы сақтық тарифтері мен жарналарытүрінде болады. Сақтық қызметтерін көрсетуге сүраным олардын, сапа-сымен жөне бағаның деңгейімен анықталады.
Клиенттерді тарту үшін сақтық ұйымдары клиентураға қызмет көрсетуді жақсартады, қызметтер көрсетудің ассортиментін кеңейтеді, ысыраптар мен зияндарды өтеу жөніндегі кепілдіктерді арттырады.
Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары белгілі бір уақытта тікелей арналымында - сақтық төлемдерін төлеу үшін (сақтық жағдайының болу немесе ыктималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық кызметтерін көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдарының осыған ұқсас операциясы сақтық рыногында пайдалырак, шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара кслісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепіддіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана материалдық игіліктерді өндіру, болу, айыртбастау жонс түтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады [9].
Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.
Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне карамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтеншс жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауырпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мсмлекеттік бюд-жетке түседі.
Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайда-лану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуы, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді камтамасыз етеді.
Сақтық жүйесі республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар мен шаруашылық жургізуші субъектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда, әлеуметтік камсыздандырудың проблемаларына тікелсй қатысты.
Сақтандыру, табыс (пайда) түсіру мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісіретінде болып кәрінеді.
Сақтандыру — сақтық ұйымы өз активтері есебіненжүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтык жағдайы немесеөзге де оқиғалар туындаған квзде жеке иемесе іаңи тулғалардың заңды мудделерін муліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сактандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзегс асырылады [10].
Сақтандыру шарты бойыншабір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларынтөлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге де түлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың (сақтық сомасының) шсгінде сақтықөтемін төлеуге міндеттеледі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандарыболып табылады:
міндеттілік дорежесі бойынша - ерікті және міндетті;
сақтандыру объектісі бойынша -жеке және мүліктік;
сақтық өтемді жүзеге асырубойынша - жинақтаушы және жинақтаушы емес. Міндетті сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмүны және оны жүргіз жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.
Еріктісақтандыру — тараптардың еркін білдіруіне орай жүзсгс асырылатын сақтандыру.
Сақтық қызметі- сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға бай-ланыс ы Қазақстан Республикаеы заңнамаларының талаптарына сәйкес уэкілстті органның лицензиясы негізіндс жүзсғе асы-рылатын қызмст.
Сақтық қызмстін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларга, сыныптарға жіктеледі. Сақтық ұйымы бола отырып, корпорация "Сақтық қызметі туралы" заңға сәйкес іс-әрекет етуге міндетті. Осыған байланысты сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың жеке келісімшарты бойынша сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелердің ең жоғары келемі меншікті капитал мен сақтық резервтерінің 10%-ын құрайды. Тәуекелдікті сақтандыруға корпорация алатын көлемдердің әлуетін көбейту мақсатымен, сондай-ақ алапаттық сипаттағы уақиғалар кезінде төлем қабілетсіздігі тәуекелдігін болдырмау үшін жетекші халықаралық қайта сақтандыру ұйымдарына тәуекелдіктерді ішінара қайта сақтандыру практикасы жүзеге асырылады [11].
Сақтандырылған мүліктің түріне немесе тобына қарай сақтандарудың мынадай түрлерін ажыратады: ауыл шаруашылығы дақылдарын, малдарды, қүрылыстарды, мемлекеттік, жеке меншік, кооперативтік кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың мүлкін, көлік қүралдарын, қаржылық тәуекелді (соның ішінде банк салымдары мен банк операцияларын, бағалы қағаздар рыногындағы операцияларды), жүктерді, мұнай операцияларын (мұнай шығару, оны өңдеу және тасымалдау жөніндегі) және т.т. сақтандару. Мүліктік сақтандыруға міндетті нысанда көліктің барлық түрімен тасу жасалғанда тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-қүқықтық жауаптылығы мен автокөлік иелерінің азаматтық-қүқықтық жауаптылығы сақтандырылады. 2006 жылдан бастан ауыл шаруашылығы өндірісін: көп жылдық екпелерді, ауыл шаруашылығы малдарын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді, ауыл шаруашылығы өнімдері мен тауарларын қолайсыз табиғат-климат жағдайларынан, эпизотикалардан және басқа дүлей апаттардан міндетті сақтандыру қайта қалпына келтірілді.
Өмірді сақтандыру - азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек қабілеттігін және жеке басына байланысты өзге де мүдделерін залалдан қорғаудың нысаны, ол жеке басты және әлеуметтік сақтандыру қызметтерінің көмегімен жүзеге асады.
Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болган немесе ол сақтандыру мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтык төлемін жүзеге асыруды көздейтін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтыгы болып табылады.
Аннуитеттік сақтандырусақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек қабілетін (жасына, мүгедектігіне байланыс-ты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немссс сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнстақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жеке басты сақтандырудың сан алуан түрлері бар: өмірді аралас сақтандыру, балаларды сақтандыру, некені сақтандыру, шаруашылық жүргізуші субъектілер есебінен олардың қызметкерлерін сақтандыру, әуе, темір жол, теңіз, ішкі су жәнс облысаралық, халықаралық автомобиль колігінің жолаушыларын сақтандыру және т.с.с.
Жеке басты сақтандырудың аталған түрлері жолаушыларды сақтандырудан басқасы ерікті нысандажүргізіледі. Міндетті нысандасондай-ақ көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтык, жауаптылығы, әскери қызметшілердің жеке құрамы, ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік, салық службасы қызметкерлері сақтандырылады.
Сақтандырудың экологиялық тәрізді түрі жіктемеде аралық жағдайда болады: ол жеке басты жонс мүліктік, міндстті және срікті болуы мүмкін.
Сақтық қатынастарының бұл бөлігінің баяндалған ерекшеліктері мүлікті жөне жеке басты сақтандыру өзіндік өзгешелігі бар дербес экономикалық категория ретінде болып танылады деп түйін жасауға мүмкіндік береді.