Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеулерге және өндіруге дайындық жұмыстарына жұмсалган шығыстар. Жер байлығын зерттеу, барлау және пайдалы қазбаларды алуға даярлық жұмыстарына шыққан шығындар, бағалау, жасақтау, жалпы әкімілік шығындар және қол қойылған бонустарды, коммерциялық табу бонусын төлеуге байланысты шығындарды қоса алғаңда, жылдық табыс жиынтығынан амортизациялық аударым түрінде ұстап қалуға жатады және ол жеке топты құрайды, бірақ амортизациялық нормасының шегі 25 пайыз деңгейінен аспауы керек.
Геологиялык зерттеу жұмыстары жасалған контракт аясында жүзеге асады, ол кезде олардың:
жылдық табыс жиынтығынан түзету ретінде алынып тасталатын табыстар жеке көрсетіледі, тасталған табыстары косылмайды.
Жер қойнауын пайдаланушылар – Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға.
Жер қойнауын пайдаланушылар мынадай салықтары мен арнайы төлемдердi төлейді:
1) үстеме пайда салығын;
2) жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерiн:
а) бонустар (қол қойылатын және коммерциялық табу);
ә) роялтидi;
б) өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi;
в) қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн есептеу мен төлеу тәртiбi белгiленедi.
Пайдалы қазбалар өндiрудi жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт жасалғанға дейін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланғаны үшiн республикалық бюджеттің кiрiсiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мөлшерде роялти түрiнде аударымдар жасайды.
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу екi үлгiге бөлiнедi:
1) бiрiншi үлгi - өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының Салық кодексінде көзделген салық пен басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуiн көздейдi;
2) екiншi үлгi - жер қойнауын пайдаланушының өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеуiн (беруiн), сондай-ақ Салық кодексінде көзделген салық пен басқа да мiндеттi төлемдердiң барлық түрлерiн төлеуiн көздейдi, оларға:
Келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн орындау жер қойнауын пайдаланушыны осындай мiндеттемелердiң пайда болған күнi қолданылып жүрген салық заңдарына сәйкес, келiсiм-шарт шеңберiнен тыс қызметтi жүзеге асырғаны үшiн Салық кодексінде көзделген салық мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды.
Өнімді бөлу туралы келiсiм-шарттарда белгiленген салық салу шарттары тараптардың келiсiмi бойынша салық заңдарының өзгеруiне байланысты түзетiлуi мүмкiн.
Салық заңдарындағы өзгерiстер нәтижесiнде жер қойнауын пайдаланушыға салық салу шарттары жақсарған жағдайда, өнімді бөлу туралы келiсiм-шарттарда Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қалпына келтiру мақсатында салық салу шарттарына түзету жасалады.
Өнімді бөлу туралы келiсiм-шартта көзделген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң күшi жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осында айқындалған тәртiппен келiсiм-шартқа тиiстi өзгерiстер енгiзiлгенге дейiн келiсiм-шартта белгiленген тәртiппен және мөлшерде оларды бюджетке төлеудi жалғастыра бередi.
Салық сараптамасы - құзыреттi орган жасаған өнімді бөлу туралы келісiм-шарт жобасына, оған толықтырулар мен өзгерiстерге талдау жасау мен баға берудi қамтитын, салық салу шарттарын анықтау, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салығын белгiлеу мақсатында өткiзiлетiн мiндеттi сараптама.
Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi барлық келiсiм-шарттарға қол қойылғанға дейiн олар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмдерде мiндеттi салық сараптамасынан өткiзiледi. Осы ереже бұрын жасалған келiсiм-шарттарға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларға да қолданылады.
Салық сараптамасының нәтижелерi бойынша белгiленген салық салу шарттары өнімді бөлу туралы келiсiм-шарттың түпкiлiктi мәтiнiне мiндеттi түрде ешбiр өзгертулер мен түзетулерсiз енгiзiледi.
Бонус және оның түрлері
Бонустар жер қойнауын пайдаланушының тiркелген төлемдерi болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануды жүргiзудiң жеке жағдайларын негiзге ала отырып, бонустардың мынадай түрлерiн төлейдi:
1) қол қойылатын;
2) коммерциялық табу бонусы.