1 тапсырма Қаржы түсініктемесінің пайда болу кезеңдері


Нарық жағдайында қаржының дамуы



бет4/4
Дата13.10.2022
өлшемі21,07 Kb.
#42754
1   2   3   4
Байланысты:
1 тапсырма

Нарық жағдайында қаржының дамуы.

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарды. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге аырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның ңс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарынкөре білудің маңызы зор.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мән-мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субъектілері болып табылады.
Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі – материалистік диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді болжайды.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады.Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты (пайданы) бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкішаруашылық арналымның қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады. Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында ақша қатынастарының қозғалысы болып жатады.
«Қаржы» ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Мемлекет қаржысы әдетте мемлекеттік бюджетке шоғырландырылады. Мемлекеттік бюджетте әртүрлі қаржы көздері жинақталып және шоғырланып, белгілі бір уақыт аралығында мемлекеттің әртүрлі қызметтеріне жұмсалынып отырады. Жалпы кез-келген мемлекет макроэкономикалық даму жағдайында өз қаржы қорларының толықтығы мен жеткіліктігінсіз өзге мемлекеттермен қатынастарға түсе алмайды, өзіндік қаржы-несие жүйесін құра алмайды және өндірісін дамыта алмайды. Демек мемлекет дамуының ерекше маңызды бағыты және жолы ол мемлекет қаржы қорларына тікелей байланысты. Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан бастап, елдің қаржы жүйесін қалпына келтіруге және жетілдіруге, қаржыларды жинақтаудың негізгі бөлімі – салық жүйесі мен салық қызметін дұрыс жолға қоюға, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жағдайын жақсарту мен дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Алайда бүгінгі таңда, мемлекеттік қаржылық жүйеде мәселелер де аз емес.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет