1 тапсырма. Қазіргі



бет2/3
Дата12.12.2023
өлшемі17,45 Kb.
#137872
1   2   3
Байланысты:
Тапсырма педогогика. Айтжан Ж.Н ДСПМНО-23-1к

2 тапсырма.
Қазіргі уақытта республикамыздың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – оқушының білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге көтеру болып табылады. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім беру стандартын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігі дамыған мамандармен қамтамасыз ету, жаңа оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр.
Жаhандану заманында білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде физика пәні мұғалімінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің де салмағы орасан зор. Себебі қазіргі уақытта орын алып отырған еліміздегі ғылыми техникалық даму мен жаңару процестері барлық салалардағы өзгерістер үлкен шығармашылық ізденісті, терең біліктілікті, еңбекті, кәсіби даярлықты, белсенділікті, жанжақты дамыған тұлға болуды талап етеді.
Жаңа технологиямен физика пәнін оқытудағы негізгі мақсат – баланың ашылмаған қабілетін ашу, дамыта оқыту, белсенділігін, ақпараттық танымын дамыту, өзіне деген сенімін күшейту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ал кез-келген технология мұғалімнен терең теориялық білім, үлкен педагогикалық шеберлікті, сонымен қатар баланың жан дүниесін түсінетін психолог болуды талап етеді. Осы мақсатта елімізде жаңартылған білім беру бағдарламасы қолға алынып, жүйеге енгізілді. Білім беру мазмұнын жаңарту бұл білім беру бағдарламасының мазмұны мен құрылымын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізудің негізінде өзінің бойына ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды сіңірген, кез келген өмірде кездесетін жағдаятта функционалдық сауаттылық пен бәсекеге қабілетті бола алатын адамның үйлесімді қалыптасуы мен зияткерлік дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру болып табылады. Заман талабына сай ұсынылған талаптарға сәйкес заманауи жоғары оқу орны «білімді тұлғаны», яғни білімі, іскерлігі мен дағдысы қалыптасқан жеке тұлғаны дайындаумен ғана шектеліп қалмай, белсенді және шығармашылықпен ойлана алатын, ақыл-ойлы және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны өмірдің өзгерістеріне дайын болуға бағыттауға тиіс. Яғни, білім ордасындағы білім берудегі жаңа моделінің құрылымы әдеттегі дәстүрлі «Білім ордасында нені оқу керек?» емес, «Білім ордасында не үшін оқу керек?» деген мән мәтін аясында өрістелуі тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет