1-тапсырма.
ІО қызметінің негізгі бағыттары, олардың мазмұны. Ішкі істерді басқару түсінігі.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған құқық қорғау органы болып табылады. Ішкі істер органдары өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде олардың қызметіне араласуға тыйым салынады. Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізі:Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.
Ішкі істер органдары қызметінің қағидаттары:
Ішкі істер органдарының қызметі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет қағидаттарына және құқық қорғау қызметінің арнаулы қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ішкі істер органдары жүйесі: Ішкi iстер органдарының бірыңғай жүйесiн полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, әскери-тергеу органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, азаматтық қорғау органдары құрайды.Ішкi iстер органдары Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінен, ведомстволардан, аумақтық органдардан, сондай-ақ Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардан тұрады.
Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерін, ведомстволарды, аумақтық органдарды және Iшкi iстер министрлiгiне ведомстволық бағынысты ұйымдарды құруды, қайта ұйымдастыруды және таратуды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі жүзеге асырады.
Ішкі істер органдарының негізгі қызметі:
• облыс аумағындағы қылмыстың, қоғамдық тәртіптік қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы туралы ақпараттар жинау, есепке алу және оларды жүйелеу, мемлекеттік санақ (статистика) жүргізу, өзге мемлекеттермен ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
• Ішкі істер органдарының бөлімшелері қызметінің ішкі қызметкерлерінің оңды тәжірибелерін жинақтау және тарату, оларға тәжірибелік, әдістемелік және консультативтік көмектер көрсету;
• ІІМ облыстың әкімі мен мәслихатын, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың өзге де органдарын, мүдделі ведомстваларды қылмыстың, қоғамдық тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы туралы және құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайту жөнінде қолданылып жатқан шаралар туралы құлағдар етіп отыру.
Қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, жол бойының ішкі істер бөлімдері өздері қызмет көрсететін аумақта қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды тікелей қамтамасыз етеді.
Қалалық ішкі істер бөлімі
Қалалық (аудандық) ішкі істер бөлімінің құрылымына кіретіндер: әкімшілік қызметтің кезекшілік бөлімімен қоса жедел-іздестіру бөлімдері (бөлімшелер, топтар), МАИ, алдын ала тергеу, анықтау бөлімдері, секретариат, штаб, кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі инспекция, полицияның аумақтық бөлімшелері.
Сонымен бірге бұларға: кәмелеттік жасқа толмағандарды қабылдап таратушы; әкімшілік тәртіп бұзуға қатысты ұсталғандарды арнайы қабылдаушы; медициналық айықтырғыш; қаңғыбастығы мен қайыршылығы үшін ұсталғандарға арналған қабылдап таратушы жоғарыда аталған Ішкі істер органдарына тікелей бағынады.
ІІM ішкі әскерлері маңызды мемлекеттік нысандармен арнаулы жүктерді тасымалдау кезінде оларды күзету және еңбекпен түзеу мекемелерін күзетуді жүзеге асырады; сотталған адамдар мен қамауға алынғандарды айдауылдайды; қоғамдық тәртіпті сақтауда Ішкі істер органдарына көмектеседі; апаттардың, өрттердің, дүлей апаттардың өзге де төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысады.
Криминалдық полицияның негізгі міндеттері
Қылмыстарды ашу, алдын алу, жою және тергеу; Ішкі істер органдарының қарауына жататын қылмыстар жөніндегі істер бойынша анықтауларды жүргізу, тергеу амалдарынан, ісін жалпы анықтаудан және соттан, қылмыстық жазасын өтеуден жалтарып жүргендерді, хабарсыз жоғалып кеткендерді іздестіруді ұйымдастыру мен жүзеге асыру.
кімшілік полицияның негізгі міндеттері:
Қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік тәртіп бұзушылықтарды ашу, алдын алу және тоқтату, қылмыстарды ашу, анықтау мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру, ұсталған және тұтқындалған, тұратын орны, құжаттары жоқ адамдар ұсталатын орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету. Сонымен бірге кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қараусыздықты және құқық бұзушылықты ашу және тоқтату, жол қатынасы кауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік қадағалау, бақылау, төлқұжат беру жұмысын жүзеге асыру.
Учаскелік инспекторлар және кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторлар күзет қызметін, лицензиялық және рұқсат беру жүйесін, табиғатты корғау және мал дәрігерлік полициясы, төлқұжат қызметі, жол полициясы бөлімшелері, Ішкі істер органдарының арнаулы мекемелері әкімшілік полициясы құрайды.
Әскери-тергеу органдарының негізгі міндеттері
Ішкі істер органдарының тергеуіне жататын әскери қызметшілер жасаған қылмыстар мен әскери қылмыстардың алдын алу, тоқтату, жою, ашу және тергеу болып табылады. Әскери тергеу органдарын — әскери-тергеу департаменті, тергеу, жедел-іздестіру, жедел-техникалық және өзгеде бөлімшелерден тұратын әскери-тергеу басқармалары мен гарнизондар бойынша бөлімдер құрайды.
ІІМ-нің әскери полициясы — ішкі әскерлерді құқықтың тәртіпті қамтамасыз етуге, әскери қылмыстар, сондай-ақ ішкі әскерлер мен әскери қызметшілер жасаған өзге де қылмыстар бойынша анықтау ісін жүзеге асыруға, олардың арасындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, олардың бетін ашуға, тоқтатуға, жоюға, әскери қылмыстарды ашуға, ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін іздестіруге арналған арнаулы орган
Достарыңызбен бөлісу: |