1-тапсырма. Іо қызметінің негізгі бағыттары, олардың мазмұны. Ішкі істерді басқару түсінігі



бет2/7
Дата06.01.2022
өлшемі32,03 Kb.
#13648
1   2   3   4   5   6   7
Ішкі  Істерді  басқару

 ҚР Ішкі Істер органдары ҚР заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау  мен қоғамдық  қауіпсіздікті  қамтамасыз ету, адам мен азаматтың  құқықтары мен бостандықтарына, қоғам мен мемлекеттің  мүдделеріне қылмыстық және өзге де қол  сұғушылықтардың  алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкімді функцияларды жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.

ІІО атқарушы билік органдарының жүйесіндегі орны мыналармен анықталады:

1) ІІО қоғамдық қауіпсіздікті, соның ішінде  төтенше немесе әскери жағдай  ахуалында қамтамасыз етуді ұйымдастырады және практикада іске асырады;

2) ішкі істер органдары басқару функциясымен қатар алдын ала тергеу, анықтама және әкімшілік өндірісті жүзеге асырады;

3) ІІО кең көлемде әкімшілік-қадағалаушылық функцияларға ие;

4) ІІО мемлекеттік қызмет өзіне тән ерекшеліктерге ие;

5) ІІО өздерінің функцияларын басқа да атқарушы билік органдарымен үздіксіз әрекеттестікпен жүзеге асырады;

6) ІІО қарауына жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Ішкі Істер органдарына мынадай негізгі міндеттер жүктелген:

1) қоғамдық тәртіпі қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті, соың ішінде төтенше немесе әскери жағдай ахуалында қамтамасыз ету;

2) заңдарда белгіленген өздерінің құзыреті шегінде алдын ала тергеу, анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру;

3) сотталғандарды қылмыстық атқару жүйесінің  мекемелерінде ұстаудың және әкімшілік  жолмен қамауға алынғадарды ұстау орындарында құқықтық тәртіп пен режимді қамтамасыз ету;

4) өз құзыретінің шегінде  жол қозғалысы қаіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік  бақылау мен қадағалау;

5) паспорт және виза беру жұмысын жүргізу, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың  ҚР аумағында  болу тәртібін сақтауын бақылау;

6) өзге де  мемлекеттік органдармен бірлесіп, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде карантиндік, санитарлық және табиғатты қорғау  органдарына  сұғанақ аңшылыққа қарсы күресуде жәрдем көрсету;

7) ҚР заңдарына сәйкес лицензиялық және рұқсат етушілік қызметті жүзеге асыру;

8) қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды  ашу және тыю, тергеу, сондай-ақ қылмысткерлерді іздестіру;

9) қылмыстық  жазалар мен әкімшілік жазалау  шараларын қолдану;

10) кәмелетке  толмағандардың  қараусыздығы мен құқық бұзушылығын анықтау және тыю;

11) қажет болған жағдайларда мемлекеттік өрт қауіпсіздігі органдарына  өрт ауіпсіздігін қамтамасыз етуде жәрдем көрсету;

12) мемлекеттік және өзге де  объектілерді, жеке тұлғаларды күзету, қамауға алынғандар мен сотталғандарды айдап апару, террорзм актілерінің жолын кесу, кепілге алынғандарды бостатуға қатысу;

13) соғыс уақытында ҚР аумақтық қорғаныс жүйесінде жекелеген міндеттерді орындау;

14) ІІО қарауына жататын мәселелер бойынша  халықаралық ыгтымақтастықты жүзеге асыру.

ҚР ІІО  құқықтық негіздеріне мыналар жатады:

1) ҚР Конституциясы мен заңдары;

2) өзге де нормативті-құқықтық актілер;

3) ҚР халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері;

4) ҚР Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;

5) ҚР ІІМ туралы, ҚР ІІО қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың  қызмет атқаруы туралы Республика Үкіметі бекіткен Ереже.


Ішкі істерді басқару  жүйесі: ҚР Президенті-ҚР  Үкіметі – ҚР ІІМ- Облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен республика астанасының, көліктегі оған  бағынатын ішкі істер  басқармалары- қалалық, аудандық,  желілік ішкі істер органдары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет