1-тапсырма. Іо қызметінің негізгі бағыттары, олардың мазмұны. Ішкі істерді басқару түсінігі


Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі



бет3/7
Дата06.01.2022
өлшемі32,03 Kb.
#13648
1   2   3   4   5   6   7
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі — Қазақстан Республикасы үкіметі құрамына енетін Қазақстан Республиксының орталық атқарушы органы, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жүйесін басқарады, сонымен қатар қарастырылған заңнамалар аясында Қазақстан Республикасы аумағындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мақсатындағы салааралық іс-қимылдарды реттейді, құқық қорғау аясындағы мемлекеттік саясатты жасаумен және іске асырумен айналысады. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасы заңдары, Президент, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері, басқа да нормативтік актілер, халықаралық келісімшарттар мен Қазақстан Республикасының басқа да міндеттемелеріне сәйкес жүргізеді.

ҚР ІІМ  негізгі міндеттері:

Министр :Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы

Министрдің бірінші орынбасары: Демеуов Марат Ғанұлы

1) ішкі істер органдарының  қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғау, қылдмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу,  қылмыстарды ашу мен тергеу, қылмыскерлерді іздестіру, ылаңкестік актідердің жолын кесу  қатысу және тағы басқа осындай сипаттағы  тиімді  жұмыстардың істелуін ұйымдастыру;

2) республикадағы оперативтік жағдайды талдау және болжау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөнінде  шешімдерді әзірлеу;

3) қылмысқа қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіру

4) ішкі істер органдарының құрылымын жетілдіру, қызметтері мен  бөлімшелері арасында және өзге де құқық қорғау  органдарымен, министрліктермен және ведомствовалрмен өзара  іс – қимылын жақсарту жөнінде  шаралар әзірлеу;

5) ішкі істер органдарының қызметін материалдық – техникалық, қаржылық, сондай – ақ ақпараттық құралдармен қамтамасыз ету;

6) Министрлікке ҚР заңына  сәйкес жүктелінетін өзге де  міндеттер;

Полицияны ұйымдастыру:

1) Криминалдық полиция – жедел іздестіру, тергеу ғылыми – техникалық және ІІМ

тікелей бағынатын өзге де бөлімшелер;

2)Әкімшілік полиция:

   - учаскелік инспекторлар қызметі;

- кәмелетке  толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторлар  қызметі;

- сақшылық қызмет;

- лицензиялық және рұқсат ету жүйесі;

- табиғат қорғау және мал дәрігерлік полиция;

- төл құжаттық қызмет;

- жол полициясы бөлімшелері;

- ішкі істер органдарының арнаулы мекемелері;

3)Әскери – тергеу органдары:

-әскери – тергеу департаменті;

-әскери - тергеу басқармалары;

-тергеу, жедел іздестіру, жедел – техникалық және өзге де  бөлімшелерден

  тұратын гарнизон бойынша бөлімдер;

- ІІМ әскери полициясы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет