1-тапсырма. Қызу жұмыс



бет7/10
Дата25.11.2023
өлшемі412,29 Kb.
#127053
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
тапсырма. «Қызыл кітап» қорғаған аң - құстарды біз қорғай алмаймыз ба? Сенің пікірің...









  1. тапсырма. Мәтіннің стилін анықтаңыз.

А) публицистикалық стиль
В) көркем әдебиет стилі
С) ресми іс-қағаздар стилі
Д) ғылыми-көпшілік стиль

  1. тапсырма. Жоғарыда берілген мәтінге тән стильдік, тілдік ерекшеліктерді белгілеңіз.

А) ресми сөздер, даяр тіркестер қолданылған
В) образды, эмоционалды, экспрессивті сөздер қолданылған
С) ғылыми терминдер қолданылған
Д) деректер дәлелді, зерттелген

  1. тапсырма. Мәтіндегі қарамен берілген сөздер қандай принципке негізделіп жазылған?

А/ морфологиялық принцип
В/ фонетикалық принцип
С/ морфологиялық-фонематикалық принцип
Д/ тарихи-дәстүрлік принцип

  1. тапсырма. Мәтінде қай абзацта автордың позициясы анық байқалады?

А) Біріншісі абзац
В) Үшінші абзац
С) Бірінші мен төртіншіде
Д) Төртінші абзац


  1. тапсырма. Жан-жануарды қорғау үшін автор ұсынған

А) «Қызыл кітапқа» енгізу
В) Жауапкершілікті ояту
С) Жаза қарастыру
Д) Аң аулауға тыйым салу
2- МӘТІН. БОЛАШАҚ ҒАЛАМТОР-ЖУРНАЛИСТИКАДА
Ғаламдық желіні өз мақсаттарына тиімді пайдалана білгеннің асығы түгел екенін уақыт дәлелдеп отыр. Ғаламтор желілері - бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі ең жаңа түрі. Баспасөз қызметі тұрғысынан алғанда, WEB-сайттардың былайша жіктелуі тақырыптық бағыты жағынан тиімді болып табылады: жаңалық тарататын WEB-сайттар (мысалы,http://www.24.kz.); сараптама, талдау жасайтын WEB-сайттар
(мысалы,http://www.abai.kz/.); басқа да әлеуметтік желілердің қоры (http:// baq.kz,). Басқа БАҚ құралдарына қарағанда қажетті ақпаратты орналастыру, ақпарат алу жылдамдығы, оңтайлы пайдалану жағынан ең арзанға түсетіні- осы ғаламтор. Әрине, көптеген салалық веб-қорларға материал орналастыру тегін болуы да мүмкін, бірақ ғаламтордың аудиториясы анағұрлым ауқымды. Ғаламтор баспасөз қызметінің жеке пайдалануына да ыңғайлы болып табылады.
Зерттеушілердің пікірінше, қазіргі баспасөз қызметі өз ақпараттарын баспасөзден гөрі жылдам тарайтын ғаламтор желілеріне орналастырғанды жөн санайды. Баспасөз қызметі, ең алдымен, өз жұмысында халықтың қай тобының өздеріне мақсатты аудитория бола алатынын ұғынып алуы қажет. Мақсаты мен міндетіне қарай аудитория да ауысып отыруы мүмкін. Себебі баспасөз қызметінің баспасөз-релиздері (терілген материалдар, кестелер, бағдарламалар, мәліметтер) бір сағаттың ішінде әртүрлі мақсаттағы аудиторияға бағытталады.
Болашақ – ғаламтор-журналистикада, онда еркіндік көп және бақылау да азырақ. 2020 жылы жер бетінде ғаламдық желіге жалғанған қондырғылардың жалпы саны 26 миллиардқа, ал смартфон қолданушыларының саны 6,1 миллиардқа жетеді. Нәтижесінде, мобильді интернеттің даму қарқыны қазіргіден бетер күшейіп, оның ғаламшарды қамту көрсеткіші 90 пайызды көрсетпек. Бұл сандық деректер қазірдің өзінде біраз қауқарын жоғалтып үлгерген баспасөздің ертеңін күмәнді ете түсті.(210сөз)




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет