1-тапсырма. Қызу жұмыс


Тапсырма орындалуын бағалау



бет6/10
Дата25.11.2023
өлшемі412,29 Kb.
#127053
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Тапсырма орындалуын бағалау
Іс әрекеті:құзыреттіліктің бірінші деңгейі (қайта өңдеу,анықтау, есептеу)
мазмұны: тәуелділік пен байланыстар
Ситуация: ғылыми


5-КАРТОП САЛМАҒЫ

Дүкенде 3 кг-дық және 15 кг-дық тор дорбаға салынған картоп түсірілді. Барлығы 660 тор дорба 2,5 тонна болып шықты. Неше 3кг, неше 5кг-дық тор дорба.

6-8 ТАПСЫРМАЛАР ТОПТАМАСЫ .

Велосипедші Айжан

Айжан жаңа велосипед сатып алды. Велосипедтің рулінде жылдамдық өлшегіш қондырылған. Жылдамдық өлшегіш Айжан велосипедпен жүріп өткен қашықтық пен жолдағы орташа жылдамдықты көрсетеді.


Айжан өз велосипедімен үйінен 4 км қашықтықтағы жатқан өзенге
дейін барды. Оған 9 минут қажет болды. Ол үйіне 3 км қысқа жолмен қайтты.
Бұл үшін оған 6 минут қажет болды. Айжанның өзенге дейінгі және артқа қарай орташа жылдамдығы (км/сағ) қандай? Орташа жылдамдық қанша км/сағ.

9 ТАПСЫРМАЛАР ТОПТАМАСЫ .

МЫСЫҚ

«Алты қанат киіз үйге екі мысық келіп кірді де, бірінші керегенің түбіне екеуі балалап, әрқайсасы алтыдан балалады. Олардың бәріде мысық болып өсті де, тағыда алты- алтыдан балалады, т.с.с. осылайша әр керегенің түбіне барып балалап шықты».Сонда киіз үйден неше мысық өсіп шығады?



10 ТАПСЫРМАЛАР ТОПТАМАСЫ .

ҚАЗ БЕН ТҮЛКІ

Тендеулер жүйесін құру тақырыбына: «Қаз бен түлкі» ертегісін оқи отырып, мына теңдеуді шешеміз:

«Түлкісін аярлыққа бермейтін дес,

Көрейін сенде қанша ақыл мен ес.

Балапан, көжек санын өзің тапшы



Аяқтарды 94, басы 35»

Оқу сауаттылғы 1-нұсқа
1-мәтін
ТАБИҒАТТЫ САҚТАУ – БОЛАШАҚТЫ САҚТАУ
Сенатор Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, қоршаған ортаны қорғау бағытында мемлекеттік бағдарламаларымыз баршылық. Алайда, бұл мәселеде дабыл қағарлық жағдай көптеп орын алуда. Ресми мәліметке сүйенсек, жерімізде мекендейтін аң мен құстың 300-ден астам түрі толық жойылып кету қаупінің алдында тұр. 2015 жылмен салыстырғанда, 2016 жылдың көктемінде Қазақстандағы құстар саны 2 млн-ға кеміп кеткен. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі» комитеті 16 ақпан мен 14 маусым аралығында көктемгі аң-құс аулау маусымына тыйым салды. «Комитет шешімі дұрыс емес, жануарлар дүниесіне аңшылардың еш қиянаты жоқ,»-деп қаптаған аңшылық мақсаттағы шаруашылықтар ашық хат жазып, өре түрегелуде.
Эколог Сәдібек Түгелдің мәліметінше,заңсыз аң аулаушылар
«Қызыл кітапқа» енген аң-құсты аулау кезінде олардың арнайы кітапқа енгенін, ерекше қорғауда екенін біле тұра, табиғатқа залал келтіруге тырысады.
Экологтің пікірінше, біз «Қызыл кітапқа» енген жан- жануарларға, құстар мен өсімдіктерге жеткілікті дәрежеде қамқор болып отырғанымыз жоқ. Броконьерлер оларды қалауынша атып, жасырып сатып, бас пайдасына жаратып жатыр. Жалпы, елімізде табиғатқа жанашырлық өте төмен деңгейде. Табиғаттың қай байлығы болмасын, аяусыз тоналып жатыр. Негізі, «түлкінің құйрығы өзінің соры» дегендей, «Қызыл кітапқа» енген қайбір аң болмасын, өзінің бір артықшылығымен адамзаттың көзіне түскен деуге болады. Мәселен, киіктің немесе бұғының мүйізі қымбат бағаланғандықтан, оны әдетте, броконьерлер шетелге өткізуге әуес. Сондықтан мүйізі үшін атып өлтіріп, мүйізін кесіп алып, ал денесін далаға тастап кете баратындар жетерлік.
Неге халықаралық деңгейдегі қорғалып жатқан аң-құс, өсімдіктер біреулердің жеке мақсаты үшін жойылуы керек?! Сондықтан тез арада табиғатты қорғауға қатысты, жазасы күшейтілген, әсіресе,«Қызыл кітапқа» енген аң-құсты жойғаны үшін залалының орнын бірнеше есе көбейтіп қайтаратындай жаза қарастырмасақ, «Қызыл кітапты» ғана құшақтап қалуымыз әбден мүмкін. (251 сөз)




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет