Кәсіпорын түсінігі. Кәсіпорын жарғысы, құқығы, міндеттері, жауапкершілігі, қызметінің құқықтық негіздері



бет1/3
Дата11.10.2022
өлшемі27,48 Kb.
#42311
  1   2   3
Байланысты:
Кәсіпорын түсінігі


Кәсіпорын түсінігі. Кәсіпорын жарғысы, құқығы, міндеттері, жауапкершілігі, қызметінің құқықтық негіздері.
Кез келген экономиканың негізін жұмыс орындары құрайды. Жұмыс орындарында өнім өндіріледі немесе өндірістік қызмет түрлері көрсетіледі. Атап айтқанда, кәсіпорында өнім өндіріледі, жұмыстар жасалады, қызмет көрсетіледі, яғни тұтынудың негізі жасалып, ұлттық байлық көбейтіледі. Ұлттық экономиканың барлық кезеңдерiндегi негiзгi буыны кәсiпорын болып табылады. Осы кәсiпорында өнiм өндiрiледi, жұмыскер өндiрiс құрал-жабдықтарымен тығыз байланыста болады.
Кәсiпорын деп пайда алу және оны көбейту мақсатында бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтердi өндiрумен, оны өткiзумен айналысатын заңды түрде құрылған дербес шаруашылық субъект немесе заңды тұлғаларды айтады.
Өндірістік кәсіпорын – тұтынушыларға қажетті өнімді, тауарды дайындауға қабілетті кәсіби ұйымдастырылған еңбек ұжымы бар мамандандырылған ұйым.
Кәсіпорынның басты мақсаты барынша жоғары пайда алу және жоғары пайдалылыққа жету және жұмыс орындарын құырып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту. Осы мақсаттарға жету үшін кәсіпорын алдына төмендегідей бірқатар міндеттер қойылады:

  • тұтынушының сұранысына сай және қолда бар өндірістік мүмкіндіктерді пайдалана отырып жоғары сапалы өнім шығырып, қызмет көрсету және оны жүйелі түрде жаңартып отыру;

  • иелігіндегі өндірістік ресурстарды ұтымды пайдалану;

  • кәсіпорынның стратегиясы мен тактикасын жасау және жағдайлардың өзгеруіне қарай өзгерістер енгізу;

  • өндіріске, еңбекті ұйымдастыруға және басқаруға алдыңғы қатарлы жаңалықтарды, инновацияны енгізіп отыру;

  • өзінің жұмыскерлерінің жағдайын жасау, олардың біліктілігін арттыру, еңбек ұжымындағы әлеуметтік-психологиялық ахуалды жоғары деңгейде ұстау.

Өнеркәсіптік кәсіпорынның атқаратын қызметтері мыналар:

  • - өндірісте және жекеше тұтынылатын өнім шығару;

  • - тұтынушыға өнімді жеткізу және сату;

  • - өнімді сатып болғаннан кейін қызмет атқару,

  • - кәсіпорындардағы өндірісті материалдық-техникалық жабдықтау;

  • - кәсіпорын жұмысшыларының еңбегін ұйымдастыру және басқару;

  • - кәсіпорындағы өндіріс көлемін жан-жақты дамытып, ұлғайту;

  • - кәсіпкерлік қызмет;

  • - салықтарды төлеу, мемлекеттік бюджеттің және басқа да қаржы ұйымдарының міндетті және міндетті емес төлемдерін орындау;

  • - мемлекеттік заңдарды, нормативтер мен стандарттарды орындау.

Кәсіпорынның жіктелуі , сыртқы және ішкі ортасы


Салалық сипаты, меншік формасы, өндіріс көлеміне тәуелсіз кез- келген мекеме өзін- өзі қаржыландыру, коммерциялық есептесу шарттарында жұмыс жасайды. Кәсіпорын жетекшісі өз бетімен өнімді тұтынушылармен келісімдер жасап, қажет өндірістік ресурстардың жеткізушілерімен есеп-айырысулар бекітеді. Салааралық белгісіне қарай кәсіпорындар жіктеледі:
1) жоғары мамандандырылған;
2) көпсалалы;
3) біріктірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет