Жазу типтері мен түрлеріне қатысты терминдер Пиктографиялықжазу – суретке негізделген жазу.
Идеографиялықжазу дегеніміз - идеограмма немесе идеяны білдіретін символдарды қолдану арқылы тілдің көрінісін құрайтын жазу түрі.
Иероглиф — идеографиялық жазудың таңбасы.
Пиктограммалар бір идеяны немесе мағынаны білдірсе, оларды идеограмма деп атайды.
Сөзді білдіретіндерді логограмма деп атайды.
Фонограмма- дыбыс белгілейтін әріптер, кескіндер жекелеген дыбыстарды таңбалайды.
Силлабограмма - жазуда толық буынды білдіретін графема.
Финикий жазуының ерекшеліктері мен одан тараған алфавит түрлері Финикий жазуының ерекшеліктері: Ең алғашқы əрíп жазуы — финикий жазуы. Мұнда 22 таңба болған. Əрқайсысы жеке дыбысты таңбалаған. Ерекшелігі- бұл жазу оңнан солға жазылды. Финикий жазуы шығу тегі жағынан иероглифтік буындық жазу болуы да мүмкін. Пайда болған уақытын ғалымдар б.з.д. XV ғ. дейді. Алайда осы жазумен жазылған кейбір ежелгі ескерткіштердің уақыты б.з.д. XVIII ғ. көрсетеді. Тағы бір ерекшелігі бұл жазу əуел баста таза дауыссыз дыбыстардан тұрды. Бұған семит тобына жататын тілдердің жазуы жатады: қазір қолданылмайтын финикий, ең көне еврей жазуы, арамей, оңтүстік араб жазуы т.б.