Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.
Байлық - _________________________________________________________
Отбасы - _________________________________________________________
Ұлан-ғайыр - ______________________________________________________
Мәлімет - _________________________________________________________
Баршамызға - ______________________________________________________
2-тапсырма.Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз.
Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.
Мысалы: Тәуелсіздік — тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.
Тәңірдің___________________________________________________________
Жауабы: Тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы – тәуелсіздік.
1. 1991 жылғы 16—желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды.
«Қазақстан...» ________________________________________________ _____
2. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.
Тәуелсіздіктің ______________________________________________________
3.Тәуелсіздік—біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.
Біздің _____________________________________________________________
4. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы тәуелсіздіктен бастау алады.
Дәл____________________________________________________________
5. Дүниеге жаңа мемлекет—Тәуелсіз Қазақстан Республикасы, дербес қазақ елі келді.
Тәуелсіз _________________________________________________________
6. Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол.
Біздің ___________________________________________________________
7. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін.
Туған_____________________________________________________________
8. Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады.
Ең алғаш _________________________________________________________
9. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй—тәй басты.
ҚАЗАҚСТАН ______________________________________________________
10. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.
Дипломатиялық ____________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |