1-тарау. ҚАзақстанда жер қатынастарын реформалау жер меншігі және жерді пайдалану


Жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттік Төрағасы



бет27/29
Дата05.12.2023
өлшемі2,93 Mb.
#134387
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

Жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттік Төрағасы


Бірінші орынбасары

Геодезия, картография, геоақпараттық жүйелер жөніндегі төраға орынбасары

Қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімі (5 адам)

Геодезия, картография, геоақпараттар жүйесі бөлімі (5 адам)

Жерге орналастыру және жер кадастры басқармасының бастығы


Жерге орна-ластыру бөлімі (5 адам)

Жер кадастры және мониторинг бөлімі (5 адам)

Жерді пайдалану және қорғауды мемлкеттік бақылау (мемлекет-тік жер инспекциясы)
(5 адам)

Заң бөлімі, кадрлық қызмет


(4 адам)

Әкімшілік-шаруашылық бөлімі (7 адам)

9-сур. ҚР жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттік орталық аппаратының ұйымдастыру құрылымы


Қойылған міндеттер мен қызметтерді орындау үшін Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттігінің өз орталық аппараты бар, оның құрылымы келесідей түрде қалыптасқан. Агенттіктің орталық аппаратына төраға, екі орынбасары, оның біреуі – бірінші орынбасар, құрамы үш бөлімнен тұратын жерге орналастыру және жер кадастры басқармасының бастығы, сондай-ақ геодезия және геоақпараттар жүйесі бөлімі, заң бөлімі мен тиісті төраға орынбасарына бағынатын әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетуші персонал кіреді ( -сур.).


Жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық комитеттің Төрағасы


Төраға орынбасары

Облыстық мемлекеттік жер инспекциясы бастығы

Жерге орналастыру және жер кадастры бөлімі (3-4 адам)

Облыстық жер инспекциясы
(4-5 адам)

Бухгалтерлік қызмет, әкімшілік-қызмет көрсетуші персонал
(4-5 адам)

Жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық комитеттің аудандық (қалалық) өкілдігі бастығы

Өкілдік мамандары
(2-3 адам)

Жер инспекциясы
(2-3 адам)

10-сур. Жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттіктің аумақтық (облыстық, аудандық, қалалық) аппараттарының ұйымдастыру құрылымы

Қазіргі уақытта жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдардағы құрылымдар мен аппарат келесі түрде құрылған (-сур.). Облыстық комитетті төраға басқарады, оның екі орынбасары болады, олар – бірінші орынбасар және облыстық мемлекеттік жер инспекциясының бастығы, оған тиісті бөлімдер бағынады, сонымен қатар әкімшілік-қызмет көрсету персоналы мен бухгалтерлік қызметі болады. Аудандар мен қалалардағы облыстық бағынудағы, бұрын ұйымдастырылған комитеттер қазіргі уақытта аудандық (қалалық) өкілдіктерге қайта құрылған, оны өкілдік мамандары мен жер инспекциясының инспекторы бағынатын өкілдік бастығы басқарады.


Көріп отырғанымыздай, аумақтық органдар аппараттарындағы мамандар саны көп емес, ал жұмыс көлемі жыл сайын ұлғаюда. Сондықтан жер кадастрын жүргізу, жерге орналастыру, жер мониторингі бойынша жұмыстардың негізгі бөлігін облыстық деңгейде Мемжерғылөнорталығының еншілес мемлекеттік кәсіпорындары (ЕМК) орындаса, аудандық (қалалық) деңгейде тікелей жерге орналастыру-кадастрлық жұмыстардың орындалуын Мемжерғылөнорталығы облыстық ЕМК-ның құрылып жатырған филиалдары мен бюролары қамтамасыз ете алады, олар негізінен мемлекеттік және мемлекеттік емес тапсырыс берушілердің қаражаты есебіне шаруашылық есепте жұмыс істейді. Оларды компьютерлік техникамен, оргтехникамен және электронды геодезиялық құралдармен қамтамасыз ету қойылған міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. Мысалы, Алматы облысындағы Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарында кадастрлық филиалдар табысты жұмыс істеуде.
ҚР жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттіктің аумақтық органдар жүйесінің жұмысын талдау кадрлық қамтамасыз етуде кемістіктердің бар екендігін көрсетті, мысалы көптеген төменгі деңгейлерде, бұл ауадандық, поселкелік және ауылдық органдар - өкілдіктер мен инспекцияларда, негізінен арнайы базалық білімі жоқ, бұрын жерге орналастыру, кадастр және жер ресурстарын басқаруға ешқандай қатысы жоқ көптеген органдар мен ұйымдарда қызмет істеген мамандар жұмыс істейді.
Тіпті облыстық және қалалық деңгейде, мысалы Алматы облыстық мемлекеттік жер инспекциясында мал дәрігерлері, зоотехниктер, құрылысшылар жұмыс істейді және жақында дайындай бастаған инженер-кадастровикті айтпағанда, бір инженер-жерге орналастырушы жоқ, Алматы қ. жер инспекциясындағы 7 адамның біреуінің ғана базалық білімі бар, бұрын қалалық жерге орналастыру комитетінде жұмыс істеген. Ал осы мамандықтар бойынша жоғары оқу орнын бітірушілер жұмыс болмағандықтан мамандығы бойынша жұмыс істемейді.
ҚР жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттік жүйесінде мамандардың кәсіби біліктілігін көтеру және оларды қазіргі заманғы негізде қайта дайындау өніндегі жұмыстар қажетті деңгейде қойылмаған, біліктілікті көтерудің арнайы пункттері, орталықтары, тұрақты түрде қызмет ететін институттары мен курстары, яғни жүйесі жоқ.
Мысалы, Ресей Федерациясында Мемлекеттік жерге орналастыру комитеті жүйесінің 2300 жуық аудандық (қалалық) комитеті бар, 10 жыл ішінде комитеттердің барлық төрағалары қайта дайындықтан өткен, олардың үлкен бөлігі Англия, Австралия, Швецияда сынақ ісінен (стажировкадан) өткен, 2000 жылдың өзінде Ресей жер кадастрының (Росземкадастр) мәліметі бойынша 6,5 мың маман қайта дайындықтан өтіп, 1250 көп комитет қазіргі заманғы бағдарлау-техникалық кешендермен жабдықталған. Жерге орналастыру, геодезия, жер кадастры, картография саласында мамандар дайындайтын жоғарғы және орта оқу орындарына үлкен қаржы бөлінуде, мысалы бұл мақсаттар үшін Федералды бағдарламада 380,0 млн. рубль, НИОКР – 10 млн. рубль бөлу қарастырылған, ал кадастрлық жұмыстарды жерге орналастыру, картографиялық және геодезиялық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарға 2000 жылы барлығы 2082 млн. рубльге жуық бөлінген.
Жер қатынастарын мемлекеттік басқару және реттеу мақсатында келесі ұйымдастыру жұмыстарын: жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттіктің аумақтық органдарының материалды-техникалық базасын, оларға мемлекеттік басқарудың негізгі қызметтері: жерді қорғау мен пайдалануды мемлекеттік бақылау, жерге орналастыруды ұйымдастыру, тұтас Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді сақтай отырып, бекіту; барлық облыстарда, қалалар мен аудандарда мекемелер – кадастрлық филиалдар (бюролар) құру және оларға Агенттіктің аумақтық органдарының басқару қызметтерін, жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды жүргізу кезіндегі қызмет көрсетулер бойынша жұмыстарды, сондай-ақ мемлекеттік және өзге де мұқтаждықтар үшін жерді бағалау жөніндегі қызметтерді беру қажет.
Кадастрлық бюроларды құруды Мемжерғылөнорталығы жүйесінің кәсіпорындары мен жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттіктің ведомстволық қарасты өзге де ұйымдарының базасын пайдалана отырып жүргізу; кадастрлық бюроларды қаржыландыруды тиісті бюджет қаражаты, сондай-ақ заңды тұлғалар мен атқарлыған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін азаматтардан түсетін қаржы есебінен іске асыру қажет.
ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігінің жер мелиорациясы, ауылдық жерлерде жерді қайта құру жұмыстарын жүргізудің республикалық және облыстық бағдарламаларын дайындау, сараптау және жүзеге асыру, ауыл шаруашылығына арналған жерді ұтымды пайдалануды ұйымдастырудағы республиканың атқару органдарына көмек көрсету саласындағы ролін арттыру қажет.
Заң Министрлігі жылжымайтын объект ретіндегі жерге құқықты тіркеу бойынша жұмыстар жүргізеді. Қаржы Министрлігі жер пайдалануды дамытудағы бағдарламаларға сараптама жүргізуге, реформа бойынша жұмыстарға тапсырыс беріп, оны қаржыландыруы, жерге салынатын салықты дамытуы және жер пайдаланушылардың салықты, ал жалға алушылардың жалға алу төлемақысын төлеуін бақылауы қажет. Экология және биоресрстар Министрлігі жер пайдалану субъектілерінің тозған және бүлінген жерлерді қалпына келтіру жұмыстарына, орман алаптарының, қорғалатын табиғи аумақ жерінің сақталуына бақылау жасауы тиіс.
Жер ресурстарын дамытудың құқықтық қамтамасыздығы: жерге және өзге де жылжымайтын мүлікке меншік қатынастарын реттейтін заңның дамуын; азаматтардың жерге окнституциялық құқығының кепілдемесін құруды; жерді тиімді басқарудың құқықтық тетігін құруды, нарықтық инфрақұрылым құруды қарастыратын заң актілерін қабыладуды; жер мен өзге де жылжымайтын мүлік нарығын реттейтін заңдарды дамытуды; ауыл шаруашылық және ауыл шаруашылық емес салалардағы жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды құқықтық қамтамасыз етуді қарастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет