1-тарау. Жалпы ережелер «Жаратылыстану» оқу пәнінің оқу бағдарламасы


Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен



бет2/12
Дата19.09.2023
өлшемі48,92 Kb.
#108767
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
5. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты басты құндылықтарын білім алушы бойына сіңіруге негіз болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты бағдары болады.
2-тарау. «Жаратылыстану» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


1-параграф. «Жаратылыстану» оқу пәнінің мазмұны

6. «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 35 сағат;
2) 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 36 сағат;
3) 3-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 72 сағат;
4) 4-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 72 сағат.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
7. «Жаратылыстану» оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден құралады:
1) «Мен зерттеушімін»: қоршаған орта құбылыстарын бақылау; бақылау кезеңдері; эксперимент;
2) «Жанды табиғат»: жанды ағзалар; өсімдіктер және олардың алуантүрлілігі, ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер; өсімдіктің негізгі бөліктері: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым; жабайы және мәдени өсімдіктер; мәдени өсімдіктерді күту (суару, қоректендіру, топыраққа күтім жасау); өсімдіктің тіршілігіне қажетті жағдайлар (су, жарық, жылу, қоректік заттар); жануарлар, жабайы және үй жануарлары, үй жануарларын күту, үй жануарларының келтіретін пайдасы, жануарлардың жыл мезгілдерінің ауысуына бейімделуі: жылы жаққа ұшу, қысқа азық жинау, ұйқыға кету; адам, адамның дене мүшелері, адамның өмірінің кезеңдері, тамақтану, демалу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет