1-тарау. Жалпы ережелер «Жаратылыстану» оқу пәнінің оқу бағдарламасы


-параграф. Оқу мақсаттарының жүйесі



бет7/12
Дата19.09.2023
өлшемі48,92 Kb.
#108767
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Үлгілік оқу бағдарламасы жаратылыстану 2022-2023

2-параграф. Оқу мақсаттарының жүйесі


11. Бағдарламада оқу мақсаттары кодтық белгімен белгіленген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлім және бөлімшенің ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. 1.2.1.1 кодында: «1» – сынып, «2.1» – бөлім мен бөлімше, «1» – оқу мақсатының реттік нөмірі.
12. Оқу мақсаттарының жүйесі:

Бөлімше

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

1) «Мен зерттеушімін»

1.1 Ғылым мен зерттеушілер
дің рөлі

1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, процестері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

2.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, үрдерістері мен нысандарын зерделеуге қажетті жағдайларды және зерттеушінің тұлғалық қасиеттерін анықтау

3.1.1.1 маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу

4.1.1.1 зерттеудің өзекті бағытын өз пайымдауы негізінде анықтау

1.2 Табиғатты тану әдістері

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;
1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру

2.1.2.1 «ақпарат көзі» ұғымын және оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру;
2.1.2.2 бақылаудың басты белгілерін анықтау (мақсат, нысан, жоспар, мерзім, нәтиже);
2.1.2.3 бақылау нәтижелерін шартты белгілердің көмегімен белгілей білу;
2.1.2.4 бақылау жүргізудің жоспарын құру;
2.1.2.5 құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау;
2.1.2.6 эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурстар, жоспар, мерзім, нәтиже);
2.1.2.7 эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау;
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу;
3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау

4.1.2.1 зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
4.1.2.2 алынған нәтижені білім алушы таңдаған формада ұсыну



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет